Бағдарламасы бөлім. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы тақырып. «Сапаны басқару» курсының пәні мен міндеттері



бет36/37
Дата06.02.2023
өлшемі265,68 Kb.
#167543
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді

Метрология—талап етілген нақтылыққа жету және өлшеулердің тұтастығын қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары жөніндегі өлшеулер туралы ғылым.
Сапаны қамтамасыз ету—өнім немесе қызмет белгілі сапа талаптарын қанағаттандыра алатыны жөніндегі сенімділікті қалыптастыру үшін міндетті жүйелі түрдегі немесе жоспарланған іс-шаралар жиынтығы.
Сапаны жалпы басқару—Сапа аумағындағы саясатты орындаушы және анықтаушы басқару атқарымының жалпы аспекті.Бұған нәтижелерді бағалау, жұмыс жүргізу, сапаны жоспарлау сияқты сапа аумағындағы жүйелі әрекеттерді және ресурстарды тарату, және де оперативті жоспарлау кіреді.
Сертификаттау бойынша орган—сәйкестік сертификаттауын жүргізетін орган.
Өнім сапасының көрсеткіштері—өнімнің қоғамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алу жарамдылығын сандық сипаттайтын көрсеткіштері.Олар жеке және кешенді бола алады.
Сапа аумағындағы саясат—сапа аумағындағы негізгі ұйымдастыру мақсаттары мен бағыттары.
Сынау хаттамасы—құрамында сынаулар нәтижелері мен басқа да сынауларға қатысты ақпараттар бар құжат.Сертификаттау органдарына сәйкестік сертификатын беруге негіз болып келеді.
Өзін-өзі сертификаттау—өнімді өндіруші тапсырыс беруші тұтынушыға өнім сапасының белгіленген сәйкестік таңбасына сәйкес келуі және арнайы құжатта ескертілуі жайлы кепілдік беретін сертификаттау түрі.
Стандарттау обьекттерін сұрыптау—қоғамдық өндірісте қолданылатын және алдағы өндіріске мақсатты болып табылатын обьекттерді жинақтаудан тұратын қызмет.
Ерікті сертификаттау—өндіруші кәсіпорынның өз ынтасымен жүргізілетін сертификаттау, және соның барысында өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатын көздейді.
Міндетті сертификаттау—өнімнің экологиялылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін сертификаттау.Мемлекеттің ынтасымен жүргізіледі.
Сертификат тексеруі—мәлімдеуші қызметінің нормативті құжаттар талаптары бойынша қызмет көрсетуіне сәйкес келуін анықтайтын тәуелсіз тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет