(Ұ) «Жұлдызша» Балалар жұлдыз шығатындай бір-бірінің артында қозғалады,
арасында бағытты қарама-қарсы жаққа өзгертеді. Тапсырманы
күрделендіру – сап көшбасшыларын, жұлдыз бұрыштарының
санын өзгерту.
(Ұ) «Жерасты жол» . Алаңға ұзынынан таяқтар қойылып,
оларға әртүрлі биіктікте жіп керіледі. Балалар жүгіріп келіп
түрлі топтармен жерасты жолынан өтеді. Керілген жіптің
биіктігіне қарай астынан өрмелеп өтудің түрлі қимыл тәсілде-
рін пайдалануға назар аударылады.
(т) «шайба қуу». Балалардың қолында хоккей таяғы бо-
лады. Онымен алаңның қарсы бетіне жіппен белгіленген тік
жолмен целлулоидті шарларды домалату керек. Екі-үш шай-
баны бір уақытта итеруді ұсынып, тапсырманы қиындатуға
болады.
(т) «Мұздағы кегельдер». Алаңның бір шетінде түрлі
нұсқамен кегельдер қойылады. Балалар хоккей таяғымен
шайбаны ұрып кегельдерді ұшырып түсіруі керек. Кегельдер-
ді әртүрлі қоя отырып, тапсырманы күрделендіруге болады.