Қосымша мәліметтер: 1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.
2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.
3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.
4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.
5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы – өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.
P.S. Есте сақтаңыз, эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы - өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.
Эссені қорғауға дайындық.
Тыңдаушы эссені өз әріптестердің алдында қорғайды.
Тыңдаушы эссені қорғаусыз, тестілеуге жіберілмейді.
Эссені қорғау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
Міндетті түрде барлық қатысушылармен сәлемдесу;
Эссенің таңдаған тақырыбын анықтау;
Тақырыпты таңдау себебі;
Мемлекеттік қызметшілер жұмысында аталған теорияны практикада қолдану;
БұлжұмыстыңҚазақстанРеспубликасыныңсаясатыменбайланыс;
Қорғауғаберілгенуақыт, үш минут.
Тыңдаушыныңэссеніқорғаубарысындаміндеті – нақтытақырыптыңмәселелерінтереңтүсінуін, тақырыпбойыншаматериалдыжақсыбілуінкөрсету.Пәнжәнетақырыпбойыншаәдебиеттітереңбілунегізінде факт материалдарынөзбетіменталдаужәнедәлелді сын берілген, ғылымишығармашылықэлементтері бар, өздікқорытындышығарылғанжұмыстарға «үздік» бағақойылады.Жұмыста тақырып мәселелері толық және жанжақты қамтылған, бірақ қажетті шығармашылығы болмағанда, «жақсы» баға қойылады.Егер тыңдаушы пікір берушінің сұрақтарына жауап бере алмаса, жұмыстың мазмұнын білмесе, аталған мәселе бойынша теориялық қағидалар мен қорытындыларға түсінік бере алмаса, «қанағаттанарлықтай» баға қойылады. Мұндай жағдайда тыңдаушы қайта қорғалуға жіберіледі.Эссені қорғау мен бағалау – бұл тыңдаушының өздік жұмысын қорытындылау.Жақсы эссе ғылыми жұмыстар байқауына ұсынылуы мүмкін, конференцияларда қолдану мүмкін, сонымен қатар семинар сабақтарында реферат ретінде пайдалануы мүмкін.Сонымен, эссені қорғау дайындығы, пікірде жазылған қателер мен кемшіліктерді жою, қосымша әдебиетті оқу, жұмыста жазылғанды түсіну, эсседе айтылған кез келген қағидаларды түсіндіре білу.