Ауылдарда орта білім беру сапасын арттыру Оқулықтарды әзірлеу, сараптау, басып шығарудың жаңа жүйесін енгізу, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуді аяқтау, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшу, критерийлік бағалау мен оқу бағдарламаларын жетілдіру қарастырылған. Балаларға арналған білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы инклюзивті білім алуға жағдай жасалған. Инклюзивті білім беру 55%-дан асты. Тағы бір маңызды міндет — қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. Осы мақсатта кешенді шаралар қабылданады: шағын жинақы мектептерді білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу жүйесі өзгереді, ауыл мектептерін оқу материалдарымен, компьютер жабдықтарымен және цифрлық құрылғылармен толық қамтамасыз ету көзделген. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 150 млрд теңге қарастырылған. 800 жаңа мектеп құрылысы тапшылық мәселесін шешеді Болжам бойынша 2025 жылға қарай орындар тапшылығы шамамен 500 мың орынды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін мектептер мемлекет пен жеке сектордың есебінен салынады. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар тарту есебінен 650 мыңнан астам орынға арналған 800 жаңа мектеп салу жоспарлануда.