35
- қағаз парағын көлемді пішіндерге
қайта келтіру арқылы қар
кесегін және аққаланы жасай алуға үйрету;
- аққала мен қар кесектерін кеңістікте дұрыс орналастыру арқылы
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:
қағаздан
көлемді пішіндерді жасай алады;
түсінеді:
аққала мен қар кесектерін кеңістікте дұрыс
орналастырады;
қолданады:
жырту,
умаждау арқылы
қағаздан көлемді пішіндер
жасай алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
ақ
қағаздар, желім,
қылқалам, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс:
қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.
Билингвальді компонент:
қар – снег, аққала – снеговик.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп- үшкір.
Көзі көмір, қап- қара.
Көне
шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынға ойнауға,
Келгендей- ақ ол мұнда.
Балаларға үлгі сурет бойынша әңгімелеу ұсынылады. Қардан
не жасауға болатынын сұрайды. Үлгі
бойынша талдау жасап, қар
кесектері мен аққаланы қалай жасауға болатынын түсіндіреді.
Балалар қардан өздері жасаған бейнелерді атайды,
аққала жасауға
дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: