Ғылыми әлеуетті нығайту Біріншіден, егер 2019 жылы ғылымды қаржыландыру 43 млрд теңгені құраса, 2025 жылы ол 400 млрд теңгеге жетеді; Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 млрд-тан астам теңге бөлінеді; Үшіншіден, егер бұған дейін гранттар бойынша конкурстар үш жылда бір рет өткізілсе, келесі жылдан бастап ол жыл сайын бөлінетін болады; Төртіншіден, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жеке бюджеттік бағдарлама жасалады. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру бойынша ғалымдардың цифрлық дағдыларын дамыту, ғылыми ұйымдардың кадрлық және басқарушылар құрамын қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру мәселелері қарастырылады. Жалпы, бағдарлама аясында білім беруді қаржыландыру көлемі 6 есеге, ғылымды қаржыландыру 7 есе өсті. Білім және ғылым министрінің айтуынша, Бағдарламаны іске асыруға 11 трлн 578 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, жеке инвестициялардың үлесі артып, 1 трлн 284 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, Көкшетаудағы АТ мектеп-лицейінің директоры А. Балташева педагогикалық қауымдастық атынан Үкімет отырысына шақырылды. Ол өз сөзінде жаңа мемлекеттік бағдарламада педагог мәртебесіне ерекше мән берілгенін, ал іске асырылған бағдарламада бұған мән берілмегенін атап өтті. А. Балташеваның айтуынша, мұғалімдерді қайта даярлаудың жаңа жүйесін енгізу және жалақының өсуі мектеп педагогтерінің мәртебесін көтеріп, жас мамандардың жаңа ағымын қамтамасыз етуға ықпал етеді. Бұған қоса, білім беру мекемесінің директоры жаңа мемлекеттік бағдарламада білім беру мәдениетіне баса назар аударылып, мектеп пен ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматын енгізу қарастырылғанын атап өтті. Енді білім беру қазақстандық мұғалімдерді қуантатын жаңалық — құндылықтарға негізделетін болады.