Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет238/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет 
ресурстар


111
Қызығушылық ояту 
0–3 минут
(Ұ, Ө) 
Тұрмыстық заттар мен киіз үй бұйымдарын
әшекейлеуге пайдаланылатын қазақтың дәстүрлі ою- 
өрнектерін қарастырыңдар.
Еркін бағытпен қол ұстасып «ҰОҚ-далған ине-жіп» бо-
лып тізбектеліп жүру, қозғалыс арқылы ою-өрнекті бейне-
леуге тырысу.
Педагог таңдаған бала «ине» болып сапты бастап
қозғалысты жалғастырады.
Кең, бос кеңістік. 
Негізгі бөлім
4–12
 (Ұ, Ө)
Балалар биік баскиім/тымақ киген секілді 
бастарын тік ұстап, аяқкиімсіз залмен жүреді және оны 
бастан құлатып алған сияқты бейнелейді. 
«Өзіңді Қазақстан тұрғыны екеніңді және ұлттық киім 
кигеніңді мақтан тұтасың. Әдемі бас киімді мақтан тұтып 
асқақтай басып жүресіңдер».
Балаларға Қазақстанның кең байтақ жеріне саяхат
жасауды ұсыныңыз.
Ұлттық би элементтері бар ырғақты гимнастика. 
13–27
(Ұ, Ө, ПК)
Балалар желмен тербетілген шөптердің қимылын келтір-
сін.
«Балалар тізерлеп отырады да, далада жел тербеткендей 
екі қолдарын оңға, солға бұлғайды. Одан кейін қаттырақ 
тербеледі. Орындарынан тұрғанша қолдарын қимылда-
тады. Жан-жаққа тербетіле отырып денені қозғалтады».
(Ұ, Ө, ПК)
Балалар далада бүркіттің әртүрлі бағытта 
самғап ұшқанын қимылмен көрсетеді. Балалармен осы 
тапсырмаға байланысты негізгі қауіпсіздік аспектіле-
рі талқыланады (мәселен, секіруден бұрын және жерге 
түскен кезде тізені бүгу; басты көтеріңкі ұстау; бос орын 
іздеу; басқа балалардың қатысуы туралы білу). 
(Ұ, Ө, ПК)
Жартылай шөл даланы мекендейтіндерді 
еске түсіріңдер. Дененің түрлі бөліктерін және бастапқы 
қалыпты пайдалана отырып шөл даламен жүріп өту.
Тура және жанымен домалау (ен далада шеңгел дома-
лағандай). Нұсқау – жүрелей отырып тізені барынша бүгіп 
артқа домалау, қайтадан алдыға домалау.
Жанымен аунау – алдыға және артқа аунау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет