Байланысты: Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді
Ұйымдық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық талдау Ұйымдық талдау жаңа инновациялық жобаның ішкі және сыртқы іске асыру шарттарын бағалау үшін қолданылады.Ішкі шарттарға кәсіпорынның өз қызметіне байланысты, соның ішінде басқарудың ерекшеліктері, ұйымдастыру құрылымы, жоспарлау, қызметкерлер құрамын толымдау және үйрету,қызмет координациясы, ақпараттық қамтамасыз ету.
Сыртқы шарттарға қоғамдағы және аймақтағы ғылыми-техникалық, ортақ экономикалық құқықтық және политикалық ахуалдар жатады.
Ұйымдық талдаудың негізгі міндеттері:
1. Политикалық және құқықтық ахуал жөніндегі жобаға қатысушылардың міндеттері мен іс-әрекеттерін анықтау.
2. Жоба тапсырмаларына сәйкес келуне байланысты ұйымдық құрылымдарды және басқаруды бағалау.
3. Жобаның ресурстармен қамтамасыз етілуін және осы қамтамасыз етуді қайта құрастыруды талдау, қызметкерлер құрамын және біліктілікті жоғарылату.
4. Инновациялық жобаны іске асырудыі жағымсыз ұйымдастыру шарттарын шығару барысындағы оптимальді басқарушылық шешімдерді таңдау.
Базарлық экономика шарттарындағы ұйымдастыру талдауы директивалы экономика шарттарындағы жаңа өнімді енгізу ұйымдастыру талдауынан айтарлықтай өзгеше.
Бұл айырмашылықтар өзгертілген политикалық, құқықтық және эконмикалық шарттармен алдын-ала келісілген.Кәсіпорын өздігінен басқару жүйесін, ұйымдастыру структураларын, жоспарларды және т.б. жасай алады.
Әлеуметтік талдаудың мақсаты жобаның оны тұтынушыларына жарамдылығын анықтау болып табылады.Әлеуеттік талдау көмегіменберілген тауардың алдыға жылжуын және оның шығарылу көлемін келешекте үлкейту мақсатында өнімді өндіруші мен тұтынушы арасында қарым-қатынас жасалуы тиіс.
Әлеуметтік талдау өз көзқарасын төрт негізгі аспектте тоқтатады:
1.Жобаға байланысты халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамасы.
2.Иновациялық жобаның қызметі аясындағыы халықтың ұйымдасуы, жұмысшы күшінің болуы.
3. Жергілікті мәдениетке жобаныі жарамдылығы(ғылыми потенциал)
4.Берілген жобаны қолданушы ұйымдар және халық топтарынан қажетті міндеттемелерді қамтамасыз ету стратегиясы.
Әлеуметтік талдау сапалық тәсілді қолдану арқылы жүргізіледі.
Экологиялық талдау ортақ экологиялық жағдайдың нашарлауынан қазіргі уақытта ерекше орын алып отыр.
Оның міндеті инвестициялық жоба және оның барлық стадиялары келтіретін барлық зақымдарды табу, және де оның алдын алатын шаралар қолдану болып табылады.
Экономикалық талдау жобалық талдаудың да, сапаны басқару жүйесінің де маңызды құрам бөлігі болып табылады.Екі жағдайда өңдеу—сапасы тұтынушыны қанағаттандырарлық және белгілі стандарттарға сай келетін өнімді өндіріске енгізуге,мақсаттылығына және тиімділігіне негізделеді.
Экономикалық талдау процесінде жаңа жобаны қаржыландыру көздері, оны енгізуге жұмсалған шығындар және оны іске асыру тиімділігі анықталады.
Тиімділіктің жанама көрсеткіштерінің бірі ретінде өнім сапасының құны бірлік ретінде болуы.