7
|
Дайын өнімді шығарудағы бақылау
Жобалау сатысында әзірленген және келісілген ұйымдастыру, инженерлік және техникалық іс-шаралар технологияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар өндірісті (дайындауды) ұйымдастыру сатысында, сондай-ақ өндірістік циклдің барлық сатыларында: ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, өткізу кезінде, сондай-ақ астық пен картопты қайта өңдеудің жанама өнімдерін, түзілетін қалдықтар мен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді пайдалану, қайта өңдеу немесе кәдеге жарату кезінде жүзеге асырылады және бақыланады.
Шикізат қабылдаудың, сақтаудың, дайындаудың және қайта өңдеудің әрі ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін сақтаудың барлық процестері, объектілердің қуатына қарамастан, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың тазалығы және ластану мен бүлінуден, олардың арасына көлденең нәрселер мен заттардың түсіп кетуінен қорғалуы жағдайында жүргізілуге тиіс.
Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде магниттік тосқауылдар сепараторлардың, тазартқыш, ысқышты, жуу машиналарының, триерлердің, үдемелі ылғалдандыру шнектерінің және дәнді сулап қауызынан айыруға арналған машиналардың, көлем мөлшерлегіштердің, білікті станоктардың, ұсатқыштардың, түйгіш, дән бастыру, жылтыратқыш, қауыздағыш машиналардың, энтолейторлардың және соққымен әрекет ететін басқа да машиналардың алдында, сондай-ақ дайын өнімдер мен жем-шөптік астық өнімдерінің бақылауында орнатылуға тиіс.
Үй-жайларды, жабдықтарды, мүкәммалды, ыдыстарды, көлік құралдарын жуу мен дезинфекциялау осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін өнім өндіру (дайындау) мен оның айналымын қамтамасыз етуге және дайын өнімнің екінші қайтара ластану мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
Жуу мен дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген жуғыш және дезинфекциялаушы құралдар пайдаланылады.
Дезинсекциялау, газдандыру, дегазациялау, дератизациялау, улы еліктіргіш жемді дайындау, улы заттарды тасымалдау, қабылдау, сақтау және қолға беру, улы химикаттармен ластанған жеке қорғаныш құралдарын, дезинсекциялау машиналарын, көлік құралдарын, ыдыстарды, улы химикаттар төгілген жерлерді зарарсыздандыру, сондай-ақ жарамсыз болып қалған улы заттарды жою жөніндегі барлық жұмыстар бұл жұмыстарды жүргізуге берілетін тиісті лицензия бар болған кезде Қазақстан Республикасындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісілген салада қолданыстағы арнаулы нұсқаулықтарға, әдістемелік нұсқаулар мен ережелерге қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға тиіс.
|
20.06.2018
|
22.06.2018
|