Ұйымдастыру түрі: іс шара, әңгіме, кеңес
Функционалдық қызметі: жылдық жоспар
Іске асыру мерзімі: жыл бойы
Деңгейі: оқушылар мен жасөспірімдер
Тәрбиелеу принциптері: сабақтастық
Бақылау әдістері: әдістемелер, әр түрлі диагностикалық тесттер, әңгіме, сауалнама
Қолданыста болуы: үлгі жоспар
Пайдаланылған әдебиеттер: «Мектептегі психология» журналы, «Қызықты психология»журналы , интернет ресурстарынан
«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры: К.С.Кусаинова Тәрбие ісі меңгерушісі: Д.Т.Мамытханов
«Қаратал орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 2021-2022 оқу жылына арналған суицидтің алдын- алу жөніндегі іс-шара
ЖОСПАРЫ
№
|
Іс-шаралар атауы
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
Жүзеге асыру
|
1
|
2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну
|
Қыркүйек
|
Мектеп әкімшілігі
|
Жоспар
|
2
|
«Мектеп бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау проблемасы туралы» кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы
|
Жылына 2 рет
|
Тәрбие ісі меңгерушісі
|
хаттама
|
3
|
Суицидтің алдын –алу барысында ата-аналарға арналған баяндамалар,түсінік жұмыстары т.б
|
Үнемі
|
Тәрбие ісі меңгерушісі
сынып жетекшілер
психолог
|
Ақпарат
|
4
|
Оқушылар және жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, зерттеу және әдістемелік кеңес беру жөніндегі жұмыс тобын құру
|
жыл басында
|
Психолог
|
Жұмыс тобы
|
5
|
Суицид оқиғасы тіркелген жағдайда тез арада 1 күннiң iшiнде бiлiм беру ұйымдарымен бiрiгiп, себептер мен қолданылған iс-шаралар туралы анықтама беру
|
тұрақты
|
Мектеп директоры
Психолог
Сынып жетекшілер
|
Анықтама
|
7
|
Мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы суицид және жазатайым оқиғаларының алдын алу мақсатындағы психологтардың жұмысына бағыт-бағдар беру және үйлестіру алдын алу шаралары, (диагностика, психокоррекция жұмыстары, әңгімелесу, жеке жұмыс және т.б.)
|
жыл бойы
|
Мектеп әкімшілігі
Білім беру орталықтары
|
Ақпарат
|
8
|
Мектеп оқушыларының психикалық денсаулығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізу, бала психикасында өзгерістер байқалған жағдайда оларға қолдау көрсету мақсатында мектеп мұғалімдері мен дәрігерлер жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ету шараларын алу
|
тұрақты
|
Тәрбие ісі меңгерушісі
сынып жетекшілер
психолог
|
Ақпарат
|
9
|
«Шұғыл бағыт» пен қоғамдық қабылдау бөлмелері бойынша балаларға құқықтық психологиялық көмек көрсету, кеңес беру
|
тұрақты
|
психолог
|
Ақпарат
|
10
|
Мектептегі кәмелетке толмағандар арасындағы суицид және жазатайым оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарын зерделеу
|
жұмыс жоспарына сәйкес
|
психолог
|
Ақпарат
|
11
|
«Жасөспірімдердің мінез-құлқында кездесетін өз-өзіне қол жұмсауға педагогикалық-психологиялық көзқарастар және оның алдын алу» тақырыбында мектепішілік семинар ұйымдастыру
|
қаңтар
|
Мектеп ұжымы
|
Семинар
|
12
|
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу жөнінде аудандық, облыстық, республикалық газеттерге мақалалар жариялау
|
Ақпан
|
Психолог
|
Ақпарат
|
13
|
Жасөспірімдер арасында ойынқұмарлықтың, нашақорлықтың, темекі шегудің және маскүнемдіктің зияны туралы ақпарат жүргізу.
|
Үнемі
|
Сынып жетекшілер
|
Ақпарат
|
14
|
Суицидтің алдын алу атқарылған жұмыс қорытындысын қарау
|
мамыр
|
Мектеп әкімшілігі
Қоғамдық ұйымдар
|
Шешім
|
Психолог: Е.К.Калиев
«Найманбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БАЯНДАМА
Оқушылар мен жасөспірімдердің суйцидтік мінез құлық ерекшеліктері
Дайындаған: Қалиев Ерден Құсманияұлы
Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байлынысты. Педагогикалық этиканы сақтай отырып, баламен сөйлесу, оған жылы қабақ таныту, қолдау, оның көңіл – күйінің бұзылу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Баланың қиналып жүрген сәтінде көңіліне дамеу болар, ақыл – кеңес берер досы, ұстазы, ата – анасы болса, оның өз өміріне қасақана қол сұғып, өзін – өзі өлімге қимасы анық.
Сондай – ақ, жасөспірімдер арасындағы суицид материалдық жағдайы жоғары отбасында да орын алып жатқандығы ескеріліп, баланың мұндай әрекетке баруы ата – аналардың балаларына көп көңіл бөлмей, сырласпауы жайында да үлкен әңгіме болып отырғаны белгілі. Сондықтан да, біз жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарын қолға алып отырып, ата – аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
Зерттеулерге сүйенсек, өзіне – өзі қол жұмсау оқиғасының 41 пайызы - жұмбақ жағдайда, 18 пайызы – жан - күйзелісінің салдарынан, сондай – ақ, 19 пайызы – кесімді жазадан қорыққаннан, 18 пайызы – отбасындағы жағдайлардан, 6 пайызы – махаббат «ауруның» салдарынан болған.
Жыл сайын елімізде өзіне – өзі қол жұмсау нәтижесінде 3000 бала қайғылы қазаға ұшырайды. Олардың жасы бар болғаны 14 – 17 аралығында.
Өзіне – өзі қол жұмсар алдында мына жағдайлар жиі кездесетін ұмытпаңыз:
сабақ үлгерімі төмендейді;
қарым – қатынасы шектеледі;
қызығушылық деңгейі баяулайды;
көңіл – күйі болмайды, тез ашуланады;
тәбеті төмендейді немесе ашқарақ болады,
ұйқысыздыққа ұшырайды;
өлім туралы әңгіме айтады немесе қорқытады;
жеке заттарын ретке келтіреді;
достарына алғыс сезімін білдіріп, жылы қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |