Е 3) Сатып алған заттарыңыз бен шығындарыңызды есептейсіз бе?
4)Жинастырып, ретке келтіруді ұнатасыз ба?
5)Сізге сенімсіздік қасиет тән бе?
Кілті: Сіз туралы басқа адамдардың ойы. АОО – Сізді көбінесе сенімсіз адам деп санайды. Сіз көңілді әрі сөзшеңсіз. Сіз әрқашан да айтқандарыңыздың бәрін орындай бермейсіз. Достарыңыз сізді оңай көндіреді, сондықтан да сізді әсерге тез берілгіш деп санайды.
АОБ – Сіз ұяң емессіз, кейде адамдар сізді дөрекі деп ойлауы мүмкні. Сіз ерекше болуға ұмтыла отырып, басқаларға қайшы келесіз. Кейде кешегі айтқандарыңызды бүгін терістей отырып, өз – өзіңізге қайшы келетін кездеріңіз болады. Сіз ұқыпсыз, мұңсыз, жауапкершіліксіз адамсыз.
АБО – Сіз айналыңыздарға билік жүргізгенді ұнатасыз. Сіз ашықсыз, салмақтасызы, басқалардың пікірін сыйлайсыз, сізді адамдар ешқашан қиындыққа қалдырмайды деп ойлайды.
АБВ – сіз айналаңыздарға билік жүргізгенді ұнатасыз. Сондықтан да сізді дөрекі деп ойлайды, көпшілік адам сізден қашқақтайды.
ООО –сіз ұстамды, тұйықсыз. Сіздің не ойлап тұрғаныңызды ешкім білмейді. Сізді көп адамдар түсіну қиын деп есептейді.
ООВ – сіз әңгіме барысында екінші адамға сөйлеуге мұрсат бермейсіз. Сіз туралы «мінезі неткен жаман, ұстамсыз» деп ойлайды.
ОБО – Сіз сияқты адамдар мектеп қабырғасында үлгілі жақсы бағалар алады, мұғалімдер оларды сыйлайды, ал жолдастарыңыз мақтаншақ деп ойлайды.
ОБВ – Сіз ұсақ – түйекке бола ренжіп ұрсысып қаласыз. Сізді бәрі ренжітеді деп ойлауыңыз мүмкін. Сізді өкпелегіш, күдікшіл адам деп ойлайды.