36
Педагог қала көрінісі салынған суреті бар қағаздарды
таратады да, балаларға не істеу керектігін түсіндіреді:
– қағаздың астыңғы жақ бөлігіне қар кесектерін
орналастырамыз;
– аққаланы жасау үшін ақ қағазды үш бөлікке: үлкен, кіші, одан
кіші бөліктерге бөліп аламыз;
– оларды ретімен алып алақан
арасына салып умаждаймыз;
– дайын болған бөліктерді (үш бөлікті) қала көрінісінің төменгі жақ
бөлігіне орналастырып желімдейміз;
– бас киімін, көздерін, қолын т.б. бөлшектерін қарындашпен немесе
фломастермен толықтырып әшекейлейміз;
–
ұсақ қиындылардан ұсақ қар кесектерін жасап, оны да қар жауып
тұрған тәрізді етіп орналастыруға болады.
Педагог балалардың іс-
әрекетінде шығармашылықпен өздігінен жұмыс жасауларына бағыт
береді.
Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент бойынша
қар – снег, аққала - снеговик
сөздерін қайталап, бекітеді.
Сергіту сәті.
Ішік, пима,
қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай!
Балалар қар кесектерін және аққаланың дене бөліктерін қағазды
умаждау
тәсілі арқылы жасап, оны біріктіріп,
белгілі бір мазмұн
бере бейнелеуге талаптанады.
Дидактикалық ойын «Аққала».
Қиындыдан жабыстырылған аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып
жабыстыру.
3. Рефлексия.
Педагог қар кесегінің және аққаланың қағаздан қалай жасалғанына
және оны балалардың қалай
орналастырғанына қарай отырып, оқу
қызметін қорытындылайды. Балалар жасаған өздері аққалаларын
және қар кесектерін
бір-біріне көрсетіп, еңбектерін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: