Семинарлық және практикалық сабақтардың жоспары
Әдітемелік нұсқаулар
Семинарлық(практикалық) сабақтар—оқушының оқу үрдісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін және олардан терең өздік жұмыс талап ететін оқушымен жүргізілетін аудиториялық сабақтың негізгі түрлерінің бірі.Оқушыны сабаққа дайындау жоспарында сұрақтар құрастырылған, үй жұмысында орындауға тиіс немесе аудиториялық топтық сабақтар барысында талқылауға арналған тапсырма нөмірі немес жаттығулар анықталған,бақылау сұрақтары көрсетілген немесе өзін-өзі тексеру сұрақтары дайындалған.
Әр тақырыпқа байланысты оқушылар үй жұмысын орындау барысында лекция конспекті бойынша, әдебиеттермен жұмыс істеулері керек, өз көзқарасы бойынша қосымша әдебиет таңдауы керек, сұрақтарға жауап дайындау, тапсырмаларды шешу және т.б.
Тақырып бойынша сабақ жоспарында құрастырылған сұрақтар мен тапсырмалар ұжыммен талқыланады. Қажеттілігіне қарай оқытушы сабақ барысында басқа сұрақтар қоя алады және тапсырмалар бере алады.
1-семинар. Пән және курс тапсырмалары «Сапаны басқару»
Талқыланатын сұрақтар:
1.Тауардың сапасы деген не?
2.Қызмет көрсетудің сапасы деген не?(мысал ретінде)
Ұсынылған әдебиеттер
1. Аристов О.В., Леонов Н.Г. Управление качеством продукции. - М.: Изд-во стандартов, 2007.
2. Ахмин А.М., Гасюк Д.П. Основы управления качеством продукции. Учебное пособие, СПб.: Изд-во «Союз», 2006.
3. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. - М.: Изд-во АМИ, 2006.
2-семинар.Өнім сапасын мемлекеттік реттеу
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Өндірушінің сапасыз өніміне мемлекет қалай және қандай технология бойынша ілтипат білдіреді:
2.Егер сапасыз өнім тұтынушыға түсуін жалғастырса не болады?
Есептік тапсымаларды шешу және дайындалған рефераттар бойынша өздік жұмыстың орындалуын тексеру.
Бақылау сұрақтары:
1.ҚР үкіметінің қандай заңнамалық және нормативті актілері өнім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған?
2.ҚР-да тауарлар мен қызметті тұтынушылар құқығына қалай кепілдік беріледі?
3.Өнім сапасын қамтамасыз етудегі талаптардың орындалуын бақылау қалай іске асырылады?
4.Тағам өнімдеріннің сапасы мен қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |