Білім беру жүйесіндегі кадрлардың ауысуы Осыған байланысты 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге өтеді. «Қаржыландыру да облыстық деңгейге көтеріледі. Ол өңірлер мен мекемелер арасындағы білім алшақтықтығын төмендетуге бағытталады», — деді министр. А. Аймағамбетовтың айтуынша, соңғы уақытта білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау тәртібі туралы сұрақтар көбейіп келеді. Мәселен, бірқатар ұйымдардың басшылары 20 жылдан астам уақыт бойы бір жерде жұмыс істеп келеді. «Сондықтан біз жаңа жүйе бойынша балабақша, мектеп және колледж директорларын тағайындайтын боламыз. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауыстыру жүйесін ротация арқылы қолданатын боламыз. Қазіргі заман талабына сәйкес білім беру саласы автономды басқарудан корпоративті басқаруға көшеді», — деді ол.