Бағдарламасы «Құқық негіздері»



бет2/6
Дата04.10.2020
өлшемі165 Kb.
#64043
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Мазмұны





1

Қолдану аясы




2

Нормативті сілтемелер




3

Жалпы ережелер




4

Оқу пәнінің мазмұны (модулдер)




5

Студенттерге арналған өздік жұмыс тақырыптары




6

Пәннің оқу-әдістемелік картасы




7

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы




8

Әдебиеттер





1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушыға арналған пәндер бағдарламасы, « » мамандықтарға арналған


2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушыға арналған пәндер бағдарламасы оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін сақтап, төмендегі құжаттарды негізге ала отырып құрастырылды:


- Білім берудің аталмыш деңгейіндегі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты;

- Типтік оқу жоспары;


-«Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру мен рәсімдеудің жалпы талаптары» СТУ 042-ГУ-4-2013 университет стандарты;

- «Пәндердің оқу-әдістемелік кешені құрылысы мен мазмұны» ДП 042-1.01-2013 құжаттары.



3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Курстың қысқаша мазмұны:

«Құқық негіздері»- заң ғылымдар жүйесіндегі базалық әдістемелік ғылым болып саналады..

Құқық негіздері заң ғылымының барлық саласының объективті даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Жалпы пән салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, заң ғылымының негізін дамытып отырады.

3.2 Курсты оқытудағы негізгі мақсат: құқық негіздеріне байланысты барлық ілімдерді меңгеру, негізгі категорияларды білу, мемлекет және құқық туралы мағлұмат алу болып табылады.

Құқық негіздері пәнін оқытудың мақсаты – мемлекет пен құқықтың пайда болуының алғы шарттарын, себептерін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастыру. Демократиялық, құқықтық мемлекет орнату жолындағы Қазақстан қоғамында жаңа құқықтық ойлауды, жалпы және құқықтық мәдениетті қалыптастыруды, жоғарғы кәсіби маман дайындауды жүзеге асыру.

Құқық негіздері жоғарғы оқу орындарының барлық мамандықтарында оқытылатын міндетті пәндердің бірі. Бұл пән құқық пен мемлекет туралы жинақталған ұғымдарды оқытады.

Адамзат қоғамын ежелден-ақ құқық пен мемлекет неге қажет?- деген сұрақ ойландырды. Құқық неге қажет? Мемлекеттің ролі қандай?-деген сұрақтарға жауап іздеді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болуының заңдылықтарын оқыту негізгі міндеті болып табылады.

Егеменді Қазақстан мемлекетінде Қазақстан қоғамының даму заңдылықтары, мемлекеттілігінің қалыптасуының жолдары бүгінгі күні мемлекет және құқықты жаңа мазмұнда оқытуды қажет етеді. Құқықтық мемлекет орнатудың ең басты мәні қоғам мүшелерінің құқықтық білімін жетілдіру, азаматтық-құқықтық қоғам орнату- құқықтық институттарының алдына жаңа міндеттер қояды.

3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:



  • «Құқық негіздері» пәнін оқыту арқылы студенттердің құқықтық саладағы теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • құқық шығармашылық процестерін ұғыну;

  • нормативті –құқықтық актілермен жұмыс жасай алуды меңгеру;

  • мемлекет нысанын ұғына отырып, басқару жүйесіне араласу қабілетін дамыту;

  • құқық салаларынан алған білімдері негізін іс-тәжірибеге асыра алуды игеру.

3.4 Оқытудың нәтижесі:

Студент білуі керек:



  • құқық салаларының пәндерін ажырата алуды;

  • заң ғылымының ғылымдар саласында алатын орнын, маңызын;

  • өз құқықтарының құқықтың қай саласымен реттелетінін;

  • ҚР мемлекеті нысанын;

  • құқықтық жауапкершіліктің түрлерін.

Студент меңгеруі керек:

  • адам және азамат ұғымдарының ара қатынасын;

  • құқықсубъектіліктің пайда болу негіздерін;

  • ҚР құқықтық мемлекеттің құрылу барысындағы кедергілер мен қиыншылықтарды сараптай алуды;

  • құқықтық қатынастарға түсудің құқықтық жолдарын.

Студент игеруі керек:

  • адам және азаматтардың құқыктык мәртебесінің конституциялық принциптерін, адам және азамат құқықтары мен бостандыктарының түрлерін, қорғалу жолдарын, қарама – қайшылықтар мен кемшіліктерді байқап, салыстырма түрде қорытынды тұжырымдар жасай алуды;

  • нормативті құқықтык актілерді окып – үйреніп, талқылай алуды;

  • құқықтық жағдаяттардан шығудың жолдарын.

3.5 Курстың пререквизиттері:

- философия

- әлеуметтану

- тарих



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет