Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


Мақсаты:  қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілігінің дамуы, қимыл-қозғалыс  мәдениетін меңгеру. Міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру
ақпан циклограмма, ақпан циклограмма, камила портфолио, Серуен карточкасы 4 жыл мезгили-1
Мақсаты: 
қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілігінің дамуы, қимыл-қозғалыс 
мәдениетін меңгеру.
Міндеттері:
– балалар денсаулығын нығайту, организмді шынықтыру;
– балалардың денелік сапа көрсеткіштерін дамыту;
– күнделікті қимыл іс-әрекетіне деген қажеттілікті қалыптастыра отырып, дербес қимыл 
белсенділігін дамыту;
– балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни 
ойлауын дамытуға мүмкіндік беру. 
«Дене шынықтыру» ҰОҚ-ның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу 
бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын 
көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары 
педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың 
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім 
Қосымша бөлім
1
Денсаулық және дене бітімі
1.1. Денсаулықты нығайту
1.2. Дене бітімін жетілдіру
2
Қозғала білу және сенімділік
2.1. Қозғалыс
2.2. Дене күшінің сапасы
3
Ынтымақтастық және басқару
3.1. Топпен жұмыс
3.2. Дене шынықтырудағы техника мен тактика 
4
Шығармашылық қабілет
4.1. Ойындағы шығармашылық қабілет
Дене шынықтыру баланың физикалық дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, тұлғалық 
қасиеттері мен рухани дамуына ықпал етеді.
Педагог баланың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның 
мүмкіндіктеріне сүйене отырып, қимыл әрекеттерді үйрету барысында оның алдына біртіндеп 
жаңа қимыл тапсырмалар қояды.
Жаңаны меңгеру балалардан белгілі бір физикалық және психикалық күш-жігерді, 
қиындықты жеңе білуді, жинақылықты, мұқияттылықты, ой нақтылығы мен белсенділігін
зейінді дамытуды талап етеді: эмоционалдық, егер оқыту үрдісі қызығушылық туғызса және 


4
балалардың көңіл күйіне оң әсер беретін болса; бейнелі – қимыл-қозғалыстың көрнекі үлгісін 
қабылдау және жаттығу орындау кезінде; сөз-логикалық – тапсырманы ұғыну және жаттығудың 
барлық элементтерінің орындалу ретін, қимыл ойында мазмұны мен әрекетті есте сақтау 
және оларды өздігінен орындау кезінде; қимыл-қозғалыс – жаттығуды Балалардың өзінің 
практикалық орындауына байланысты; ерікті, онсыз жаттығуды түйсіне, өздігінен орындау 
мүмкін емес. Физикалық әлеуетті дамыту әлеуметтік құзыреттіліктің дамуымен, баланың 
адамгершілік сана-сезімінің қалыптасуымен, оның толеранттылық, кеңпейілділік және өзара 
көмек көрсету, мақсатқа ұмтылу, адалдық секілді адамгершілік қасиеттерінің дамуымен тығыз 
байланысты.
Қозғалысты үйрету барысында баланың ойлау қабілеті, адамгершілік және талғамдық 
сезімі дамиды, өз әрекетіне саналы қарым-қатынас және осыған байланысты мақсатқа ұмтылу, 
жинақылық қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет