109
Аяқтың ұшымен және өкшемен жүгіруді алмастыра орын-
дау. Нұсқау – жүгіру кезінде аяқты ұшымен қою,
өкшемен
жүргенде аяқты тіктеп ұстау керек. Қозғалысқа сәйкес қол
қимылын ауыстыруға назар аударылады – аяқтың ұшымен
жүгіру –
қолды белге таяну, өкшемен жүгіру – қолды алдыға
тік жазу.
Негізгі бөлім
4–12
13–27
«Зымырандармен» бір ғаламшардан екінші ғаламшарға
жету (көздерін жұмып,
бес баладан қатар сапқа тұрып, залда
шеңбер бойымен түрлі бағытта жүру). Тапсырма орындаған
кезде
кеңістік пен ресурстарды бөлу, жарақатты болдырмау
үшін сақтық шараларын қабылдау ескертіледі.
«Кім зейінді?» ойын жаттығуы
Ғарышкерлер зымырандағы
өз орнын жақсы есте сақтауы
үшін зейінді тексеру. Балалар бастаушының соңынан қатарға
тұрады. Педагогтің белгісі бойынша көздерін жұмады. Ойын
бастаушылар педагог нұсқаған жерге барып тұрады да, жа-
лау көтереді. Балалар өз командирін
тез тауып зымыраннан
орын алуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: