«Көбелектер мен гүлдер» ойыны.
Алаңқайда қызыл, сары, ақ гүлдер өсіп тұр. Балалар «көбелектерге» айналып, қызыл гүлге
«қызықты болды, бірақ түсінбедім» деген «көбелектер» қонады.
№6 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Арнайы көліктер. Жүк және жолаушылар көліктері.
Мақсаты: арнайы көлік түрлерінің не үшін қажет екенін түсіну; арнайы көліктер мен жай көліктердің мақсат-міндетін ажырата алу.
Міндеттері:
Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қарапайым құрылысы және қажеттілігі жайлы ақпарат беру.
Арнайы көліктердің қызметі туралы айта алу, көліктерді топтай білу, олардың адам өміріндегі маңызы жайлы түсініктерін дамыту. Айналадағы қоршаған ортаға зейін қоя білу дағдысын қалыптастыру.
Көшеде тәртіп ережелерін сақтауға, мұқият болуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |