Педагог мамандардың квалификациялық категориялары бойынша
Педагог мамандардың еңбек өтілі бойынша
ІІІ. Педогогикалық ұжымның қызметіне талдау
1.Гимназия дамуының стратегиясы мен тактикасы
Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес гимназияның дамуымен байланысты келесі бағыттар ұсынылады:
І .Бастауыш білім берудің (1-4 кластар) теориялық ойлау элементтерімен, өзін- өзі бақылау мен өзін- өзі түзету арқылы тәртібі мен мәдениетін қалыптастыратын, баланың жеке қабілеттерінің деңгейін анықтауға бағытталған оқу іс- әрекетінің негізгі білік- дағдысын меңгеруін жүзеге асырады. Баланың денсаулығын сақтап, нығайтуды басты назарда ұстай отырып, инновациялық негізде оқу бағдарламаларын жаңарту:қосымша білім беру құрылымдарын, информатиканы енгізу.
ІІ. Негізгі орта білім берудің ( 5-9 кластар) ; (5-8 кластар)- бағдарлау - негізгі және қосымша пәндерін меңгере отырып, өзін – өзі дамыту және түзету дағдысын қалыптастыру, өз бетінше бағдарлау және шығармашылық іс – әрекетін қалыптастыру арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.Өзінің қабілеттілігі мен бейімділігін сезіну. Білім негіздерін тұрақты, терең меңгеру. Салауатты өмір сүрудің негіздерін қалау.
9- кластар –бейін алды даярлық. Әрі қарай бейін бойынша оқу үшін өзінің қабілеттіліктері мен бейімділігін анықтайды; бейін алды даярлықты жүргізеді; ата- аналар қауымдастығымен жұмыс жүргізеді;үйірмелер мен секциялар арқылы қосымша білім алады. 9- кластарды кәсіби бейімдеу мақсатында элективті курстар жүргізу.
ІІІ. Жалпы орта білім берудің( 10-11 кластар) - тұлғаның негізгі сапасы ғылыми ойлау ретінде қалыптасқан,бейін бойынша негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде , саралап оқыту, мамандыққа баулу, зерттеушілік іс – әрекетке бейімдеу, өз бетінше білім алуға баулу, білім алушының өз ісін өзі шығармашылықпен жұмсауы арқылы жалпы білім алуын аяқтауға арналған; жоғары класс оқушыларын кәсіби бағдарлау, қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесінде интеграциялау мақсатында қолданбалы курстардың сәйкес бағдарламаларын құру сапасын нығайту.
2009-2010 оқу жылының ІІ жартыжылдығында жаңадан ашылған №6 Хромтау гимназиясында 18 класс және 2 мектепалды даярлық тобы жинақталды. Бастауыш саты бойынша мектеп компонентінен аптасына 19 сағат жоспарланды. Арнайы курстар «Қызықты математика», «Математика әлемінде», «Занимательная грамматика», « Сөз өнері».
Гимназия компонентінен аптасына барлығы 28 сағат алынды: «Руханият», «Тылсым», «Тіл өрнегі» курстары.
Оқушы компонентінен аптасына барлығы 6 сағат алынды: «Каллиграфия мәнері», «Көркем жазу»,3- класс «Әнші балапан»,4- класс «Саз әлемі» бағдарламалары құрылды.
Бiлiм берудiң негiзгi деңгейінде (5-9 сыныптар) мектеп компонентінен аптасына 39 сағат арнайы курстар жоспарланды:
Орыс тілінен «Лексика фразеология»; ағылшын тілінен «English and American writers»; тарихтан.«Ұлы дала тұлғалары» бағдарламалары жазылып; физикадан «Қызықты физика», «Электр құпиялары»; географиядан «Жалпы жертану» бағдарламалары дайындалды. Гимназиялық компонент аптасына 32 сағат:Қазақ тілінен «Әдебиет теориясы» , «Салт- дәстүр», « Қазақ тілі грамматикасы», «Сауаттылық үлгісі»; ағылшын тілінен «Sing and learn English», «Lets sing songs» , «Happy English-2», «Holidays in Britain», «English morphology» ;тарихтан «Қазақтың шежірелік дәстүрлері», «Тарихи шежіре» енгізілді.Информатикадан «Ақпараттық бейнелеу», «Ақпарат әлемі», «Ақпараттық мәдениет», «Программалауға кіріспе», «Программалау тіліне кіріспе; Физикадан «Астрономия негіздері», «Қозғалыстар әлемі» , химиядан «Химия кереметі»; географиядан «Экология және экономика» курстары бағдарламалары құрылып, бейін алды даярлықты жүзеге асыру үшін ықпал етеді. Музыкадан «Қазақтың әншілік өнері», «Күмбірлеген күміс күй». Оқушы компонентінен пәндік үйірмелер аптасына 7 сағат: ағылшын тілінен «English topics», физикадан «Физикаға бастама»,«Физика есептерін шығару жолдары»; математикадан «Математикалық есептерді шешу практикумы» т.б.
10-11 кластарда жаратылыстану-математикалық бағытта (қосымша Д) оқытылады.Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспарының 10.4 тармағына сәйкес жалпы білім берудің жоғары сатысындағы бағдарлы пәндерді оқытуда топтарға бөлу жоспарланды. Мектеп компонентінен аптасына 8 сағат, 10 – класта «Есептеу техникасы»,11-класта «Оптика» пәндері қолданбалы курстары жүргізіледі.
Білім қызметінің түрлері
Оқу- тәрбие үрдісі әдістемелік жұмыстың төмендегі формалары бойынша жүзеге асырылады:
тақырыптық педагогикалық кеңестер;
мұғалімдердің әдістемелік кафедрасы;
педагогтардың өздігінен білім көтеруі;
АКТ негізінде ашық сабақтар өткізуі;
өзара сабаққа қатысуы;
жеке кеңестер алу; т.с.с.
Әдістемелік жүйе бойынша оқыту семинарлары, тәжірибе алмасу іс- әрекеттері жүзеге асырылады.
2009-2012 оқу жылындағы ҰБТ бойынша
№6 Хромтау гимназиясының Мемлекеттік Аралық Бақылау қорытындысы (2009-2011 о.ж)
Достарыңызбен бөлісу: |