3.12 тақырып Қан түзу жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері және клиникалық синдромдары
Сұрастыру. Мұрыннан, қызыл иектен, асқазан-ішек жолдарынан, жатырдан қан кетудің пайда болуы. Тамақта, оң жақ, сол жақ қабырға астында ауырсынудың пайд; болуы, терінің қышынуы. Қызба (дене қызуының көтерілуі).
Қарап тексеру. Тері мен сілемей қабық түсінің өзгеруі. Шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі. Теріде қанталау, көгеру, петехиялар пайда болуы.
Пальпация. Лимфа түйіндерін пальпация арқылы анықтау, олардың көлемін тығыздығын, қозғалғыштығын, айналасындағы тіндермен жабысуы. Бауыр мен көкбауыр пальпациясы. Диагностикалық мәні.
Перкуссия. Сүйектерде жай соққылағанда ауырсынудың пайда болуы. Бауыр мен көкбауыр көлемінің үлкейгендігін анықтау.
Қан түзу жүйесін зерттеудің қосымша әдістері.
Қанның жалпы анализі. Қанның морфологиясы. Эритроциттер. Эритроциттер мен гемоглобиннің көбеюі және азаюы. Ретикулоциттер. Эритроциттердің патологиялы формалары. Лейкоциттер. Қалыпты лейкоцитарлық формула. Лейкоцитгердіі патологиялық формасы. Тромбоциттер. Тромбоциттер санының өзгеруі. ЭТЖ-ның (СОЭ) өсуі.
Сүйек кемігін, лимфа түйіндерін пункциялау, трепанобиопсия туралы жалпы ұғым.
Қан түзу жүйесі патологияларының клиникалық синдромдары (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері).
1. Анемиялық синдром;
2. Миелопластиялық синдром;
3. Геморрагиялық синдром;
4. Лимфопролиферация синдромы;
5. Гиперспленизм синдромы
№ 8 практикалық сабақ:
Оқытушымен бірге білім алушылар қан түзу жүйесінің ауруларымен сырқаттанаты науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, лимфа түйіндеріне пальпация көкбауырға перкуссия жургізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәлімептерін бағалау. Гематология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.13 тақырып Аллергоздармен және сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері, олардың клиникалық синдромдары
Сұрастыру. Негізгі шағымдары, пайда болу механизмі. Булшықеттегі, сүйектегі, буындардағы ауырсыну «танертеңгі қимылдың қиындауы», бұлшықеттің әлсізденуі, терінің қышуы, қызба (дене қызуының көтерілуі).
Қарап тексеру. Буындардың конфигурациясы, ісінуі, терінің қызаруы. Буындардың белсенді және сылбыр қозғалыстарының көлемін анықтау.
Пальпация. Терінің ошақты түрде қалыңдауы, теріде және бұлшықетте түйіндердің пайда болуы, бұлшықеттің, сүйектердің, буындардың ауырсынуы.
Қосымша тексеру әдістері.
Диспротеинемияны анықтайтын әдістер. Иммуноглобулинді, L-жасушалы факторды анықтау. Сүйектер мен буындарды зерттеудің рентгенологиялық әдістері.
Сүйек-бұлшықет жүйесі мен буын ауруларының клиникалық синдромдары (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері).
1. Буын синдромы;
2. Есекжем;
3. Квинке ісігі;
4. Анафилактикалық шок.
№ 9 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы сүйек-бұлшықет жүйесінің және аллергиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында тері мен сілемей қабықты, буындар мен омыртқаларды жалпы қарап тексеру, пальпация жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
4 бөлім Арнайы бөлім.
4.1 тақырып Тыныс алу ағзаларының аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Бронхиттердің, бронх демікпесінің, жіті пневмониялардың, өкпенің ірінді ауруларының, өкпе туберкулезінің, өкпе обырының, плевриттердің, пневмосклероздың, өкпе-жүректің анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынуы, нәтижесі, емдеу принциптері.
№ 10 практикалық сабақ
Тыныс алу ағзаларының (қызба, жөтел, кеуде түлының ауырсынуы, тұншығу ұстамасы, қан түкіру, өкпеден қан кету) аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Тыныс алу ағзалары ауруларының стандартгық емдеу жоспары. Науқас күтімі және кезек күттірмейтін жағдайларды алдын алу.
4.2 тақырып Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Ревматизмнің, эндокардиттердің, миокардитгердің, перикардиттердің, жүрек ақауларының (митралды және қолқа қақпақшасы ақауларының), кардиомиопатиялардың, кардиневроздардың, артериалық гипертензияның, атеросклероздың, жүрекің ишемиялық ауруының (стенокардия, миокард инфарктысы), аритмиялардың, жүрек функциясының жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің, қантамырдың жіті жеткіліксіздігінің анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынулары, нәтижесі, емі.
№ 11 практикалық сабақ
Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (жүрек соғуы, ентікпе, жүрек тұсының ауырсынуы, артериялық қысымның жоғарылауы, тұншығу ұстамасы, жүрек ырғағының бұзылуы, ісінулер) кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезінде стандарттық емдеу жоспары. Науқасқа күтім жасау және кезек күттірмейтін жағдайларды алдын алу, болжамы.
4.3 тақырып Асқорыту апаларыныц аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Гастриттердің, асқазан және ұлтабар ойықжарасының, созылмалы гепатиттердің, бауыр цирроздарының, холециститтердің, бауыр функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің, энтериттердің, колиттердің, гельминтоздардың, панкреатиттердің анықтмасы, жіктемесі, этиолргиясы, патогегензі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынулары, нәтижесі, емі.
№12 практикалық сабақ
Асқорыту ағзаларының аурулары (дисфагия, кекіру, қыжыл, іштің ауырсынуы, дәреттің бұзылуы (іш қату, диарея), қан кету) кезінде мейірбикелік үрдісті - ұйымдастыру ерекшеліктері.
Асқорыту жүйесінің аурулары кезінде стандарттық емдеу және күтім жасау жоспары Науқас күтімі және жедел гастритте, асқазан мен ұлтабар ойықжарасының тесілуінде, өтқалта шаншуыңпа дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
4.4 тақырып Зәр шығару ағзаларының аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Гломерулонефриттердің, пиелонефритгердің, циститтердің, бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің, бүйрек-тас ауруларының анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынулары, нәтижесі, емі.
№ 13 практикалық сабақ
Зәр шығару ағзаларының аурулары (ісінулер, белдің ауырсынуы, артериялық қысымның жоғарылауы, зәр шығарудың бұзылуы) кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Зәр шығару жүйесінің ауруларын стандарттық емдеу және күтім жасау жоспары. Науқасты бақылау, алдын алу, болжамы. Шүғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейін кемек көрсету: бүйректың шаншуы, бүйректің функциясының жіті жеткіліксіздігі.
4.5 тақырып Қан түзу жүйесінің аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұнымдастыру
Анемиялардың (жіті посттеморрагиялық, темір тапшылықты, В12-тапшылықты, гипопластиялық, гемолитикалық анемиялар), лейкоздардың, геморрагиялық диатездердің анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынулары, нәтижесі, емі.
№ 14 практикалық сабақ
Қан түзу ағзаларының аурулары (асқазаннан, ішектен, жатырдан, мұрыннан қан кету, оң және сол жақ қабырғаасты аймағының ауырсынуы, теріге күтім жасау, гипертермия) кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Қан түзу ағзаларының аурулары кезінде стандарттық емдеу және күтім жасау жоспары. Науқасты бақылау, алдын алу, болжамы. Шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейін көмек көрсету: қан кету (мұрыннан, асқазаннан, ішектен, жатырдан), коллапс, лейкоз кезінде дамитын септикалық және терминалды жағдайлар.
4.6 тақырып Эндокринді жүйе ауруларында және зат алмасу бұзылуларында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Диффузды-уытты зобтың, гипотиреоздың, семіздіктің, қантты диабеттің, гипофиз бен бүйрекбез ауруларының анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынулары, нәтижесі, емі.
№ 15 практикалық сабақ
Эндокринді жүйе аурулары (шөлдеу, терінің қышуы, терінің құрғақтануы, терлеу, іштің ауырсынуы, гипергликемия мен гипогликемия) кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері.
Эндокринді жүйенің аурулары кезінде стандарттық емдеу және күтім жасау жоспары. Науқасты бақылау, алдын алу, болжамы. Тиротоксикалық криз, гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар кезінде дәрігерге дейін көмек көрсету.
4.7 тақырып Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Ревматоидтық артриттің, деформациялаушы остеоартроздың, Бехтерев ауруының анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынулары, нәтижесі, емі.
№ 16 практикалық сабақ
Сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары кезінде стандарттық емдеу және күтім жасау жоспары. Науқасты бақылау, алдын алу, болжамы.
4.8 тақырып Дәнекертіннін диффузды аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Жүйелі қызыл жегінің, склеродермияның, түйінді периартерииттің, дерматомиозиттің анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқынулары, нәтижесі, емі.
№ 17 практикалық сабақ
Дәнекер тіннің диффузды аурулары кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Осындай аурулар кезінде жүргізілетін стандарттық емдеу және күтім жоспары. Науқасты бақылау, алдын алу, болжамы. Шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейін көмек көрсету.
4.9 тақырып Алл ергол огиял ық аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Жедел есекжемнің, Квинке ісінуінің, анафилактикалық шоктың анықтамасы, жіктемесі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ағымы, диагностикасы, асқьшулары, нәтижесі, емі.
№ 18 практикалық сабақ
Аллергиялық реакциялар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Аллергиялық аурулар кезінде стандарттық емдеу және күтім жасау жоспары. Науқасты бақылау, алдын алу, болжамы. Анафилактикалық шок, Квинке ісінуі кезінде дәрігерге дейін көмек көрсету.
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнін аяқтағанда меңгеретін практикалық білім мен іскерліктің тізімі
Науқасты сұрастыру
Сызбанұсқа бойынша, алдына мақсат қоя отырып сұрастыруды жүргізу, яғни науқас туралы жалпы мәлімет жинау, шағымдарын, қазіргі ауру тарихын, өмір тарихын толық жинау.
Науқасты қарап тексеру
Науқасты реттілігін, жүйелігін сақтай отырып жалпы қарап тексеруді өткізе білу. Науқастың санасы, күйін, дене пішінін, жүрісін, тамақтануын, конституциясын анықтау. Келбетін, қабақтарының күйін, қарашық пішінін, көздің шарасынан шығып тұруын, қабақтардың птозын және ісінуін бағалай білу.
Дененің жеке бөлімдерін қарап тексеруді: ауыз қуысын (сілемей қабықты, тістерді, тілдін, күйін), терісін (серіпмділігі, түсі, бөртпелер болуы, ылғалдылығы), тері асты шелмайды қарап тексеру. Терінің түсін, сүйек-бұлшықет аппаратының күйін, буындардың пішіні мен қызметін, веналардың варикозды кеңеюін, майтабандылықты анықгау біліктілігін меңгеру.
Пальпация
Келісілген реттілік бойынша құлақ маңындағы, мойын, жақсүйекасты, бұғана үсті және асты, қолтық асты және шап лимфа түйіндерін пальпациялау керек.
Кеуде пальпациясы кезінде серпімділігін, дауыс дірілін (алдынан, артынан, бүйірлерінен), ауыратын нүктелерін анықтау.
Жүрек ұшының соғуын, систолалық және диастолалық дірілін («мысық пырылы») жүрек аймағында дұрыс пальпация жасай білу керек.
Перифериялық тамырлардың пальпациясы кезінде кәріжілік артериясының соғысын дұрыс анықтауды, оның толымдьшығын, кернеулігін, жиілігін, ырғағын, түрін анықтауды, көрсету; қантамыр соғысының тапшылығын, екі қолдағы тамыр соғыстарының әртүрлілігін анықтай білу керек.
Белгіленген ретгілік бойынша іштің беткейлік пальпациясын өткізу. Образцов-Стражеско бойынша беткей, терең, жылжымалы пальпация арқылы жуанішек бөлімдерін, асқазанды, ұйқыбезді, бауырды, көкбауырды, бүйректерді анықтай білу керек. Пальпацияланған ағзаларды сипаттау.
Перкуссия
Белгіленген реттілік және өткізу ережелерін қатаң сақтай отырып, науқастарда өкпенің салыстырмалы перкуссиясын өткізу біліктілігін шыңдай білу керек: ашық-өкпелік дыбыс, тұйық, тимпанитті дыбыстарды анықгай білу жэне осы өзгерістерге байланысты өкпедегі патологиялық өзгерістердің орнын анықтай білуді үйрену.
Топографиялық перкуссия эдісін өткізу ережелерін сақтай отырып, өкпенің жоғарғы және төменгі шекараларын, төменгі жиегінің экскурсиясын, өкпедегі патологиялық процестердің көлемін анықтауды үйрену.
Топографиялық перкуссия әдісі арқылы қантамыр шоғырларының енін анықгау, жүректің салыстырмалы және нақты тұйық шекарасын дұрыс анықтау.
Аускультация
Өкпенің салыстырмалы аускультациясының ережесін қатаң сақтай отырып келесі жағдайларды анықтау:
- бронхиальды жэне везикулярлы тыныс алуды және оның түрлерін (әлсіреуі, күшеюі, қатты), бронховезикулярлы тыныс алуды;
- ылғалды сырылдарды (ірі, орташа, ұсақ кепіршікті, дауысты, дауыссыз);
- құрғақ сырылдар (дискантты, крепитация, плевраның үйкеліс шуы).
Аускультация әдісі арқылы негізгі және қосымша тыныс алу шуларының орнын,
көлемін анықтай білу. Жүрек аускультациясының ережелерін, тыңдау реттілігін қатаң сақтай отырып бірінші тоннан екінші тонның айырмашылығын және аритмияларды анықтай білу. Жүрек шуларын тыңдау. Функциональды шудан органикалық шуды ажырата білу, физикалық күш түсіру арқылы шуларды жасанды түрде күшейтуді меңгеру, шудың пайда болу орнын анықтау (жақсы естілетін жері). Тыңдау кезінде белгілердің естілу орнына байланысты жүрек ақауларын анықтау. Перикардтың үйкеліс шуының жүрек ішілік органикалық шулардан айырмашылығын аускультация тәсілдері арқылы анықтау.
4 Әдебиеттер және оқу құралдары
Негізгі әдебиеттер:
Орыс тілінде:
1. «Пропедевтика внутренних болезней», Малов Ю.С., - Феникс, 2000.
2. «Внутренние болезни», Маколкин В.И., - Москва, 2000.
3. Внутренние болезни. Н.И. Федюкович - Ростов-на-Дону, 2001.
4. Сесіринское дело в терапии. А.Д. Филиппова. - Феникс, 2002.
5. Терапия для фельдшера. В. Смдлева, Р.В. Ападиакос, Л.Г. Ярмашева. «Феникс». - Ростов на Дону, 2001.
Мемлекеттік тілде:
1. Ііші «іурулар пропедевтикасы С.Қ. Асауова, Г.Т. Нуратдинова - Кызылорда, 2009.
2. Ішкі аурулар. А.А. Оспанова. - Шымкент, 2008.
3. Ішкі аурулар пропедевтикасы. С.К. Муратбекова, А.Т. Кенжебаева. - Көкшетау, 2007.
4. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Б.Н. Айтмембет. 2005.
5. Ішкі аурулар пропедевтикасы. 1, 2 бөлім. Қ.А. Жаманкұлов. - Ақтебе, 2004.
6. Ішкі аурулар. 1-2 том. Б.С. Қалимурзина. - Алматы, 2000.
Қосымша әдебиеттер:
Орыс тілінде:
1. Основы клинической диагностики: руководство + СБ. - 2-е изд., перераб. и доп. А.Г. Чучалин, Е.В. Бобков - М., 2008. - 584 с.
2. Исследование обьективного статуса больного. В.К. Султанов. - СПб., 1996.
3. Пропедевтика внутренних болезней, Василенко В.Х., - Москва, 1989.
4. Общый уход за больными, Мухина С.А., - Москва, 1989.
Мемлекеттік тілде:
1. Мейірбике ісінің негіздері. С Қ. Мұратбекова. - Астана, 2007.
2. Терапиядағы медбикелік іс. С.К. Муратбекова, А.Т. Кенжебаева, Л.Б. Абдрахманова. - Көкшетау, 2006.
Оқу құралдары:
1. Дидаі стикалық және көрнекі құралдар;
2. Плакаттар жиынтығы;
3. Приборлар, құрал-жабдықтар және аспаптар;
4. Тестердің электронды жинағы;
5. Оқу - әдістемелік құралдар;
6. ТҚО (бейне магнитофон, компьютер);
7. Интернет-технологиялар.
Достарыңызбен бөлісу: |