Ана: Рақмет, сау болыңыз.
Педагог: Балалар, бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рақмет. Олай болса, кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі.
1-бала:
1. Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін. Аппақ болып жүргенді, Өзім қатты сүйемін.
2-бала: 2. Іш ауырса, тіс ауырса, Маман дәрі береді.
Барлық бала, барлық ана Оны жақсы көреді.
АлДАРКӨСЕ МЕН БАЙ
(ертегіден көрініс)
Әуендетіп Алдаркөсе шығады.
Автор: Қыстың бір қақаған күнінде Алдар жаурап тұрған байға кезігеді.
Алдар: О, байеке, мына қалың, әдемі шапаннан қалай ғана жаурап тұрсың?
Бай: Е, сен мына жыртық шапаннан қақаған, ызғарлы қыстың күнінде қалай ғана жаурамай тұрсың?
Алдар: О, байеке, менің мына шапаным жай шапан емес, сиқырлы. Суық мына жыртықтан кірсе, мына жағынан шығып кетеді, жылу мына шапанда қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |