Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Жер нарығы мен жер рентасы



бет53/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1

Жер нарығы мен жер рентасы
Жер рентасы - жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Оларға:

  1. .тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;

  2. .құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.

Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.
Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.
Нарықтық аграрлық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады — толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету-етпеуге ерікті болады. Аренда туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның (арендатордың) жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды: — жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деп монополия орнайды.
Жерге монополия — нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы — дифференциялық жер рентасын тудырады. Осы күнгі батыс әдебиеті «экономикалық рента» терминін қолданады, рентаны түрлерге бөліп қарамайды, бірақ олардың пайда болуының екі себебін келтіріледі.
Абсолют жер рентасы – капитал жер рентасынын бір түрі; ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар жасайтын қосымша құнның бір бөлігі. Жерге жеке меншік монополиясы болғандықтан, мұны жер иесі иемденеді.
Дифференциялдық рента - монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.
Дифференциалдық рентаның екі түрі бар:

  • дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді.

  • дифферендиалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын яғни, жердің құнарлылығын өсіруді, прогресивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді.

Екінші дифференциалды рента егін шаруашылығының стимулын күшейтеді. Бұл айырмашылық келісім шарттың мерзімі өткенше арендаторға түседі. Ал аренда мерзімі біткен соң, бұл да жер иесінің қарамағына түседі. Осы жағдай нарық экономикасын аграрлық секторға енгізудің өте зор кедергісі болып табылады.
Негізгі ұғымдар: өндіріс факторлары, еңбек нарығы, номиналды және нақты табыс,капитал нарығы, жер нарығы, жер рентасы,пайда.


Тақырып 8. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау. Лизингтік қызметтерді ұйымдастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет