Бағдарламасы «Құқық негіздері»



бет4/6
Дата04.10.2020
өлшемі165 Kb.
#64043
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Тақырып


Нысаны

Тапсыру кестесі

Жинақтайтын балл

1

«Мен құқылымын!»


Шығарма- Эссе

3 апта

50-100%

2

«Демократия»


Презентация

13 апта

50-100%


Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.



Презентация — жаңа бір нәрсені, жаңа ғана пайда болған, жаңадан құрылған жағдайды қоғамдық елестету. Ақпаратты елестетудің, берудің жаңа тәсілі, жаңа формасы. Презентацияның түрлерінің бірі мультимедиялық, яғни бір файлда жинақталған слайдтар жинағы. Презентация жоба туралы қысқаша немесе шағын әңгіме түрінде де болады. Студент презентация арқылы берілген ұғымды топтап, шағын түрде жеткізуі керек. Презентация арқылы студент өзінің фантазиясы, креативті ойы, терең білім деңгейі арқылы көзқарасын ортаға салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет