постреквизиттері – бұл курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:
микроэкономика
макроэкономика
Курстың міндеті: «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» студенттерге нарықтық қатынастар туралы, оның ішінде экономикалық тұлғалар арасындағы қатынастар төңірегінде теориялық білім беру мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыру.
«Экономика және кәсіпкерлік негіздері»пәнінен оқу бағдарламасын құрастыру қисыны «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінің ерекшеліктерін және экономикаға макроэкономикалық тұрғыда жақындау қажеттілігіне негізделеді. Осыған байланысты курста төмендегілер қарастырылады: ұлттық есеп жүйесіне негізделген макроэкономикалық өлшемдер жүйесі; экономикадағы тауарлар мен ақша ағынының айналым моделі; макроэкономикалық тепе теңдіктің негізгі үлгілері: "AD-AS", "Кейнс кресі", "IS-LM"; тепе-теңдік жағдайдан ауытқудың себептері мен нысандары; жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа ақша-несие және бюджет- салық саясатының әсері; мемлекет экономикасына сыртқы сектордың әсері.
Соңғы кездегі қаржы экономикалық дағдарыстың себебінен Қазақстан үшін тұрақты экономикалық өсу маңызды мәселеге айналды. Осыған байланысты бұл мәселе курстың барлық тақырыптарында қарастырылады яғни «Экономика негіздері»курсының өзегі болып табылады.