(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Достарыңмен қандай ойындар ойнайсың? Досыңмен бірігіп ым- ишара арқылы көрсет.
Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал.
Сергіту сәті.
Достар бірге жүреміз (қол ұстасып айнала жүру),
Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу). Бірге балық аулаймыз (қолдарын алға созу), Қуанамыз, билейміз (би қимылдарын жасау).
Бөлінбейді іргеміз (қол ұстасып, жоғары созу),
Әрқашанда біргеміз (иілу, қол шапалақтау).
Осыдан кейін «Достық» ертегісіндегі балара мен құмырсқаның достығы жайлы әңгімелеседі.
(Т) Топқа тапсырма:
Педагог балараның айтқан сөзінен үзінді оқиды. Топтан бір бала шығып, түрлі екпінде мәнерлеп қайталайды (сыбырлап және ақырын).
(Ұ) Жұмбақ-ойын: «Айна».
Тәрбиеленушілер қандай кейіпкерді көрсететінін ойланады. Бір бала кейіпкердің мінез-құлқы мен көңіл күйін көрсетеді. Ал басқа балалар ертегідегі қай кейіпкер екенін және кейіпкердің қай кезеңдегі бейнесін ойнап жатқанын табады.
Сахналау. Педагог ертегіні сахналауды ұсынады. Тәрбиеленушілерге сиқырлы қоржыннан бір-бірден текше таңдап алуды тапсырады.
Тәрбиеленушілер текшедегі ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.
Педагог тәрбиеленушілерге әртістер сахнада өздерін қалай ұстайтындары туралы түсіндіреді.
Олар сахналау аяқталған соң көрермендерге қарап тұрады. Ақырын бастарын изейді. Көрермендер қол шапалақтайды. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал.
Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Досымызға үнемі жақсы,
жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір-біріне көмектеседі. Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-біріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
|
|
|
Әліппе-дәптер
|
|
Суретті плакаттар
|
|
Әліппе-дәптер
|
|
Сиқырлы қор- жын, текшелер, Сахна қойылы- мы
Атрибут, киімдер
|
|
Әліппе-дәптер
|
Достарыңызбен бөлісу: |