«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы жыл сайын 100 мың студентті қамтиды. Ал қосарлы білім алумен қамтылған студенттердің саны 35%-ға жетеді. Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі 63%-дан 75%-ға дейін артады», — деді ведомство басшысы. ҰБТ электронды форматқа көшіріледі Мұндағы міндет — кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100% жаңарту. Шетелдік студенттер саны жалпы контингенттің 10% құрайтын болады. Министрдің айтуынша, профессорлық-оқытушылар құрамның жалақысын көтеру, білім беру гранттарын орта есеппен 340-420 мыңнан 900 мың теңгеге дейін арттыру арқылы университеттердің материалдық базасын жақсарту қарастырылған. «Бұл көптен күткен жаңалық, 2011 жылдан бастап грант құны өзгерген жоқ деуге болады. Ол үшін бюджеттен 244 млрд теңге бөлінеді. 10 университетте академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд теңге бөлінеді. 10 университет әлемдегі үздік 500 университеттің қатарына қосылады», — деді А. Аймағамбетов. Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріліп, бірнеше грант түрлері енгізіліп, жоғары білімнің қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға жатақханалар салынады.