БАҒдарламасы бозкөл ауылы, 2018 жыл Кіріспе



Дата01.05.2018
өлшемі290,11 Kb.
#40348
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы



Бозкөл ауылының 2018-2020 жылдарға арналған

ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бозкөл ауылы, 2018 жыл

Кіріспе

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы 2018-2020 жылдарға арналған дамыту бағдарламалары халыққа қолайлы тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында жасалды.

Бозкөл ауылы аудан орталығы Әйтеке би кентінен 60 шақырымда орналасқан. Бозкөл ауылында қазіргі таңда тұрғын үй саны 176, халық саны 926. экономикалық белсенді халық саны 470 адам, жұмыссыздар саны 27 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 222 адам болып отыр. Оның ішінде 20 адам өнімді, 7 адам өнімсіздер қатарына жататыны анықталып отыр. Халық саны алдаға 2019 жылы - 1000 адамға, 2020 жылы 1070 адамға дейін өседі деп болжануда.

Ауылдық округ көлемі 9892 гектар. Ал ауыл шаруашылығы жер көлемі 6752 гектарды құрап, жан басына шаққанда 7,3 гектардан келіп отыр.

Бозкөл ауылдық округ бойынша 1 орта мектеп, 1 Бозкөл дәрігерлік аурухана, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 балабақша, 1 пошта бөлімшесі, 1 СПК және «Бозкөл» Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі халыққа қызмет көрсетуде. Ауылішілік жол ұзындығы 8,6 шақырым.

Ауылшаруашылығы. Бозкөл ауылы негізінен мал өсірумен, бақша өнімдерін егу және өнімін сатумен айналысады. Биыл жеке тұрғындар үй іргелік жерінен бөлек ауылдан тыс жерден 53,7 га бақшалық жер дайындап, түрлі дақылдар екті.

Округ бойынша 1414 мүйізді ірі қара, уақ мал 3892,581 бас жылқы тіркелген.

Округкөлеміндегі каналдарды жөндеу, тазалау басты назарда. Өткен жылы күз айында барлық ауыл маңайындағы каналдардың шлюз аузындағы тосаптары тазартылып су жүруіне қолайлы жағдай жасалынып қойылды. «Дөненбай», каналы биыл 3,5 км тазаланып, қалған 19 км бөлігіне дефектілік акт жасалып 2018 жылы толық қазылатын болады.

Білім. Бозкөл ауылындағы Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектепке 180 оқушы білім алуда. 2016-2017 оқу жылында 7 түлек бітіріп, ҰБТ-ға 5 бала қатысып 71 %. Орташа балы 86,6 % құрады. Бітіруші түлектер 5 оқушыда грант негізінде білім алуда. Бір оқушы Талғат Ақерке алтын белгі иегері атанды. Бозкөл ауылындағы №18 Ақкөгершін бөбекжай балабақшасы 1964 жылы пайдалануға берілген. 1997 жылы оңтайландыру кезінде жабылып қалып, 2005 жылы қаржы бөлініп қайта ашылды. Қазіргі таңда балабақшаның жай күйі қайта салуды қажет етіп тұр, бөбекжайда қазіргі таңда 50 бала тәрбиеленуде.

Балабақша. 2012 жылы апатты деп танылған, жоба - сметалық құжаттының мерзімі аяқталуына байланысты қайта жоба – сметалық құжаттары дайындалып аудандық құрылыс бөлімі арқылы бюджеттік өтінім облыстық құрылыс басқармасына өткізіліп қойылды.



Денсаулық. Бозкөл ауылдық ауруханасы 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 төсектік тәулік бойы қызмет көрсететін стационар болып қайта құрылды.

«Бозкөл» дәрігерлік амбулаториялық күндізгі стационарға жыл бойы 177 адам емделген.

«Бозкөл» ауылдық ауруханасында жыл бойы 285 адам ем алған.

Аурухана заманауи диагностикалық құралдарымен жабдықталған, оның шінде ЭКГ аппараты, көз қан қысымын өлшеу аппараты, небулайзер аппараты, былтырғы жылы лабораторияға «микрокалориметр» аппараты алынды бұл аппаратпен пациенттер толықтай қан анализдерін ауруханада жасауға мүмкіндігі бар. Ауыл халқы скринингтік байқауынан толық өткізілді, Флюро байқаудан ауыл тұрғындары 100%-ы өтті.Туберкулезбен ауыратын адамдар анықталған жоқ. Қатерлі ісіктер ауруларының асқынған түрлері кездескен жоқ. Балалар мен ересектер егу жұмыстары уақытылы егіліп толық орындалды.



Мәдениет. «Бозкөл ауылдық мәдениет Үйінде» тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану, жас таланттарды тауып, халыққа таныстыру, олардың өнерін насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді патриоттыққа, отансүйгіштікке баулуда, ұлттық өнер мен салт-дәстүрімізді жаңғырту, Елбасын Жолдауын насихаттау және мемлекеттік тіл саясаты мен жастар саясатын, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаттыжүзеге асыру бағытында жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда: 1-наурыз Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Алғыс айту күніне орай «Қазақ елі-достықтың елі» атты мерекелік концерт, 3-наурыз күні Аналар мерекесі қарсаңында «Өнегелі отбасы-мемлекет тірегі» атты отбасылық сайысы, 8-наурыз «Нәзік жандар» атты батыр аналармен кездесу кеші болып өтті.

Жыл соңынан бастап Елбасының Рухани Жаңғыру бағдарламасына сәйкес ауыл көше тұрғындарының арасында көше атымен аталатын тұлғаларды келер ұрпаққа таныту мақсатында мәдени іс шаралар өткізілді.

Қоғамдық тәртіп. Округ көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында бір учаскелік полиция инспекторы үздіксіз жұмыс атқаруда және арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілген. Ауылдық округ көлемінде қылмыс тіркелмеген.

Спорт. Округ көлемінде спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында аудандық спорт бөлімінің «Әйтеке би» спорт клубынан 1 нұсқаушысы Қ.Иманәлі жұмыс жасайды. Нұсқаушы бұқаралық спортты дамытуда үш топ жасақталып (волейбол, футбол) 90 адамды үйірмеге тартып аудандық және ауыларалық спорттық шараларға спортшылардың қатысуына және дайындалуына шағын спорт алаңын пайдаланып үлес қосуда.

Ауыл жастары аудан көлемінде ұйымдастырылған спорт шараларына ұдайы қатыстырылып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Атап айтар болсақ Әйтеке би кентінде өткен ауыл спартакиядасын 6 спорт түрінен қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда қазақша күрестен 1 орын, қол күрестен 1 орын, гір көтеруден 2 орын, Үрмаш Түктібаевтың мерейтойына арналған қазақ күресінен Аудандық жарыста 1 орын иеленді. Көршілес Тасарық ауылында өткен Тасарық елінің тумасы Нысанбаев Жаңабайдың атындағы аудандық турнирде қазақ күресінен 1 орын иеленді. Қазақша күрестен Әйтеке би кентінде өткен Алтын белбеу іріктеуінен Иниятов Мұхит және Нұрғали Ақжол 1 орын иеленіп облысқа жолдама алды.

Қазалы қаласының №18 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Бозкөл ауылдық филиалы ашылып екі жаттықтырушы, онда волейбол үйірмесінен 2 топпен жұмыс жасауда. (волейболдан) 13-15 жас аралығы 2 топ. Жаттықтырушысы Н.Жаленов. Тұңғыш Президент күніне орай жасөспірімдер арасында қазақ күресі қала біріншілігінде қазақша күрестен 10 салмақ бойынша қатысып жалпы есепте 1 орынды жеңіп алды. Осы жұмыстардың нәтижесінде ауылымыздың командасынан ауданымызда ерекше көзге түсіп Қызылорда облысының Жас қайсар командасына №96 орта мектептің түлегі Қайырғали Мақсат қабылданды.

Дамыту бағдарламасы арқылы елді мекеннің әлеуметтік экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның, елді мекенде өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің облыс орталығына және басқа елді мекендегі тұтынушыларға жеткізу, жаңа жұмыс орындарын ашып жұмыссыздық деңгейін азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік туады.


І.Бозкөл ауылының ағымдағы даму жағдайын талдау.

Қазіргі Бозкөл ауылы 1929 жылы 10 үйден біріккен алғашқы артель құрылып, 1929 жылдың жартысында «Каукей», «Жыңғылды көл», «Қаратерек», «Қаракөл», «Жаңа бақыт», «Комунизм», «Астаукөл», «Қайықжол», «Жанай», «Қалсен» колхоздары ұйымдастырыла бастаған. 1940 жылы «Каукей», «Жыңғылды көл» колхоздарын біріктіріп «Дзерженский» колхозы, «Астаукөл», «Қайықжол» колхоздары «Сталин» атымен, «Қаратерек», «Қаракөл» колхоздары «Андреев» колхозы және Жаңа бақыт», «Комунизм» колхоздары «Комунизм» колхозы деп аталған.

