Бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ересек жастағы топ педагогтеріне арналған



бет44/59
Дата08.02.2022
өлшемі294,87 Kb.
#117196
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
қоршаған орта 2020-2021

Негізгі кезең:


    • Бізге бүгін қонаққа не келетінін өздерің табыңдар.

Жұмбақ
Үстінен тоны түспеген
Сонда да араз қыспенен. Жұмбақтың шешуі: аю.



    • Аю бізге жалғыз келмепті, қасына аңдарды ертіп келіпті. Қандай аңдар екенін айтыңдар. Балалар аңдардың атын атайды.

    • Аңдардың түрі, көлемі әртүрлі. Бірақ бәріне ортақ бір белгіні атаңдар.

      • Аңдардың денесін түк басқан.

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Аңдардың күзгі тіршілігі бейнеленген сурет көрсетіледі. Сурет бойынша аңдардың күзде қысқа қалай дайындалатыны туралы түсінік беріледі.
Полилингвалды компонент: түлеу – линка – molting, көртышқан – крот – mole, азық қоры – провизия – provisions.
«Аю күні бойы орман кезіп жүріп, жеміс-жидектер мен еменжаңғақтарды жеп, денесіне май жинайды, апанының ішін дайындайды. Тиін мен қоян түлейді, яғни жұқа жүндері қалыңдайды және түстері өзгереді. Тиін ағаш қуысына азық қорын жинайды. Тышқан мен көртышқан ініне егістіктен масақ дәндерін жинайды. Борсық інінің ішін тазалап, қысқа
дайындап, ағаш тамырын, саңырауқұлақ жинайды. Қасқыр мен түлкі қысқа азық жинамайды».

    • Ал үй жануарлары қысқа қалай дайындалады?

    • Үй жануарлары үшін жем-шөпті адамдар дайындайды. Қораны жөндейді.

Сергіту сәті:
Қаз қанатын жайды, Аққу мойнын созды, Үйрек көлге келіп қонды.
Жануарлардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суретпен жұмыс.
«Аңдар қысқы суықтан қорықпайды. Оларды суықтан жылы, жұмсақ терілері сақтайды.
Қоян мен тиін жауларынан қорғану үшін, терілерінің түсін ақ түске өзгертеді. Тиін өзінің жазда, күзде жинаған азығын іздеп табады. Ал аю болса, қыс бойы апанында ұйықтайды. Борсық та інінде ұйықтайды. Олардың денесіне жиып алған майы олардың аш болмауына көмектеседі. Ал қоян, қасқыр, түлкі, бұлан қысқа азық жинамайды. Қоян ағаштың қабығын кеміреді. Бұлан да ағаш бұтақтарымен қоректенеді. Түлкі үнемі қар бетін иіскелеп жүреді. Ол қар астынан тышқанның інін іздейді. Бірақ қыста жануарлар үшін азық азайып кетеді. Сондықтан қыста оларға қосымша азық берген дұрыс. Орманға жем-шөп, орамжапырақ,
жаңғақ, еменжаңғақ апарып төгу керек».

    • Ал үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы не білесіңдер?

    • Үй жануарларына адамдар қыста жем-шөп, су береді. Қораны күніне тазалайды. Олар қыстай жылы қорада тұрады.

Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырмаларды орындайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет