Бағдарламасы бойынша күнделікті жасалған жұмыстардың атауы


Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері мен экономикалық мәселелер анализі



бет9/10
Дата05.08.2020
өлшемі272,98 Kb.
#76055
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОТчет Жанар 2018
тіл эссе, ОШ СОр Физика 7кл каз , ОШ СОр Физика 7кл каз , ФГСН 4- Казак- тілі(1) (3)
8

Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері мен экономикалық мәселелер анализі

Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті – машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-техникалдық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.



25.06.2018

27.06.2018






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет