Сергіту сәті
Көрсетейік кел, шығып,
Құрылысшымыз біз "шынық". (қолды иыққа қойып, қайта жазу)
Биік-биік үйлерді, (қолдарымен биіктікті көрсетеді)
Қалаймыз біз құлшынып. (кірпіштерді қойғандай болады)
Құралдарды қолға алып, (жерден кұралдар алғандай)
Сылап, сырлап қоялық. (сырлап жатқанды бейнелеу)
Үйлер, көпір, мұнара,
Дайын болды тез ара. (Ф.Ниязбекқызы)
Балалардың әрқайсысы өз алдарындағы таңдап алған құрылыс
материалдарымен қала көшелерін құрастыруға кіріседі, құрылыс
материалдарын дұрыс пайдалануға, қала көшесінің үлгіге сәйкес
келуіне қарай отырып құрастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Көшедегі қауіпсіздік ережесі туралы әңгімелесу.
Жұмбақ
Күндіз-түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жас-кәріге
(Бағдаршам)
3. Рефлексия.
Қала көшесінің мазмұнына, балалардың құрылыс материалдарын
дұрыс пайдаланғанын ескере отырып, дайын болған құрылыстың
сапасына қарай мадақтаулар жасалады. Әр бала өздері жасаған
құрылыстары жайында әңгімелеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |