Бағдарламасы бойынша күнделікті жасалған жұмыстардың атауы


Кәсіпорында санитарлық – техникалық тәртіптің қадағалануы



бет5/10
Дата05.08.2020
өлшемі272,98 Kb.
#76055
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОТчет Жанар 2018
тіл эссе, ОШ СОр Физика 7кл каз , ОШ СОр Физика 7кл каз , ФГСН 4- Казак- тілі(1) (3)
Кәсіпорында санитарлық – техникалық тәртіптің қадағалануы

Өндірістік объектілерді орналастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:

Өндірістік объектілер (әрі қарай - объектілер) белгіленген тәртіпте бекітілген аудандық жоспардың жобасы мен қаланың (елді мекеннің) бас жоспарына сәйкес жобалануы керек.

Объектілерді салу жобалары:

1) өндірісте зиянды немесе зияндылығы аз заттарды қолдануды;

2) зиянды өндірістік факторлардың интенсивтілігін, сонымен бірге шығаратын зиянды заттардың және қалдықтардың көлемін жоятын немесе барынша көп төмендететін технологияны және жабдықтарды қолдануды;

3) өндірістік және қоршаған ортаның гигиеналық нормаларының талаптарын қамтамасыз ететін кешенін қарастыруы керек.

Өндірістік объектілердің алаңдары селитебтік және рекреациялық территорияға қатысты желдің ық жағына орналасуы керек.

Адамның денсаулығы мен мекен-жайына негативті әсер ету көзі болып табылатын технологиялық процесімен объектілердің кәсіпорнының толық жобалық қуаттылығымен анықталатын санитарлық-қорғау зонасы болуы керек.

СҚЗ-ның өлшемі осы санитарлық ережелердің 1-ші қосымшасында келісілген өндірістік объектілердің жіктелуіне сәйкес қабылдануы керек.

Жалпы өндірістік алаңда орналасқан объектілердің топтары үшін шығатын зиянды заттың қосындысын және барлық физикалық әсер ету көздерін, әрекеттегі объектілердің табиғи бақылауының жылдық циклының нәтижелерін ескере отырып, біртұтас СҚЗ-ы белгіленуі керек.

Санитарлық-қорғау зонасы:

1) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген бағдарлама бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейіне үлгі жасаумен және күші бар стандарттарға сәйкес объектіден шығатын зиянды заттарды есептеу негізінде бекітіледі. Румбалар бойынша (әрі қарай - р) желдің басым бағытының жиілігін ескере отырып, үлгі жасау нәтижелері бойынша СҚЗ-ның кеңдігін түзету кезінде р<12,5% болса, бағыт бойынша ластану зонасын қысқартуға рұқсат етілмейді;

2) Әрекеттегі, салынып жатқан және салынуға белгіленген өндірістік объектілерден шығатын зиянды заттардың биологиялық әсерінің қосындысы әсерін, сонымен бірге осы заттардың трансформациялануының зиянды өнімін ескере отырып, концентрациясының мүмкіндік шегіне (әрі қарай - КМШ) салыстырмалы түрде атмосфералық ауаның ластану деңгейіне үлгі жасау;

3) физикалық факторлардың мүмкін әсер ету деңгейін есептеу;

4) жобаланатын, салынатын және әрекеттегі объектілердің әлемдік және отандық аналогтарын сараптау;

5) арнайы лабораториялық және аспаптық тексеру нәтижелері негізінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана белгіленген тәртіпте бекітіледі;

СҚЗ-на алынған жерлерді ауылшаруашылығы объектілері (ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру, мал жайылымы және пішен шабу) үшін пайдалану мүмкіндігі, өндірістен шығатын зиянды заттардың мөлшері мен сипатын ескере отырып анықталуы керек.

Объектілердің жобаларымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргізу үшін территорияны меңгеру және жайластыру жобалары мен шаруашылық ауыз суы көздерін санитарлық қорғау зоналары көрсетілуі керек.

СҚЗ-ның жайластыруын жобалауда көшеттерді сақтап қалу қарастырылуы керек. Селитебті территория жағынан кеңдігі 50 метрден (әрі қарай - м.) кем емес, ал 100 м-ге дейінгі кеңдікте - 20 м-ден кем емес ағаш-бұталы өсімдік көшетінің алқабы орналасуы керек.

Вентиляция және кондиционерлеу жүйелерімен ауаны ұйымдастырып және ұйымдастырмай алатын жерлеріндегі объектінің алаңында жекелеген ғимараттар мен имараттар, өндірістік бөлмелердің жұмыс зонасы үшін сыртқы ауадағы зиянды заттардың мөлшері КМШ-нен 30%-тен аспайтындай етіп орналасуы керек.

Өндірістік объектінің территориясында функционалдық зоналар: өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, транспорттық-қоймалық және қосалқы объектілер бөлінуі керек. Шектес өндірістік ғимараттардан туындайтын, циркуляциялық зонаның енінен кем емес кеңдіктегі ажыраумен зиянды заттарды пайдаланатын объектілердегі әкімшілік-шаруашылық және қосалқы зоналары өндірістік және транспорттық-қоймалық зоналардан бөлінуі керек.

Зиянды заттарды пайдаланғандағы технологиялық жабдықтардың ашық алаңдары мен ғимараттардың ұзын осьтері желдің басым бағытына параллельді болуы керек.

Жолдан және құрылыстан бос объектінің территориясы жайластырылуы және көгалдандырылауы қажет.

Жобаланатын және әрекеттегі объектілердің осы санитарлық ережелердің 1-ші қосымшасында белгіленген СҚЗ-ның өлшемдері төмендегі жағдайларда ұлғайтылуы мүмкін:

1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 ж. 18-ші тамызындағы N 629-шы бұйрығымен бекітілген, нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік реестрінде 3076 нөмірімен тіркелген "Атмосфералық ауаны қорғауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларына (әрі қарай СанЕмН) сәйкес селитебті территорияның атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың мөлшерін қамтамасыз етпейтін, ескірген технологиялық жабдықтардың болуы;

2) газды, шаңды ұстайтын жабдықтардың тиімділігінің төмендігі және гигиеналық нормативтерге дейін атмосфералық ауаның ластауыштарын төмендетудің техникалық шешімдерінің болмауы;

3) селитебтік және өндірістік территориялардың желдің басым бағытына қолайсыз орналасуы;

4) техникалық құралдармен ластану деңгейін төмендету мүмкіндігі болмағанда СҚЗ-ның шекарасынан тыс жерде, атмосферадағы химиялық заттардың мөлшерінің КМШ-нен және шудың, дірілдің, радиожиіліктегі электромагниттік толқынның және басқа зиянды физикалық факторлардың деңгейінің мүмкіндік шегінен (әрі қарай ДМД) асуы.

Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіруге (дайындау) арналған өндірістік және қойма үй-жайлары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Өндірістік үй-жайлар:

1) тамақ өнімдерінің ластану қатері жоғары деңгейдегі экологиялық ластанған аудандар мен өнеркәсіптік өндірістерден;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган талаптарына сәйкес қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілмеген болса, су тасқынына ұшырап отыратын аудандардан;

3) паразиттермен зақымдануға бейім аудандардан;

4) қатты және сұйық қалдықтарды тиімді кәдеге жарату мүмкіндігі жоқ аудандардан аулақ жерде орын тебуге тиіс.

Кәсіпорындарда өндірістік цехтардың, учаскелердің, бөлімшелердің, қосалқы, қойма үй-жайларының жоспары технологиялық процестердің бірізділігіне, шикізаттың, дайындалатын өнімнің қауіпсіздігіне, жинап-тазалаудың, жуу мен дезинфекциялаудың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Өндірістік үй-жайларда технологиялық жабдықтарды орналастыру шикізат пен дайын өнімнің бір-бірімен қиғаш өтетін ағындарын болдырмауға тиіс.

Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындардың өндірістік үй-жайларының жұмыс аймағындағы ауа ортасының санитарлық-эпидемиологиялық шарттары Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы талаптарына жауап беруге тиіс.

Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайларда табиғи, мәжбүрлі және аралас желдеткіштер болуға тиіс.

Дайын өнімді қаптарға жөңкітуге және пакеттерге бөліп салуға арналған үй-жайлар басқа өндірістік және қойма үй-жайларынан оқшаулатылуға тиіс.

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін сақтауға арналған қойма үй-жайлары мен ыдыстар атмосфералық және жерасты суларынан оқшаулатылуға тиіс.



13.06.2018

14.06.2018






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет