4. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің үздіксіз айналысы. Экономикалық даму — бұл өзіне сандық және сапалық өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байланысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңындағы экономикадан өзгеше көрінеді, өйткені меншік қатынастарында ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгерістер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу саясаты пайда болып қалыптасты.
Экономикалық даму процесін дұрыс түсіну үшін экономиканың барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс процесімен байланысын қарастыру қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылар бір-біріне жалғасып қана қоймай, уақыт ағыны сияқты болып тұрады.
Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құралдары және тұтыну заттары. Бұл — машиналар, құрал-жабдықтар, нан, ет, маталар, киім, яғни адамның өмір сүруіне және дамуына қажеттердің барлығы.
Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы: нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.
Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтан да, бұл біртұтастық бір формада өзінің еңбек нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің мүмкін жолдары болып табылады. Бұл — «ақша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу — сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.
Тұтыну — кез келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасын жоғалтады.
Тұтынудан соң оны жаңамен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс — бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі ешқашан да үзілмейді.
Экономика және адам. Адамның Экономикалық қызыметтері.
Экономикалық мүдделер және экономикалық іс-әрекетінң басқа да ішкі себептері. Экономикалық адамның оңтайлы (ұтымды) іс-әрекеттерінің үлгілері.
Қоғамдық өндірістің құрлымы: Материалдық және материалдық емес өндіріс. Қоғамдық өндірістің нәтижелері: заттар, қызметтер, байлық.
Өндіріс және ұдайы өндіріс. Өндіру,бөлу, айырбастау және тұтыну. Жай және ұлғаймалы (экстенсивті, интенсивті) ұүдайы өндіріс
Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналмалы және экономикалық тұлғалардың өзара іс-әрекеттері.
Қоғам дамуын дәуірлерге бөлудің формациялық және өркениетті тәсілдері.
Өндіріс факторлары: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет (іс-әрекет). Еңбек өнімділігі мен қарқындылығы. Өндірістік функция.
Өндіріс мақсаты мен нәтижесі. Өндірістің тиімділігі.
Қоғамдық өндіріс. Ресурстар, өнімдер мен табыстардың айналым процесі.