БАҒдарламасы «Экологиялық химия»



бет5/12
Дата02.02.2018
өлшемі0,79 Mb.
#37406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәрістің мазмұны:

ағын суларды тазалау әдістері туралы жалпы түсінік; ағын суларды қатты заттардан тазалау; ағын суларды тазалаудың физика-химиялық әдістері; ағын суларды тазалаудың химиялық әдістері; ағын суларды тазалаудың электрохимиялық әдістері; ағын суларды тазалаудың биохимиялық әдістері;

суларды залалсыздандырудың химиялық әдістері, суларды залалсыздандырудың физикалық әдістері; уларды залалсыздандырудың физика-химиялық әдістері

Әдебиет: /1, 6, 10, 12, 15, 17, 20, 28, 29, 31, 32, 33, 34, 35/


Техникалық оқу құралдары: кодоскоп

ОЖСӨЖ мазмұны: “Қазақстандағы ауыз суларының ресурстары”, “Суды тазалайтын фильтрлер” тақырыптары бойынша баяндама тындау

СӨЖ мазмұны: тестілік дайындалу

Әдебиет: /1, 788-793 бет/
2 кредит сағат

Семинар 3

Тақырып: Химиялық ластанудаң биосфераны қорғау


Сұрақтар:

  1. Ағын суларды тазалау әдістері туралы жалпы түсінік

  2. Ағын суларды қатты заттардан тазалау

  3. Ағын суларды тазалаудың физика-химиялық әдістері

  4. Ағын суларды тазалаудың химиялық әдістері

  5. Ағын суларды тазалаудың электрохимиялық әдістері

  6. Ағын суларды тазалаудың биохимиялық әдістері

  7. Суларды залалсыздандырудың химиялық әдістері

  8. Суларды залалсыздандырудың физикалық әдістері

  9. Суларды залалсыздандырудың физика-химиялық әдістері

  10. Биоремедиация туралы жалпы түсінік

  11. Топырақтарды тазалау биоремедиация негіздері

  12. Биомиметика және оның ролі

  13. Экобиокатализ

ОЖСӨЖ мазмұны: есептер шығару

Әдебиет: /1, 824-832 бет/

СӨЖ мазмұны: тестілік дайындалу

Әдебиет: /1, 788-793 бет/
15 апта

1 кредит сағат

15 дәріс



Тақырып: Тұрақты даму мақсатындағы химия

Дәрістің мазмұны: “тұрақты даму” түсінігі, Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тенденциялары мен перспективалары, халықаралық программалар;


химия ғылымы және тұрақты даму, экологиялық химия, ресурссақтаушы химия, химиялық мониторинг, өмір химиясы

Әдебиет: /1, 24, 37/


Техникалық оқу құралдары: кодоскоп

ОЖСӨЖ мазмұны: есеп шығару

Әдебиет: /1, 832 бет/

СӨЖ мазмұны: 8-15 апта сұрақтары бойынша дайындалу
2 кредит сағат

Семинар 4

Тақырып:


Сұрақтар:
  1. “Тұрақты даму” түсінігі


  2. Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тенденциялары мен перспективалары

  3. Халықаралық программалар

  4. Химия ғылымы және тұрақты даму


ОЖСӨЖ мазмұны: КОЛЛОКВИУМ 2

СӨЖ мазмұны: есеп шығару

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Панин М.С. Химическая экология. – Семипалатинск: Изд-во ВКГУ. – 2002. – 570 с

  2. Исидоров С. Экологическая химия. – С-Пб.: Изд-во СПГУ. – 2001

  3. Лекциялар курсы

Қосымша әдебиеттер

  1. Арыстанбекова Н.Х. Моделирование загрязнения воздушного бассейна города Алматы.- А.:Дайк-Пресс, 2003.-112 с.

  2. Баешов А. Экология және таза су проблемалары:Окблык.-А.:ДХнекер, 2003.-224б.

  3. Банников А.Г. Основы экологии и охрана окружающей среды:Учеб./А.Г.Банников,А.А.Вакулин,А.К.Рустамов.-3-изд., перераб. и доп.-М.:Колос,1996.-303с

  4. Безуглова О.С. Биогеохимия:Учебник для вузов - Ростов-на-Дону:Феникс, 2000.-320 с.

  5. Безуглая Э.Ю. и др. Чем дышит промышленный город.-Л.: Гидрометеоиздат, 1991.-253с.

  6. Бигалиев А. Қазакстан топырағы және оның экологиясы. - А:Санат,1995.-128б.

  7. Бобылев С.Н. Экономика природопользования: Учеб. пособие -М.:ТЕИС,1997.-272с.

  8. Бродский А.К. Жалпы экологияның кыскаша курсы: Оку кұралы.-А.: Ғылым,1998.-176 б

  9. Варламов А.А. Экология землепользования и охрана природных ресурсов: Учеб.пособие. - М.:Колос, 1999.-159 с

  10. Васнецова А.Л., Гладышев Г.П. Экологическая биофизическая химия.-М.: Наука, 1989.-136с.

  11. Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера.- М: Айрис-пресс, 2004 - 576с

  12. Владимиров и др. Охрана окружающей среды. –1991.-423с.

  13. Вронский В.А. Экология: Словарь-справочник.-2-е изд. - Р.на Д.:Феникс,2002.-576с

  14. Демешева Г.А. Экология Казахстана, ее состояние и проблемы: Библиографический указатель.1989-1991. - А.:Библиотека НАН РК,1996.-221с

  15. Жатқанбаев Ж. Экология терминдерiнiң түсiндiрме сөздiгi -А.:РБК,2000.-182 бет

  16. Израель Ю.А. Кислотные дожди. –Л.: Гидрометеоиздат, 1989.-239с.

  17. Исаева Л.К. Конроль химических и биологических параметров окружающей среды.- СПб.:Союз,1998.- 896с

  18. Исидоров С. Введение в химическую экотоксикологию. - С-Пб.: Изд-во СПГУ. – 2002

  19. Казахско-русский /русско-казахский/ терминологический словарь: Химия/ Под ред. А.К.Кусаинова – Алматы: “Рауан”, 2000. – 328 с.

  20. Казахско-русский /русско-казахский/ терминологический словарь: Биология/ Под ред. А.К.Кусаинова – Алматы: “Рауан”, 2000. – 328 с.

  21. Қазақ тілі терминдердің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы ред. басқарған А.Қ.Құсайынов – Алматы: “Мектеп” ААҚ, 2002. – 392 б.

  22. Киянский В.В. Экология или рок Приуралья .-Уральск: Дастан,1996.-125с

  23. Коваленко Е.Г. Англо-русский экологический словарь: Около 32000 терминов.- М.:ЭТС, 1999.- 784 с

  24. Кузьменюк Н.М., Стрельцов Е.А., Кумачев А.И. Экология на уроках химии. – Минск: Изд.ООО”Красикрпринт”, 1996.-208с.

  25. Орлов Д.С. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении.-2-е изд. перераб. и доп. - М.: Высшая школа, 2002.-333с.

  26. Охрана окружающей среды./ Управление статистики ЗКО.-1999г.

  27. Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: СГПИ, 2005. – 548с

  28. Проблемы нефтегазового комплекса Казахстана: Материалы международной научно-технической конференции (5-6 декабря 2001г., Атырау)/ Отв. ред. Т.П.Сериков.-Атырау. Т. 1 -2001.-442с

  29. Природа Уральской области и ее охрана.- Уральск: Диалог, 1991-1992. –281с.

  30. Протасов В.Ф. Экология: Термины понятия. Стандарты, сертификация. Нормативы и показатели.- М.: Финансы и статистика, 2001.-204с

  31. Регионы Казахстана: 1999 год. Краткий статистический справочник.-А.,2000

  32. Республика Казахстан: 2006: Краткий статистический справочник/ Агентство РК по статистике.- А.,2006.-76 с

  33. Строкова З.П. Экологическое образование учащихся во внеклассной работе по химии. - Уральск: ЗКГУ, 2001.- 40

  34. Суйлеменов И.Э. Устойчивое развитие: Экологическое образование: -А.: Қазақ университеті, 2004.- 68с

  35. Телитченко М.М., Остроумов С.А. Введение в проблемы биохимической экологии. – М.: Наука, 1990. –288с.

  36. Тупикин Е.И. Общая биология с основами экологии и природоохранной деятельности.-“Академия”, 2000. –384с.

  37. Фелленберг Г. Загрязнение природной среды. Введение в экологическую химию: Перевод с нем. – 113с.

  38. Химия окружающей среды./Под ред. Дж.О.М. Бокриса.-М.: Химия, 1982.-672с.

  39. Экологическая химия. Основы и концепции/ Под ред. Ф. Корте. – М: Мир, 1997. – 396с.

  40. Ниязбекова А.Б., Чуб Т.И. Практикум по экологической эксперитизе. – Уральск, 2004

  41. Ниязова Р.Е. Лабораторные работы по экологической биохимии. – Уральск, 2002

  42. Биологический контроль окружающей среды/ Под ред. О.П.Мелеховой – М.: Академия, 2008


ГЛОССАРИЙ


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

1

2

Экология

Экология

Экологияландыру

Экологизация

Химиялық экология

Химическая экология

Биосфера

Биосфера

Тірі зат

Живое вещество

Биогенді зат

Биогенное вещество

Биокосты зат

Биокосное вещество

Геосфералар

Геосферы

Ноосфера

Ноосфера

Химиялық ластану

Химическое загрязнение

Радиобелсенділік /радиоактивтілік/

Радиоактивность

Диоксиндер

Диоксины

Пестицидтер

Пестициды

Ауыр металдар

Тяжелые металлы

Атмосфера

Атмосфера

Атмосфералық ауа тозаңы

Атмосферный аэрозоль

Көшетхана эффектісі

Парниковый эффект

Тұмша

Смог

Озон қабаты /озоносфера/

Озоновый слой

Қышқылдық жамбырлар

Кислотные дожди

Гидросфера

Гидросфера

Литосфера

Литосфера

Биогеохимиялық айналымдар

Биогеохимические циклы

Мониторинг

Мониторинг

ЭКОЛОГИЯ – /грек. Oikos-мекен, үй, logos-ілім/ - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым.

ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ - өңірлік, аймақтық ж/е ғаламдық деңгейде табиғи ортаның сапасын жақсартумен не ең болмаса сақтаумен қатар табиғи ресурстар мен табиғи жағдайлардың пайдаланылу тиімділігін арттыруда себептесетін технологиялық, басқарушылық ж/е басқа да шешімдер жүйелерінің дәйекті түрде еңгізілу процессі.

ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ – химикаттарды қолданудың салдарын ж/е олардың коршаған ортаға түскендегі эрекетін зерттейтін, экологиялық мониторингтің әдістерін талдап-белгілейтін ғылым.

БИОСФЕРА /грек. Bios-өмір, sphaira-шар/ - Жер планетасының тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе.

ТІРІ ЗАТ – биосферадағы тірі организмдердің жиынтығы ж/е биомассасы

биогенді зат - өле органика, детриттің барлық формалары ж/е биогенді тау жыныстары



БИОКОСТЫ ЗАТ – тірі затпен бигенді заттардың биогенді емес минеральды заттармен қоспасы /топырақ, ил, жер атмосферасы да жатады/

НООСФЕРА /грек. Ноос – ақыл, ес, сана; / - биосфераныңдамуының ең жоғарғы сатысы – “сана сферасы” /мыслящая оболочка/, мұнда негізгі дамуды анықтайтын фактор – саналы адам эрекеті.

ЛАСТАНУ – адамға ж/е табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық ж/е биологиялық заттектердің, агенттердің қоршаған ортаға түсуі.

ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ – Қ. ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларын асып түсетіндей болып өзгеруі н/е Қ. ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі н/е нормадан артық шамада түсуі.

ҚАЛДЫҚТАР – түзілген жерінде тікелей қолданылмайтын өндіріс, тұрмыс, көлік ж/е т.б. қалдықтары. Қ. халық шаруашылығының басқа салаларында н/е регенерация барысында өнім ретінде пайдаланылуы мүмкін, ал пайдаланылмайтын Қ. қоқыс деп аталады.

РАДИОАКТИВТІЛІК – қоршаған ортаның ерекше ластаушы түрі - кейбір химиялық элементтердің ж/е олардың изотоптарының атом ядроларының өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырауы.

РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУ – Қ.О-да радиоактивті заттардың құрамының қалыпты деңгейінен артуына байланысты физикалық ластану түрі. Р. л-дың негізгі көздері – ядролық сынақ ж/е қоңдырғылар /соның ішінде АЭС те бар/

РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР – ядролық реактормен жұмыс кезінде ж/е оларды өндіргенде, радиоактивтік изотоптарды қолданғанда түзілетін, бұдан әрі қолданылмайтын радиоактивтік заттар.

ДИОКСИНДЕР – полихлорланған дибензодиоксиндер /ПХДД/ ж/е соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар /ПХДФ/ класына жататын улы химиялық заттар.

ПЕСТИЦИДТЕР /лат. Пестис – жұқпа, цидер-өлтіру/ - өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, астық, ағаш зиянкестеріне қарсы, сондай-ақ малдың эктопаразиттеріне, қауіпті ауру жұқтырғыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар.

АУЫР МЕТАЛДАР – үлесті салмағы 4,5 г/см3 мөлшерінен жоғары металдар. Бұлардың құрамында адамның өмір сүруі үшін қажеттілері де /мырыш, темір, марганец, мыс/, организм үшін улы әсер ететіндері де /кадмий, сынап, қорғасын, күшән, никель, хром/ бар.

АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУ – жер бетінде ауыр металдардың жергілікті, аймақтық ж/е ғаламдық жиналу процессі.

АТМОСФЕРА /грек. Атмос – бу, сфера – шар/ - әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы.

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА ТОЗАҢЫ /атм. аэрозоль – нем. Сол, лат. Солюцио – ерітінді/ - қатты ж/е сұйық заттек бөлшектерінің ауада таралуы.

АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУ – табиғи ж/е антропогендік факторлардың әсерінен атм-ра ауасына түсетін н/е оңда түзілетін физика-химиялық агенттер мен заттектер. А. ластанудың табиғи көздеріне жанартаудың атқылауы, шаңды борандар, ормандағы өрт, желге мүжілу, тірі организмдердің іріп-шіру процестері жатады.

КӨШЕТХАНА ЭФФЕКТІСІ - атмосферада антропогендік қоспалардың /СО2, СН4, О3, азот оксиді, фреон/ концентрацияларының артуы салдарынан біздің планетамызда климаттың біртіндеп жылынуы.

ОЗОН ҚАБАТЫ /ОЗОНОСФЕРА/ - озон көп мөлшерде болатын стратосферадағы /10-50 км биіктіктегі/ қабат.

ТҰМША - /Смог ағылш. – түтін/ - қалың тұманның тамшылары мен тозаңды бөлшектерінің үйлесуімен сипатталатын атмосфералық ауаның қауіпті ластануы. Қарқынды тұмша өсімдікке теріс әсерін тигізеді, имараттардың, сәулет ескерткіштерінің бұзылуына себепші болады, адамдарға әр түрлі аурулар /тұншығу, бронх демікпесінің ұстамасы, аллергия ж/е т.б./ тудырады.

ГИДРОСФЕРА – құрлықтағы /терендегі, топырақтағы, жер бетіндегі/, мұхиттағы ж/е атмосферадағы, яғни Жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Планетаның беткі қабатындағы сулар /құрлық пен мұхиттағы/ жердің ерекше қабыршағы ретінде қарастырылады.

ЛИТОСФЕРА /литос – тас/ - жердің қатты бөлігінің сыртқы қабаты. Құрлықтағы литосфера бетінде экожүйе дамиды. Жердің ішкі құрылысы, негізінен үш бөліктен тұрады; оған литосфера, мантия және ядро кіреді.

ТОПЫРАҚ – жер қабығының үстінгі қабаты /шынында мору қыртысы/. Ол өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бастапқы жыныстардың өзара әрекеті нәтижесінде түзіліп, дамиды және дербес табиғи түзілу болып табылады.

ГУМУС /лат. – жер, топырақ/ - өсімдіктермен жануарлардың қалдықтарының шіру кезінде түзілетін топырақтың органикалық заты

ТОПЫРАҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ – бұл топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

ТОПЫРАҚ ЭРОЗИЯСЫ /лат. – ерітіп-шіріту/ - тау жыныстарының, топырақтың және жер бетіндегі кез келген түзілулердің табиғи /сумен, желмен, мұздақтармен/ және антропогендік факторлардан /ормандарды кесу, жайылымдарда малды көп жаю, құрғақ аудандарда жеңіл топырақтарды жырту т.б./ бүлінуі /моруы/.

ШӨЛДЕНУ - адамның шаруашылық қарекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сирек, шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Жеке

7 апта

3,5 (үй тапсырма-сы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама


2

СӨЖ тапсырма-ларын орындау


Теориялық дайындықты тексеру

Сабақ тақырыбына байланысты

әр жұма

Тақырып бойынша

0,4

(аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру


3

СӨЖ тапсырма-ларын орындау

(барлығы 30 тапсырма)

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Сабақ тақырыбына байланысты

әр жұма

Тақырып бойынша

1

(аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру


4

Коллоквиум

Білімді тексеру

Сабақтар

тақырып-тарына байланысты


8, 15 апта

5

Тест

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру








40%

Тест



4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7


1

Панин М.С. Химическая экология. – Семипалатинск: Изд-во ВКГУ. – 2002. – 570 с


16


-


100%




-


-


2

Қазақ тілі терминдердің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы ред. басқарған А.Қ.Құсайынов – Алматы: “Мектеп” ААҚ, 2002. – 392 б.

14

-

100%

-

-

3

Костарев А.С. Экология. Электронный учебник - Уральск, 2007










100%






5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Дәріс 1.

Тақырып: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ. ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ. В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ОҚУЫ. ТІРІ ЗАТ. НООСФЕРА КОНЦЕПЦИЯСЫ

Дәрістің мақсаты: “Химиялық экология” деген жаңа ғылыми бөлімге, оның мақсаты мен міндеттеріне түсінік беру;

В.И.Вернадскийдің биосфера туралы оқуына сипаттама беру; Биосфераның тірі затына сипаттама беру. Ноосфераға түсініктеме беру



Тірек сөздер: экология, экологияландыру, химиялық экология; биосфера, тірі зат, биогенді зат, биокосты зат, геосфералар; тірі зат, ноосфера

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Жалпы экологияның мақсаты мен міндеттері

  2. Қазіргі кездегі экологияландырудың ролі

  3. Экологиялық білімдердің жалпы жүйесінде ж/е табиғатты қорғау қызметінде химиялық экологияның ролі

  4. Экологиялық проблемалардың негізіндегі химиялық процестердің ролі

  5. Химиялық экологияның мақсаты мен міндеттері

  6. “Химиялық экология” мен “Қоршаған ортаның химиясы” пәндер арасындағы айырмашылық

  7. Химиялық экология курстын теоретикалық ж/е қолданбалы мағынасы

  8. Биосфера туралы түсінік

  9. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы оқуы

  10. В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық принциптері

  11. Тірі зат, биогенді зат және биокосты зат субстанциялары

  12. Биосфераның абиотикалық және биотикалық бөлімдері

  13. Биосфераның құрылымы

  14. Тірі заттың химиялық құрамы

  15. Тірі заттың негізгі қызметтері

  16. Ноосфера концепциясы

Химиялық экология тірі организмдерді экожүйеге байланыстыратын хим. байланыстарды қарастырады, ж/е зерттеудің объектісі табиғи ж/е антропогенді заттар болып келеді. Экологиялық білімдердің жалпы жүйесінде ж/е табиғатты қорғау қызметінде Хим. экологияның ролі бірнеше себептермен көбейіп жатыр: 1/ табиғи тепе-тендікті бұзатын факторладың арасында хим. заттар ең манызды; 2/ биологиялық ж/е географиялық өзгерістерге қарағанда, хим. факторлар көзге көрінгіш ж/е анализдер өткізуге онай; 3/ хим. әдістермен құралдарға /хим. технологияға/ табиғатты қорғауда алғашқы роль беріледі

Биосфера атмосфераның төменгі қабатын /тропосфераны/, бүкіл су қабатын /гидросфераны/ ж/е жердің қатты қабатының /литосфераның/ беткі бөлігін қамтиды. Биосфераның биіктік шекарасы мұхит деңгейінен 6 км, ал төменгі шекарасы жер қыртысының 15 км тереңдігінде /осындай тереңдіктегі мұхит суларында бактериялар кездеседі/, ал мұхитта 11 км тереңдікте кездеседі. Дегенмен негізгі тіршілік дамыған кеңістік бар болғаны ондаған метрді ғана қамтиды. Биосфера өзін-өзі реттейтін экожүйе, мұнда әзірше экологиялық тепе-тендік сақталуда. Вернадскийдің “Биосфера” кітабы 1926 ж шыққан. Биогеохимияны оқып, Вернадский хим. элементтердің жер бетінде ыдырауын зерттеп, Менделеев таблицасынан тірі затқа кірмейтін бір элемент те жоқ екенін дәлелдеді. Вернадский үш биогеохимикалық принцип енгізді.

Тірі затты Вернадский планетаның барлық тірі организмдердің жиынтығы деп анықтады. Оның химиялық элементтық құрамы тіршілігі жоқ табиғатқа сәйкес келеді, бірақ элементтердің арақатынасы өзгеше. Тіршіліктің жалпы қасиеті белок молекулаларымен анықталады. Тірі орг-де басқа хим. заттарда кездеседі: н.қ., көмірсулар, май қышқылдары т.б. Вернадский тірі заттың биосферадағы 5 қызметтін анықтаған.

Ноосфера терминін франц. ғалымдары Э. Леруа /1927/ ж/е П. Тейяр де Шарден /1930/ енгізілген ж/е Вернадскиймен оқуында берілген: “барлық тірі организмдер Қ. ортаға икемденеді, ал адам ақылың қосады”. Бұл биосфераның ж/е оның тірі заттының табиғи кезені.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жалпы экологияның мақсаты мен міндеттері қандай?

  1. Экологияландыру қандай қызмет атқарады?

  2. Экологиялық білімдердің жалпы жүйесінде ж/е табиғатты қорғау қызметінде химиялық экологияның ролі қандай?

  3. Химиялық экологияның мақсаты мен міндеттері қандай?

  4. Экологиялық проблемалардың негізіндегі химиялық процестердің ролі қандай?

  5. “Химиялық экология” мен “Қоршаған ортаның химиясы” пәндер арасындағы айырмашылығын көрсетініз

  6. Химиялық экология курсының теоретикалық ж/е қолданбалы мағынасы неде?

  7. Биосфера деген не?

  8. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы оқуы қандай?

  9. В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық принциптері қандай?

  10. Тірі зат, биогенді зат және биокосты зат субстанциялары деген не?

  11. Биосфераның абиотикалық және биотикалық бөлімдері қандай?

  12. Биосфераның құрылымы қандай?

  13. Планетаның “тірі заты” деп нені айтады?

  14. Тірі заттың химиялық құрамы қандай?

  15. Тірі заттың негізгі қызметтері қандай?

  16. Ноосфера деген не?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 2, 13, 24, 38-42/


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет