Қорытынды бағалау Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз. 1:
2:
Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз. 1:
2:
Сынып жайында және оның жеке тәрбиеленушілері жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме?
№ 10
ТАҚЫРЫБЫ: «Мақтақыз бен мысық»(Қуыршақ театры)
Ортақ тақырып: Жолдар бізді қайда бастайды?
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып / топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың оқытылу мақсаты
Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және айту.
Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты басқарудың кейбір әдістерін білу.
Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;
дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айта алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер: интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алады; басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсе алады. Кейбір тәрбиеленушілер: түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты басқарудың кейбір әдістерін біледі;
ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар
негізінде кейіпкерлердің бейнесін келтіреді.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілердің дағдыларының дамуы: сабақта алған білімдерін пайдаланып толық жауап беруге үйрету; мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
сөздік қорын дамыту. Көптілділік: саяхат – путешествие – travel Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: атрибуттар, мейіз, пойыз, аялдама.
Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл: Саяхатқа қандай көлікпен барамыз?
Қай театрда мәтінді әуенмен айтады? Қуыршақ театрын ойнау үшін не қажет?