Мәтінмен жұмыс.
Абай Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.
Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі көріністері қандай?
Сіз өзіңіздің бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?
Жаңа ақпарат.
Мінез – кісінің өзіндік бағдарының жан дүниесі ерекшеліктерінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады. Мінезде адамның сыртық ортамен қарым – қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, сабырлы болып түрлі салаларға бөлінеді.
Тәрбиелі мінез – көпшіл, ізетшіл, адамға қамқор, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірмен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық қасиеттерден тұрады.
Толық мінез адам – рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой – өрісі кең адамдар. Бірқалыпты мінезді адам құйындай ұйтқып тұрмайды, сөзі мен ісі бір емес.
Жақсы мінез, адал ниет, пейілінің кеңдігі мен ниеттің тазалығында екен.
Тапсырма: Өзіңнің қандай екеніңді білу үшін өзіңе сын көзқараспен қара. Мынадай сұрақтарға жауап бер дейді.
Мінезіңнің күшті жақтары қандай?
Мінезіңнің осал жақтары қандай?
Басқаларды сен қалай қабылдайсың? (жақсы ма, әлде жаман ба?)
Туған – туыс, достарыңмен қарым – қатынасың қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |