Глоссарий
Тексеру акті—әрекеттегі заңға сәйкес ықпал ету шараларын қолдану жайлы қаулы қабылдау және ұйғарым берудің негізі болып табылатын құжат.
Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімі—Қазақстан Мемлекеттік Стандартымен бекітілген өлшеу құралдарының түрлерін тіркеуге арналған.
Ақау—обьектке қатысты берілген немесе күтілген талаптың орындалмауы.
Сәйкестік жайлы мәлімдеме—жеткізушінің өнім,процесс немесе қызметтердің нақты стандартқа немесе басқа нормативті құжатқа сәйкес келуін толық өз жауапкершілігіне алуы жайлы мәлімдеме.
Сәйкестік белгісі—берілген сертификаттау жүйесімен орнатылған ережесі бойынша таңбаланған өнімнің орнатылған талаптарға сәйкес келетіндігін айқындайтын белгі.
Идентификация—берілген обьектке ерекше болып келетін анықталған белгілер негізінде тану,теңдестіру,ұқсастықтар, сәйкес келуін мойындау.
Сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау—өнім сертификаттауда нақтыланған белгіленген талаптарға сәйкес келуін жалғастыруда деген орнату мақсатымен іске асатын сәйкестіктің бақылау бағалауы.
Сынау лабораториясы(сынау центрі)—белгілі өнімдерге сынау жүргізетін(сынаудың жеке түрлері) лаборатория.
Тауардың сапасы—тағайындалуына сәйкес келетін белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын шарттайтын өнім қасиеттерінің жиынтығы.
Кешенді сараптама—көпшілік қолдану үшін сериялы түрде шығарылатын бір типті тауарлар тобының сапасын бағалау және жан-жақты зерттеу үшін жүргізілетін тауарлардың тұтынушылық қасиетін сараптау.
Өнім сапасын бағалау—сапаның белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау.
Ақау коэффиценті—өнімнің бірлігіне келетін ақаулардың орташа көлемі.
Тауарлар сапасын басқару критериі—қаржы,материалдық және еңбек ресурстарын ең жақсы қолдану барысында қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өнім сапасына оптимальді талаптар құрастыру.
Таңбалау—тікелей этикеткаға,құлақшаға кестеге, орамасына және басылымына нақты шарттарға байланысты түсірілетін жеке графикалық, түсті символдар мен комбинациялардан, мәтіннен тұратын белгілер комплексі.
Достарыңызбен бөлісу: |