1940 жылы ауданда 61 колхоз құрылып, әр колхозда мал шаруашылығын дербес өркендету мақсатымен фермалар ұйымдастырылған. 1957 жылы 10 ақпан күні «Андреев» және «Комунизм» колхоздарын біріктіріп, Қазалы ауданындағы 2-ші совхоз- «Бозкөл» совхозын құрған.

«Бозкөл» совхозын көркейту мәселесін зор көңіл бөлінді: стандартты тұрғын үйлер, клуб, тұрақты киноқондырғы, кітапхана, орта мектеп, селолық аурухана, монша, қуатты радиоторабы салынды. Үлгілі жоба бойынша мал қоралары және басқа өндірістік объектілер салынды. Осындай шаруашылық нәтижесінде совхоз өрге басып әлдене бастады. Совхоз тұрақты рентабельді шаруашылыққа айналды.

Кәсіпкерлік: Бозкөл ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 3 айында 24 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері есепке алынды.

Атап айтқанда: 8 - мал шаруашылығы бойынша, 1 – балық тоғаны, 7 - сауда дүкені, 3–жолаушылар тасымалы, 2 – егін шаруашылығы бойынша, 1 – тігін, 1–буфет және 1 - монша кәсіпкері тіркелген.

2018 жыл басынан бері жаңадан 2 кәсіпкер субьектілері тіркелді. Оның ішінде 1 дүкен және 1монша.

Алдағы 2018 жылдың сәуір айына кәсіпкерлікке 1 – шатараз және 1- наубайхана ашуға ниет білдіруде.

Бағдарламаның екінші бағыты негізінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2 адам оқып (Бақберген Ерболат, Айбек Гүлсім), бір адам бизнес жоспарын қорғап сертификатын алды. Оның 1-еуі (Бақберген Ерболат,) несие алып малшаруашылығын дамытуға жұмыс жасауда. «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасымен 2 адам оқып, (Ескебеков Онталап, Арзахметов Нуркен) сертификатталып малшаруашылығымен айналысу үшін несие алуға жұмыс жасалуда.

2018 жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 2 адам құжаттары дайындалуда, «Бастау-Бизнес» жобасына 4 адам тіркеліп, 1 айлық оқуға ниетті болып отыр.



Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 2017 жылы бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа 7 адам, 1адам әлеуметтік жұмыс орнына, қайта даярлауға 1 адам, жастар тәжірбесіне 1 адам жіберіліп, ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам тартылды. 2018 жыл бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа 2 адам, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында атаулы көмек бойынша 8 отбасынан 16 адам қаржылай әлеуметтік көмек алуда.

2017 жылы бау-бақша өнімдерімен айналысатын 1 ауыл шаруашылық «Бозкөл» кооперативтері құрылып, бау-бақша өнімдерін көршілес аудандардың орталығында, елді мекендерінде және көршілес Рессей Федерациясының қалаларына экспортталды. 2017 жылы 53,7 га бақша өнімдері егіліп келсе биылғы 2018 жылға бақша көлемін арттырып 55-56 гектарға егу жоспарланып отыр. Егілетін аймақтары күркүреуік және Дөненбай каналының бойы. Ауылшаруашылық басқармасының қолдауымен су насосы алынып берілген орнатылатын аймағы күркіреуік жеріне орналастыру жоспарлануда. Дөненбай каналы 2017 жылы 3,5 км қазылған бұл аймақта да бақша дақылын егуге қолайлы жерлер бар.

2017 жылы ауылдық округте «Уалихан» шаруа қожалығы мал басын асылдандыру мақсатында өз қаржысына 2 бұқа малын алып асылдандыруда, бір жанұядағы 3 адамды жұмыспен қамтып отыр, 2 сауда дүкені 1 адамнан жұмыспен қамтып отыр. «Тайкеткен» шаруа қожалығы асылдандыру мақсатында өз қаржысы есебінен англоараб жылқы тұқымынан 1 бас сатып алып жұмысын бастауда. Ауыл тұрғындары арасынан жылқы малын асылдандыру мақсатында өз қаржысына асыл тұқымды жылқы малын сатып алуға қызығушылық танытып отырған азаматтар бар.

Алдағы уақытта ауылдық округ көлемінде шағын кәсіпкерлік пен өнеркісіпті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлікті дамытушылар арасында өнім өндіру бағытындағы кызметтердің (жұмыстар) көлемін ұлғайту, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына ауыл кәсіпкерлерінің белсенді қамтылуына ықпал ету, ауылда шығын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы әрбір берілген несиенің өз мақсатында пайдаланылып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті салық базасының көбеюіне ықпал ету кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекет тарапынан беріліп жатырған барлық көмектердің пайдаланылуына ықпал етілетін болады.




Бозкөл ауылдық округінде қажет ететін мәселелер төмендегідей;

Бозкөл ауылының дамыту бағдарламасы 2018 жылы жасалынған

• 90 орындық жаңа балабақша ғимаратын салуды қажет етеді.

• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, қосымша жұмыс орындарын

ашу;


• Елді мекенді көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жандандыру;

• Бозкөл ауыл аумағынан бақша дақылдарын егу жұмыстарын

ұйымдастыру, кәсіпкерлер арқылы егу көлемін ұлғайту.

• Ауылішілік А.Жолжанов және Д.Қуандықов көшелеріне 3,5 шақырым

автомобиль жолын орташа жөндеу;

• Дөненбай каналының казылмаған 19 шақырым бөлігін қазып тазалау;

• Ауыл келбеті болатын орталық көшені абаттандыру.

• Мәдениет үйінің ауласын абаттандыру.











Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

2018 жыл





Іс шаралар

Аяқталу формасы

Жауапты орындаушы

Жүзеге асыру мерзімі

Шығындар

(млн. тенге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Үйымдастыру іс шаралары.

1.1

Бозкөл елді мекеніндегі шағын және орта бизнес құрылымдарының өндірістік, элеуметтік инженерлік, көлік құрылымын және тұрғын үй қорын зерттеу.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Бозкөл ауылдық округінің әкімі

наурыз

2018 жыл








1.2.

Бозкөл елді мекенінің бәсекелестік әлеуеті және даму кеңістігін зерттеу.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Бозкөл ауылдық округінің әкімі

наурыз

2018 жыл








1.3

Шаруашылық құрылымдарының кәсіпкерлік белсенділігін бағалау және өндірген өнімнің өткізу рыногын зерттеу.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Бозкөл ауылдық округінің әкімі

Сәуір

2018 жыл








1.4.

Аудан, ауылдық округі әкімдігі және шаруашылық құрылым жетекшілерімен меморандум жасасу.


Меморандум

Аудан, ауыл әкімдігі және шаруашылық жетекшілері.

Сәуір

2018 жыл








1.5

Бозкөл ауылының әлеуметтік экономикалық даму жоспарын халық жиынында талқылау.

Қоғамдық кеңестің хаттамасы

Бозкөл ауылдық округінің әкімі

Сәуір

2018 жыл









2. Елді мекенінің экономикалық дамуы.

2.1

90 орындық балабақша құрылысын салуға

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Аудандық құрылыс бөлімі

2017 ж.

ЖСҚ сәйкес

Бюджет есебінен

3 Индустриалдық – инновациялық жобалар

3.1

Шаштараз ашу және тиісті органдарға тіркеу



Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Жеке кәсіпкер Өтепбергенова Г

2018 ж. І жарты жылдық

1,0

Өз қаржысына

3.2

Монша салуға

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Жеке кәсіпкер Әбдіжаппаров Нұрлан

2018-2019ж

3,0

Өз қаржысына

3,3

Наубайхана

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Досжанов Берік

2018-2019ж

1,5

Несие алу арқылы

4 Елді-мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымы

4.1

Ауылішілік А.Жолжанов және Д.Қуандықов көшелеріне 3,5 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Бозкөл ауыл округінің әкімі, Аудандық ТҮКШ АЖ бөлімі.

2018-2020 ж.

ЖСҚ сәйкес

Бюджет есебінен

4.2

Мәдениет үйінің ауласын абаттандыру.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Бозкөл ауыл округі әкімдігі

2018

ЖСҚ сәйкес

Бюджет есебінен

4.3

Дөненбай каналының казылмаған 19 шақырым бөлігін қазып тазалау;

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

2018 ж.

-

Бюджет есебінен

4.4

Көшенің жарық шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Бозкөл ауыл округі әкімдігі

Жыл сайын

230,0 мың

Бюджет есебінен

4.5

Ауыл келбеті болатын орталық көшені абаттандыру.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат

Бозкөл ауыл округінің әкімі

Жыл сайын

441,0 мың

Бюджет есебінен





Бозкөл ауылдық округі бойынша

жобалық сметалық құжаттары дайын жобалар.

р/с

Жоба атауы

Жоба құны, мың тг

Жобаның әзірленген уақыты

1

Бозкөл ауылдық мәдениет үйінің ауласын абаттандыру

14,0 млн

ЖСҚ 2016 ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет