Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,
көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1. Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;
лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.
2. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,
байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
3. Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест
Көрнекілігі: тірек - сызба, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!
Үй тапсырмасын тексеру (карточка арқылы)
Өткен сабақты қайталау
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отыру.
Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Слайд. Тірек сызбамен жұмыс
Сөйлем
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем
Бейбітшілік жасасын!
Көйлегім қандай әдемі!
Отан сүйер ұлан бол!
Жүйрік тұлпарым болса ғой!
Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.
1. Әр сөйлем қалай оқылды?
2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. (Слайд. Кестемен жұмыс)
Ойын «Сәйкестендір»
Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Оқулықпен жұмыс.
1. Көркем жазу
2. Жаттығу жұмыстарын орындау.
Сергіту сәті.
Әуенге сай қимылмен билеу.
Тапсырма: Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз
1. Біз, алақай, жеңдік
2. Бекер, ренжіттім – ау, қап
Тест сұрақтарына жауап беру. Өзін - өзі бағалау
Тест
1. Сөйлемді белгіле.
А) Кітап, мұз. Ә) Р, ш, ұ, ы, қ. Б) Мына тау қандай биік!
2. Мына сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Алақай, ағам келді
А) сұрау белгі Ә) леп белгі Б) нүкте
3. Аяқталған ойды білдіретін не?
А) мәтін Ә) сөйлем Б) сөз
4. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
А) Сұраулы сөйлем Ә) Лепті сөйлем Б) Хабарлы сөйлем
5. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте Ә) сұрау белгі Б) леп белгі
6. Мына сөйлемдер мәтіннің қай түріне жатады?
Асан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысыңқы, шашы бұйра.
а) әңгімелеу в) сипаттау с) пайымдау
7. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.
А) сегізінші в) секірді с) нағашы
8. Мына ережеге сәйкес сөзді тап.
.......... мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Оған ат қоюға болады.
А) сөйлем в) мәтін с) сөз
9. Сөйлемнің ережесін тап.
А) сөйлем аяқталған ойды білдіреді в) сөйлем бірнеше сөзден тұрады
С) сөйлемнің соңына тек нүкте қойылады
10. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді тап.
А) хабарлы сөйлем в) лепті сөйлем с) сұраулы сөйлем
Сабақты қорытындылау.
Лепті сөйлемнің өзіндік белгілері:
- Адамның көңіл - күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран т. б.) білдіреді;
- Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады;
- Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
ІV. Үйге тапсырма
V. Сабақты бекіту
Сөйлем туралы не білеміз?
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
1 Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Бағалау
« Чернова орта мектебі » КММ
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Тақырыбы: Лепті сөйлем
Өткізген: Мұратбекова С.Н
2014-2015 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |