|
Педагог балаларға «Тіл дамыту және көркем әдебиет» сабағында танысқан «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске алуды ұсынады.
3-тапсырма. Сызба бойынша «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске түсіру.
Досыңмен бірге диалог құрып айт (Қосымшаны қараңыз).
(ПК) Педагог әңгімені сахналауды ұсынады.
Балалар «Сиқырлы дорба» ішінен кейіпкерлердің суреттері бар карточкаларды алады (ана, бала, сатушы, әже).
Ал қалған балалар көрермен болады.
Қуаныш театрға бару үшін не керек екенін сұрайды.
Билетті қайдан аламыз?
Ендеше, кассаға барайық.
1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай!
2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар!
1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе? 2-бала (кассир): Әрине!
(Балалар ақша төлеп, кассирден билет, бағдарлама алады). Балалар: Рақмет!
Кассир: Оқасы жоқ!
Балалар билеттеріне сай орындарына отырады.
Сахналау.
|
Ата, әже киімдерінің атрибуттары
|