Әдістемелік нұсқаулар Оқу жоспарымен ескерілген оқушылардың өздік жұмысы зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру керек және оларды практикада теориялық білімдерін қолдана білуге бағыт көрсету керек, оқытылатын материалдың тереңірек сіңірілуіне сәйкес келуі керек.
Бұл қызметтің процесінде келесі тапсырмалар шешіледі:
-оқу әдебиетімен жұмыс істеуді үйрету;
-олардан сәйкес келетін білімді, іскерлікті және дағдыны қалыптастыру;
-оқушылардың кәсіби өсіміне жағдай жасау, шығармашылық белсенділікті және ынтаны тәрбиелеу;
Оқушылардың өздік жұмысы келесілерді болжайды:
-сабаққа дайындалу( дәріс материалын оқу,ұсынылған әдебиетті оқу, сұрақтарға жауаптар, тапсырмаларды шешу және т.б.)
-емтиханға дайындалу.
Оқушылардың жеке жұмысына арналған тапсырма Жеке тапсырма ретінде әр оқушы екі бөлімнен тұратын(теориялық және есептік-аналитикалық) тапсырманы орындауы керек.
Теориялық бөлімді оқушылар берілген сұрақтарға жауап ретінде орындайды.
Есептік-аналитикалық тапсырмалар өнім сапасын басқару мәселелерімен байланысты тапсырмаларды болжайды.
1-нұсқа 1.Өнім сапасы жайлы түсінік.Өнім сапасының көрсеткіштері( жеке және кешенді), оларды есептеу әдістері.
2.Өнімдерді және қызметтерді сертификаттау.Сертификаттау түрлері:міндетті және ерікті сертификаттау.
2-нұсқа 1.Өнім сапасын талдаудың статистикалық әдістері.
2.Қазақстан Республикасындағы өнімді сертификаттау ретінің тәртібі.Өнімді сертикаттаудың сызбасы.
3-нұсқа 1.Өнім сапасын бақылау.Бақылау түрлері.Өнім кемшілігінің көрсеткіштері.
2.Қызметтерді сертификаттау, оның қатысушылары және орындалу тәртібі.Қызметтерді сертификаттау сызбасы.
4-нұсқа 1.Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі.ҚР-дағы стандарттаудың органдар мен қызметтері. Әртүрлі деңгейлердегі стандарттардың сипаттамасы.
2.Өнімнің сапасын қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі.
5-нұсқа 1.Өнімді стандарттау, оның мақсаты мен тапсырмалары. Стандарттаудың әдістемелік негіздері.
2. Өнімнің қауырттылығы. Сұрыптылықтың көрсеткіштері, олардың талдауы.
6-нұсқа 1.Өнім сапасын басқарудың комплексті жүйесі(ӨСБ).Өнім сапасын басқару жүйесінің қызметтері мен принциптері.
2.Тауарлар мен қызметтердің сертификаттау ережелерін және қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
7-нұсқа 1.Техникалық өлшеу негіздері.Өлшеу құралдары мен өлшеулердің әртүрлілігі.
2.Кәсіпорындағы ақау және оның түрлері. Кәсіпорындағы ақаудың көрсеткіштері(абсолютті және салыстырмалы).
8-нұсқа 1.Өнім сапасын басқару механизмі. Өнім сапасын басқарудағы жүйелі тәсілдің даму кезеңдері.
2.Технико-экономикалық ақпаратты кодтау мен классификациялаудың бірыңғай жүйесі(ТЭА ККБЖ)
9-нұсқа 1.Өнім сапасын қамтамасыз етудің комплексті жүйесі. ИСО 9000 сериясының стандарттарының сипаттамасы.
2.Заңнамалық метрологияның ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік.
10-нұсқа 1.Өнім сапасын статистикалық қабылдау бақылауы. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру.
2.Метрология мағынасы мен өлшеудің маңызы.Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз ету.