Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Еңбек нарығынын мәні мен ерекшеліктері



бет52/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
Еңбек нарығынын мәні мен ерекшеліктері
Өндірісті жүзеге асыру үшін өндірістің тиісгі факторлары болуы тиіс. Демек, әрбір өндірістік бірлікге және жалпы экономикада еңбек пен капиталды қосып, олардың арасындағы кажеггі пропордияны камтамасыз ету қажет. Осы жалпы мәселенің шешімі әр турлі және экономикалық жүйенің туріне байланысты болуы мүмкін, ал нарык жүйесінде осы мәселе нарықтың көмегімен шешіледі.
Еңбек нарығы - бұл еңбекке сұраныс пен жұмыс күшінің ұсынысы қалыптасатын, қызметкерлер бөлініп, еңбек қызметінің әр турлі түрлерінің бағасы анықталатын нарықтық қатынастар саласы. Еңбек нарығы - бұл өндіріс факторларының нарығының бірі, осы нарық арқылы ең маңызды ұлттық еңбек ресурсы кәсіпорындардың, салалар мен өңірлердің, мамандыктардың арасында бөлінеді. Еңбек нарығының мәніне әр түрлі анықтама берілген. Енбек нарығы еңбекке сұраныс пен ұсыныс тоқайласып, ұсыныстың бағасы анықталатын қысаң саланы ғана қамтиды, ал еңбек нарығының субъектісіне жұмыс беруші мен жұмыс іздейтін адамдар жатады.
Еңбек нарығын кең мағынада карастыратын болсақ, ол нарыктық экономикада жұмыс істейтін, ұдайы өндірісті, айырбас пен еңбекті пайдалануды қамтамасыз ететін, енбекке деген сұраныс пен оның ұсынысымен енбек қарқынын арттыру аркылы қоғамдык қатынастар жүйесі ретінде түсінуге болады. Еңбек нарығында жеке (немесе ұжымды түрде - көсіподақтар мен кәсіпкерлер одағы арқылы) шартты қатынастар жасап, енбек сату мен пайдаланудың бағасы мен басқа да шарттарын пысықтайтын сатушылар мен сатып алушылар жұмыс істейді, сондыктан енбек нарығының басқа нарықтардан ешқандай ерекшелігі жок. Сөйтсе де тауар - еңбек - бірігей болғандыктан, енбек нарығының ерекшелігі де жоқ емес, өйткені бұл меншік иесінен ажырамайтын жалғыз тауар. Мұның өзінде қызметкер сату-сатып алу объектісі емес, оның еңбекке қабілеті сатылып, сатып алынады, ал керісінше егер адам тауар болса, онда оның еркін азамат емес, күл немесе крепостной екенін білдіруші еді.
Қазіргі кезендегі Экономика негіздеріда тауар-еңбектің пайда болып, тіршілік етуі үшін қажетті жағдайлар мәселесі арнайы қозғалмайды. аталмыш мәселе істің мән-жайынан және еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесіңде шекті еңбек өніміне тең еңбекақы белгіленіп, осы еңбекақының өзгеруі енбекке деген сұраныс пен оның ұсынысын тепе-тең етуіне орай теориялық жағынан туындайды. Егер осы проблеманы тарихи жағынан қарастыратын болсақ, онда еңбектің тауар ретінде тіршілік етуінің объективті негіздерін елемеуге болмайды. Дамыған тауарлық өндіріс үшін екі жағынан еркін, яғни бас еркіндігі өзінде жене өзіне тиесілі өндіріс қүралдарынан еркін қызметкер қажет. Бас еркіндігі жоқ қызметкер еркін адамнан қүлға, тауар иеленушіден -тауарға айналады. Ал адам өзіне тиесілі өндіріс кұралдарынан еркін болмаған жағдайда ол жұмыс күшін (еңбек) өзінің өндіріс құралдарын пайдалану нәтижесін сататын еді.
Басқа Экономика негіздеріларға қарағанда марксизимде тауар ретінде еңбек емес адам организмінің, тірі жеке басының жеке және рухани қабілеттерінің жиынтығы ретінде түсінілетін және адам қандай да болмасын тұтынылатын құнды өндіргенде колданатын жұмыс күші қарастырылады. Мұның өзінде баға мен еңбек құны санаттарының қүқыққа сәйкестілігі жоққа шығарылмайды, алайда олар тиісінше баға мен жұмыс күші кұнының нысандарына айналған (яғни мағынасын бұрмалайды) деп саналады. Еңбек нарығында орын алатын процестерді түсіну үшін осы шектеудің елеулі маңызы болмайды, тек еңбек-тауарды (егер тауар ретінде жүмыс күші қарастырылса, онда оның адамнан жеке бөлінбейтіні айқын көрінеді) адамнан ажырамайтынын түсінген жөн.
Еңбек процесін жүзеге асыратын еңбекті сатушы үшін өзінің еңбегінің бағасы ғана емес, сонымен бірге енбек жағдайы мен ұйымдастыру, өндірісте жарақат aлy ықтималдығы, бірлескен ен­бек процесіне қатысушылармен жасалатын өзара карым-қатынастарда әлеуметтік қолайлылықтың дәрежесі және т.б маңызды. Еңбекті тауар ретінде тасымалдаушы еңбек қатынастарындағы «әділдікті» басқаша түсінеді, сонымен бірге ол нарыктык әдістермен (ереуілдік күреске дейін) меншік ұйым (атап айтқан кәсіпдақ) кұруға, еңбекақыға талап қоюға және басқа да мәселелерді шешуге қабілетті.
Жүмыстың ауырлығындағы, жағдайындағы, оның тартымдылығының дәрежесіндегі және қоғамдық артықшылығындағы айырмашылықтардың маңызы нарықтық факторларға қарамастан төленетін еңбекақыдағы елеулі айырмашылықтарға себеп болады. Еңбек-тауардың бағасындағы өтемақы айырмашылыктары да ен­бек нарығындағы жағдайдан туындайды.
Сөйтіп еңбек тауар ретінде оның меншік иесі - адамнан ажырамайтындықтан, жалдамалы еңбек әр түрлі нарықтық емес факторлар өзге нарықтармен салыстырғанда анағұрлым манызды рөл атқарады.
Тауар-еңбектің кез келген кеністігінде қызметкерді де ауыстыруды ұйғарады. Ал мұның өзі отбасының келісім, балаларды жаңа жерде оқыту, тұрғьн үйдің болуы және т.б. қосымша проблемаларды туындатады, сонымен бірге әкімшілік-құкықтық шектеу-лер (тіркеу режимі, ұлттық, діни немесе жынысы бойынша кемсіту) кездесуі мүмкін. Осындай шектеулер неғұрлым аз және олар әлсіз болса, еңбек нарығы солғүрлым көп дамиды, алайда аталмыш шектеулерді толықтай еңсеруге болады, сондықтан еңбек нарықтары сегменттерге бөлінеді. ¥лттық және діни (жергілікті), салалык және кәсіби еңбек нарықтары. меншік нысан, әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша еңбек нарықтары және т.б. болады.
Еңбек нарығының негізгі элементтеріне:

  1. нарық субъектілері: жұмыс берушілер мен өндірісте жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін, алайда жұмыс істегісі келетін және жұмыс іздеп жүргендер;

  2. еңбек нарығының субъектілерінің арасындағы қатынастарды және оныд инфрақұрылымының қызметін реттейтін нарық институттары;

  3. нарық инфрақұрылымдары: халықты жұмыспен қамту қызметтері, кәсіби бағдарлау қызметтері, қызметтерді даярлау және қайта даярлау қызметтері, жұмыспен қамту қорлары, жарнама фирмалары және т.б. жатады.

Еңбек нарығы қалыпты жұмыс істеп, еңбек нарығының негізгі функдияларын орындау үшін нарықтың барлық элементтері болып, олар өзара ықпалдасуға тиіс. Еңбек нарығының негізгі функциясына мыналар жатады:

  1. баға белгілеу - еңбекақының мөлшері белгіленеді;

  2. ақпаратгақ - еңбек нарығының субъектілеріне сұраныс ұсыныстың деңгейі, сол немесе басқа кәсіп, мамандык, біліклік жөне т.б. бойынша төленетін еңбекақы жөніндегі шынайы ақпарат береді;

  3. бөлу - жұмыс орындарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, жұмыс күшін бөледі.

Еңбек нарығының басты функциясы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын, әлеуметгік тұрақтылық пен еліміздін саяси қауіпсіздігінің тенгерімділігінің негізінде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек нарығының жай-күйі мен оның қалыпты жұмыс істеуіне көптеген сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Қазақстандық нарыктағы жағдайдың өзгеруіне экономиканың ғаламдануы, халықаралық еңбек бөлінісі, шикізат ресурстарының әлемдік бағаларының жағдаяты, халықаралық көші-қон, жасырын еңбек көші- қоны сияқты сыртқы факторлар ықпал етеді. Ал қазақстандық еңбек нарығына тікелей ықпал ететін ішкі факторларға тұрақты экономикалық өсу, индустриялық-инновациялык даму, экономиканы қайта құрылымдау, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жасы бойынша экономикалық белсенді халық, жүмыс күшін даярлау, жұмыс күшінің білімі мен кәсіби даярлығының деңгейі, өңірлердегі еңбек нарықтарындағы жағдай, аумақтардағы, салалардағы және кәсіби ауқымдағы жұмыс күшінін ұтқырлығы сияқты факторлар жатады.
Қазақстандық еңбек нарығы үлгісінің қалыптасуынын бастапқы кезеңінде халықты жұмыспен қамту саясаты швед үлгісіне жақын бағытта жүзеге асырылды. Алайда ҚР жұмыспен қамту саясатын іске асыруда негізінен жұмыссыздык жөніндегі өтемақы төлеумен шектелетін енжар іс-шаралар колданылады. Еңбек нарығы ұзақ уақыт бойы осылай тиімсіз жұмыс істей алмады, сондыктан ҚР Үкіметі жұмыссыздарға төленетін өтемакыны материалдық жәрдеммен ауыстыру, жұмыспен қамту қорының мөлшерін шектеу, орталықтар мен жер-жерлерде жұмыспен қамтитын үлкен қызметтерді қайта ұйымдастыру сиякты бірқатар қатаң шара қолдануға мәжбүр болды. Алайда сонымен бір уакытта жұмыспен қамту саясатында қоғамдық жүмыстарды жандандыру қосымша жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды қайтаоқыту арқылы жұмыссыздықпен күресу жөніндегі белсенді шаралар жүргізуге бетбұрыс жасалды.
Қазақстанның егемендігінің қалыптасу барысында еңбек нарығынын қалыптасуымен байланысты бірнеше кезенді атап өтуте болады.
Бірінші кезең экономикалық еркіндіктің ауқымын кеңейтетін әрі кәсіпкерлік кызметті дамытатын бірқатар заңның қабылдануымен байланысты. Осы кезеңде осы кезеңдегі еңбек қатынастары саласының басты құқықтық құжаты, жұмыссыздықты жария еткен «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін құру туралы шешім қа-былданып, жұмыссыздыктың алдын алу мен оның әлеуметтік салдарын жеңілдетуге бағытталған республикалық және өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары әзірленді.
Екінші кезең экономикадағы жағдайдың тұрақсыздығы, көсіпорындардың банкрот болуынан жұмыс орындары мен жұмыс істейтіндердің санын күрт қысқартты. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес республикада жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау механизмін қалыптастыру қолға алынды. Жұмыссыз деп танылған азаматтарға жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы алу құқығы берілді. жұмыспен қамтылмаған еңбек ресурстарын әлеуметтік қолдау жүйесіне әлеуметтік төлемнен басқа жұмыс орнын іздестіруге арналған әлеуметтік жеңілдік енгізілді. Мемекеттік жұмыспен қамту қызметтері осы кезенде уақытша жұмысқа орналастыру мен қоғамдық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде көп жұмыс атқарды.
Үшінші кезең жекешелендіру мен мемлекет иелегінен алу процесінің өрістеуіне байланысты артық жұмыс күшін жұмыстан босату одан әрі жалғасты. Экономикалық белсенді халықтың жұмыспен қамту деңгейі 87%-ға дейін төмендеп кетті. ҚР Үкіметі ұзақ уакыт бойынша жұмыссыздық жөніндсгі жоғары жәрдемақы төлеу аркылы жұмыспен қамтудың енжар нұсқасынан бас тартып өзінің күш-жігерін жұмыс іздеу мен жаңа мамандык алу мүмкіндігін беру мен ынталандыруға жұмсады.
Төртінші кезеңде еңбек қатынастары «Қазақстан Рес-нубликасындағы еңбек туралы» жұмыссыздык жөніндегі жәрдемақы әлеуметтік жәрдемақымен - халықтың аз қамтылған топтарына берілетін бір есептік көрсеткіш мөлшеріндегі материялдық көмекпен ауыстырылды.
Егер 2004-2009 жылдар аралығында жұмыспен қамтылғандар санынын 1,8%-ға томендеу қарқынынын баяулағаны байкалса, ал 2009 жылдан бастап - жүмыспен қамтудың ұдайы артып келе жатканы байқалды. 2010 жылы 15 және одан жоғары жастағы халыктын экономикалык белсенділігінің деңгейі (2011ж. - 62,9%) 70,4%-ды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында ерлер 3922,8 мың адамды(51,4%), әйелдер - 3708,3 мың адамды (48,6%) құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың жартысы халыққа қызмет көрсетумен айналысады.
Бесінші кезең нарықтық экономиканың тиісті жағдайына жауап беретін ҚР еңбек кодексі қолданысқа енгізілген 2008 жылдың 1 каңтарынан басталды. сонымен бірге осы кезенде мемлекет әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан туындаған еңбек нарығын реттеудегі рөлі артты.
Еңбек нарығы –жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық.қатынастар жиынтығы. Ецбек нарығында ецбектіц өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерініңсаны мен сапасы еңбек иесі - жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.
Еңбек нарыгын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындагы сұраныстың субъектілері болып бизнес өкілдері жэне мемлекет, ал еңбек усынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.
Еңбекке деген сұраныс - бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін бел гілі бір багамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері.
Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:
Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі;
Жалақы деңгейі;
Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дэрежесі;
Ғылыми-техникапық прогресстің дамуы;
Елде қалыптастып отырган экономикалық жағдайлар;
Еңбек ұсынысы — бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықтық сата алуға дайындықтары.
Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:
Елдегі демографиялык жагдайлар;
Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы:
Жұмыс күнінің орташа ұзақтылыгы;
Миграциялық үдерістер;
Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі;
Кәсіподақтар қозғалысы;
Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері:
Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылыгы. Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсыныныц көлемі де жалакы деңгейіне тэуелді және оның ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.
Еңбекақы, оның функциялары мен рөлі.
Еңбек нарығының өте маңызды функциясы - баға белгілеу, еңбекақы еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысының өзара ыкпалдасуының нәтижесінде белгіленеді. Еңбекақы - еңбектің бағасының ақшалай нысаны. Өзге жағдайлар тең болғанда ол еңбектің шекті өніміне тең болады. Еңбекақы мен еңбектің мөлшерінің өзгеруі еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіреді, алайда еңбекақының тегі осымен шектелмейді.
Еңбекақы еңбектің бағасының нысаны ғана емес, еңбек-тауардың ерекшеліктерімен байланысты бірқатар факторлар түрлендіретін нысан. Жоғарыда айтылғандай, осы ерекшеліктер нарықтық қағидалардан емес, еңбекте қолданылатын сала мен жағдайлардың ерекшеліктерінен, сондай-ақ бір қатар басқада оның ішінде әлеуметтік-саяси факторлардың үйлесімінен туындайтын айырмашылықтар.
Еңбекақынын деңгейі мен әр түрлі кызметкерлердің арасындағы еңбекақының арақатынасын ажырата білген дұрыс. Еңбекақының деңгейі қоғамдык еңбек өнімділігінің денгейімен анықталады. Қоғамдағы еңбек өнміділігінің деңгейі неғүрлым жоғары болса, қоғамдык өнімнің мөлшері солғұрлым жоғары және еңбек бірлігіне шағылған өнімнің үлесі қаншалықты көп болса, еңбекақының деңгейі де соншалыкты жоғары болады. Бұл таза турде алынған байланыс сол бір елдегі әр түрлі уакыт кезендеріндегі еңбекақының деңгейіндегі айырмашылықтарды ғана емес, сонымен бірге әр түрлі елдердегі еңбекақыдағы айырмашылықтарды түсіндіреді.
Еңбекақының атаулы және нақты түрі болады. Атаулы еңбекақы - бұл қызметкер белгіленген уақыт үшін немесе еңбектің нәтижесі үшін алатын ақша сомасы.
Нақты еңбекақы - бұл кызметкер осы атаулы еңбекақыға сатып ала алатын игіліктің мөлшері.
Еңбекақыны анықтайтын барлық факторлардың ықпалдасу процесінде енбекақының келесі негізгі функциялары іске асырылады.
Еңбекақының бірінші функциясы – ұдайы толықтырылуы. Осы орайда еңбекақы қызметкер мен оның отбасы мүшелернің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті болып, олардың өсіп-өнуін қамтамасыз етуі тиіс.
Екінші функция - ынталандырушы: енбекақы еңбек процесіне тартуды және еңбектің тиімділігін арттыруға ынталандырады.
Үшінші функция - бөлу: еңбекақының көмегімен әрбір қызметкер еңбек ететін жер анықталады, еңбек салаларының, кәсіпрындардың және т.б. арасында бөлінеді.
Экономикада енбекақы сан алуан функция аткарады, солардың арасынан еңбекақының макроэкономикалық рөлін ерекше атап өту қажет. Еңбекақы - халықтың табысының негізін құрайтын күрамдас, осымен ол тұтынушылык сұраныстың деңгейі мен кұрамын анықтайды, яғни еңбекақының деңгейі неғүрлым төмен болса, экономикалық өсудін шекарасы солғүрлым қысаң келеді, өсетін еңбекақы экономикалық өсуді көтермелейді.
Алайда еңбек өнінділігінің өсуімен салыстырғанда еңбекақының шамадан тыс ұзақ уакыт бойы көтерілуі макроэкономикалық тұрақсыздықтың белең алуына, бюджет тапшылығы мен инфля-цияның өсуіне себеп болуына әкеп соқтыруы ықтимал. Осыған байланысты қазіргі кезеңдегі экономикалық саясатта енбекакыны реттеу маңызды бағыт ретінде карастырылады.
Еңбек нарығының мемлекеттік реттеу әдістері
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет басқа нарықтармен салыстырғанда еңбек нарығында жан-жақты іс-қимыл жасайды. Бұл түсінікті де, өйткені жұмыс күшінің иесі - азаматтар, мемлекет олардың мүдделерін қорғауы тиіс. Мемлекет нарық жұмыс істемегенде немесе қоғамда таралған әділдік туралы түсінікпен үйлеспейтін салдарға әкеп соқтырған жағдайда нарықтык катынастардың барлығына араласады. Нарықта ерікті түрде мәміле жасаудың көмегімен қол жеткізуге болатын нарыкгық реттеумен салыстырғанда мемлекеттік реттеу ресми ұйғарым мен ұсыныстарға негізделеді. Еңбек қатынастарын мемлекетгік реттеу жүйесінің қалыптасуы соғыстан кейінгі жылдары аяқталды. Мемлекет еңбек нарығында еңбекақыны, жүмыспен қамтуды, жұмыс тәртібі мен жағдайын реттеу бағытында жұмыс істейді. Еңбекақы төлеу еңбекақы жөніндегі негізгі мемлекеттік кепілдіктің:

  1. ең төмен еңбекақының мөлшері;

  2. нақты еңбекакы деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін іс-шаралар;

  3. жүмыс берушінің өкімі бойынша еңбекақыдан акша ұстаудың негіздері мен ұсталатын ақшаның мөлшерінің тізбегін, сондай-ақ енбекакыдан алынатын табысқа салынатын салықтың көлемін реттеу;

  4. затгық нысандағы еңбекақыны шектеу;

  5. жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе ол төлемге қабілетсіз болған жағдайда республикалык заңдарға сәйкес қызметкердің еңбекақы алуын қамтамасыз ету:

  6. еңбекақының толық әрі уакытылы берілуін және еңбекақы төлеу жөніндегі мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуыи мемлекеттік қадағалау мен бакылау;

  7. жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, зандарда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілігі;

  8. еңбекақы төлеудің мерзімдері мен кезектілігі сияқты нысандары арқылы реттеледі.

Енбекақы саласындағы колданылатын заңнамада белгіленген кепілдіктерге, сондай-ақ еңбекақы жүйесін колдану ережесін, сондай-ак қалыптыдан басқа жағдайларда жұмыс істегені үшін қосымша ақының кепілді мөлшері жатады.
Ең төмен еңбекақы мөлшері - жұмыс істейтін адамның ең төмен табысының өзіндік әлеуметтік кепілдігі.
Еңбекакының көрсетілген ең төмен мөлшері еңбекақыны реттеу, сондай-ақ уақытша жұмысқа жарамсыздық жөніндегі жәрдемакының мөлшерін анықтау үшін ғана қолданылады. Осы кезең ішінде жұмыс уақытының нормасын істеген және еңбек норма-сын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық еңбекақысы еңбекақының ең төмен мөлшерінен аз болу мүмкін емес. Нарьіқтық экономика жағдайында еңбекақыларды индекстеусіз болмайды. Индекстеу бағалардың инфляциялық өскенде еңбекакының сатып алу қабілетін қолдау үшін қажет.
Әлемдік тәжірибеде еңбекті қорғаудың тиімді ұлттық жүйесін құру күрделі қаржылык. құқықтық, медициналық, техникалық жөне ұйымдастыру мәселелерін шешумен байланысты мемлекеттік еңбекті қорғау доктринасын әзірлеумен, өзара келісілген құқықтық институттарды қалыптастырумен, күрделі әлеуметтік ннфракұрылымның (техника мен еңбек жағдайларын сараптаумен, медициналык диагностикамен және емдеумен, өлеуметтік және кәсіби сауыктандырумен) дамуымен байланысты екенін растайды.
Мемлекет еңбек нарығында ойдағыдай әрі жан-жақты жұмыс істеуге тиіс. Алайда мемлекеттің қызметі нарықтык механизмді шектейтіндіктен, осы қызметтің қарама-қайшылығы да жоқ емес. Мемлекеттің кызметі экономикалық тиімділікпен кереғар келмеуге тиіс, ал мемлекет нарықтық механизмге қажетті кезде шамалы ғана араласуға тиіс.


Капиталдар нарығы


Капиталдар нарығы - Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі. Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды:

  • бірінші — капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция),

  • екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»).

Екі жақта капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді. Осымен қатар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объеьктісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады. Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық
жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға
сұранысы.
Көрініс жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады. Физикалық капиталдыңфирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді:

  • капитал қызметтерінің толассыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем;

  • капиталдық активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып бөлінеді.

Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котировка түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады. Активтің бағасы — капитал бірлігінің қандай уақытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады.
Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының нарығының құрамды белігі болып табылады. Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментары, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:

  • статусымен (акция, немесе облигация);

  • меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);

  • іс-өрекет ету мерзімімен;

  • өтімділік дәрежесімен;

  • қауіп-қатер сипатымен (банкроттық, немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).

Мысалы, АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:

  • АҚШ федералдық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;

  • қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтің ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;

  • жергілікті үкімет органдары шығаратын мунидипалдық облигациялар;

  • жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.

Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне өрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер т.б. арқылы жүріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың кеп сомаларына айналдырады және оны капиталды түтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны өр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акциялардыжазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет