3. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны
1 бөлім Кіріспе
1.1 тақырып Пәнге кіріспе, мәні, оның мақсаты мен міндеттері, даму кезеңдері, мейірбикенің науқасты тексерудегі рөлі
Ішкі аурулар медицинасының жалпы медициналық білім берудегі мәні. Ішкі аурулар ілімінің қысқаша тарихи дамуы. Ежелгі Египет, Үнді, Қытай, Ежелгі Греция медицинасы, Гиппократ мектебі - клиникалық медицинаның бастауы. Абу Али Ибн Сина еңбектерінің Еуропа медицинасына тигізген ықпалы. Зерттеудің диагностикалық әдістерінің дамуындағы Ауэнбургттердің, Лаэннектің, Мудровтың, Захарьиннің, Остроумовтың еңбектері. XIX ғасырда Еуропа мен Ресейдегі медицинаның дамуы. Кеңес Одағындағы медициналық мектептер.
Аурухананың терапиялық бөлімінде жұмысты ұйымдастыру. Ішкі аурулар пропедевтикасының негізгі міндеттері, Семиотика, диагноз, диагностика туралы түсініктер. Дәрігерлік этика және деонтология.
2 бөлім Клиникалық тексеру әдістері
2.1 тақырып Сұрастыру және науқасты жалпы қарап тексеру. Обьективті тексеру әдістемесі, техникасы және диагностикалық мәні. Қосымша тексеру әдістері
Сұрастыру. Сұрастырудың мәні. Науқастарды зерттеу тәсілдері ретінде анамнезді жинаудагы Г.А. Захарьиннің рөлі. Сұрастыру үлгісі, төлқұжат бойынша мәліметтер, науқас шағымдары. Науқастың шағымдары: негізгі және қосымша. Негізгі шағымды жете анықтау. Науқастың өмір тарихы, қысқаша биографиялық мәліметі, отбасылық, еңбек және тұрмыстық анамнезі, зиянды әдеттері, науқастың тамақтануы, сырқаттанған ауруларының түрлері, аллергиялық анамнезі. Тұқым қуалаушылық. Туберкулез және жұқпалы (венерологиялық) аурулармен ауыратын науқастармен қатынаста болуын анықтау.
Жалпы қарап тексеру. Науқастың жалпы жағдайы. Сана-сезімі (анық, ступор, сопор, кома). Науқастың жағдайы (белсенді, сылбыр, мәжбүр қалып). Дене бітімі. Конституция және конституция түрлері туралы ұғым.
Тері және сілемей қабаттары. Бозару. Қызару. Көгеру. Сарғаю. Пигментация және депигментация. Терінің ылғалдануы және құрғақтануы. Тыртықтар, бөртпелер, қанталауы, қасыну. Трофикалық ойықжаралар, жауыржаралар. Терінің серпімділігі.
Тері асты шелмайы. Оның дамуы (нашар, қалыпты, өте жоғары). Май жиналған орындар. Кахексия. Ісіктер, оның орналасуы, таралуы (жалпы және жергілікті).
Лимфа түйіндері. Оларды зерттеу әдістемесі. Көлемін, конституциясын, ауру сезімін, қозғалғыштығын анықтау. Өзара және көрші тіндермен жабысуы.
Бұлшықеттер. Олардың даму деңгейі, қуаттылығы, күші. Бұлшықеттің атрофиясы (жалпы түрде және әр жерде).
Сүйектер: формасы, деформацияларының болуы, ұстағанда, соққылағанда ауырсынуы. Сүйектердің сынуы туралы ұғым.
Буындар. Конфигурациясының өзгеруі. Ісінуі, қозғалған кезде ауырсынуы және сытырлауы. Белсенді және сылбыр қозғалыстардың ауқымы.
Антропометриялық өлшеу. Бойы, салмағы. Өлшеу техникасы. Антропометриялық елшеудің мәні.
Дене жылуы.
Пальпация. Мәні, негізі түрлері (беткей, терең, жылжымалы, бимануалды), жүргізу ережелері және техникасы.
Перкуссия. Зерттеу әдісі түріндегі перкуссияның қысқаша тарихи мәліметі. Бұл әдісті қолданудағы Ауэнбруггердің рөлі. Перкуссияның физикалық негіздері. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия, олардың жалпы ережелері.
Аускультация. Зерттеу әдісі түріндегі аускультация бойынша қысқаша мәлімет. Лаэннектің рөлі. Аускультация әдісінің физикалық негіздері. Аускультация ережесі мен техникасы.
Зертханалық зертгеу әдістерінің мәні. Қанды, зәрді, нәжісті, қақырықты, шайынды суды, асқазан құрамын, өтті зерттеудің негізгі әдістері. Зертханалық және аспаптық зертгеуді өткізудегі мейірбикелердің рөлі.
№ 1 практикалық сабақ
Науқасты сүрастыру - науқас туралы жалпы мәлімет, шағымы, ауру және өмір анамнезі. Оқытушымен бірге білім алушылар науқас төсегінде науқасты жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу, жағдайын бағалау. Науқасты әртүрлі зертханалық жэне аспаптық зертгеулерге дайындау ерекшеліктері. Зерттеуге материалдар алу техникасы. Зертханаға жолдама ресімдеу және материалдарды жеткізу.
3 бөлім Арнайы бөлім
3.1 тақырып Тыныс алу ағзаларының ауруларымен сырқаттанған науқастарды тексеру әдістері
Сұрастыру. Негізгі шағымдары және олардың пайда болу механизмі, құрғақ және қақырықты жөтел, интенсивті немесе әлсіз, үнемі немесе ұстама тәрізді жөтелдер, пайда болу уақыты, пайда болу жағдайы және жөтелді тоқтату түрі.
Қақырық, пайда болу уақыты, түрі, түсі, мөлшері, консистенциясы, иісі, қан араласуы. Қан түкіру, өкпеден қан кету.
Кеуде тұсының ауырсынуы-үдемелігі, сипаты, таралуы, жөтелмен және тыныс алумен байланысы. Демікпе - сипаты, пайда болуы, ұзақтығы. Демікпенің түрлері.
Қызу көтерілуі, терлеу, қалтырау. Температуралық қисықтың түрлері.
Дауыс өзгерісі. Дыбыс шықпай қалуы (афония), дауыстың қарлығуы. Мұрынмен дем алудың бұзылуы. Диагностикалық мәні.
Қарап тексеру. Науқастың мәжбүрлік қалпы. Тыныс алу түрлері: мұрынмен, ауызбен, еркін және қиналып дем алу. Орталық көгеру, оның патогенезі.Кеуде пішіні: нормостениялық, астениялық, гиперстениялық. Кеуденің патологиялық пішіндері (эмфиземалық, паралитикалық, рахиттік, шөлмек тәрізді, «ладья»тәрізді). Бұғана асты және бұғанаүсті шұңқырларының айқындылығы. Кеуденің симметриялығы (томпайып шығып тұру, ішке қарай кіріп тұру, бір жаққа қарай қисаю). Омыртқаның қисаюы: лордоз, кифоз, сколиоз, кифосколиоз.
Тыныс алу түрлері: кеуделік, құрсақтық, аралас. Тыныс алу қозғалысының симметриялығы, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы. Тыныс алудың бір минуттағы жиілігі, тереңдігі және ырғақтығы. Тыныс алу тереңдігі мен ырғақтығының бұзылуы: Куссмауль бойынша - терең, Чейн-Стокс - аритмиялық және Биот тынысы, ентікпенің объективті белгілері. Диагностикалық мәні.
Пальпация. Кеудені пальпациялау әдістемесі. Ауырсыну аумақтарының пайда болуы.іКеуденіқ резистенттілігін аныкгау. Дауыс дірілін анықтау. Диагностикалық мәні.
Перкуссия. Салыстырмалы перкуссия, оның ережесі. Қалыпты және патологиялық жағдайларда перкуторлық дыбыстың кеуденің симметриялық бөліктерінде өзгеру түрлер (анық өкпелік, дабыл үніне ұқсас, қорапты, тұйықталған дабылды). Диагностикалық мәні.
Топографиялық перкуссия. Кеуденің топографиялық сызықтары. Өкпенің жоғарғы шекарасын анықтау: өкпе ұшының биіктігін алдынан, артынан анықтау. Өкпенің төменгі шекараларын анықтау және өкпенің төменгі жиегінің қозғалғыштығын анықтау, өзгеру себептерін анықтау. Диагностикалық мәні.
Аускультация. Өкпені аускультациялау әдістері. Негізгі және қосымша тыныс шулары, олардың пайда болу механизмі және диагностикалық мәні. Везикулярлы тыныс, оның әлсіреуі немесе күшеюі. Бронхиалды тыныс және оның түрлері.
Диагностикалық мәні. Сырылдар, олардың пайда болу механизмі. Құрғақ сырылдар -төмен тембрлі (бас), жоғары тембрлі (дискантты). Ығалды сырылдар: ұсақ-, орташа-және үлкен көпіршікті, ашық және ашық емес. Сырылдардың орналасуы және таралуы. Крепитация. Плевралардың үйкелесу шуы. Қосымша тыныс шуларының диагностикалық мәні. Бронхофония, оны анықтайтын әдістемесі. Оның тыныс алу жүйесі ауруларындағы диагностикалық мәні.
Тыныс алу ағзаларын зерттеудің қосымша эдістері.
Қақырықты зерттеудің зертханалық әдістері, плевра қуысының сұйықтығын қарап тексеру. Зерттеудің аспаптық әдістерінің диагностикалық мәні: өкпе рентгеноскопиясы және рентгенографиясы, томографиясы, компьютерлі томографиясы, бронхоскопиясы. Өкпенің және плевралардың биопсиясы.
Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу: спирометрия, спирография. Плевмотахометрия және пневмотахография туралы ұғым. Функциональдық зерттеудің тыныс алу жеткіліксіздігін анықтаудағы мәні.
3.2 тақырып Өкпе патологиясы кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері)
1. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы;
2. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы;
3. Өкпеде қуыс пайда болу синдромы;
4. Өкпе тінінің ауаға толу синдромы;
5. Плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы (гидроторакс);
6. Плевра қуысына ауа жиналу синдромы (пневмоторакс);
7. Ателектаз синдромы (компрессиялық, обтурациялық);
8. Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы (жедел және созылмалы).
№ 2 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушылар тыныс алу жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, оларға пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың жағдайын бағалау. «Пульмонология» бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
33 тақырып Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері
Сұрастыру. Негізгі шағымдар және олардың даму механизмі.
Жүрек тұсының ауырсынуы. Пайда. болу механизмі. Ауырсынуды нақтылау. Ауырсынудың орналасуы, түрі, таралу бағыты, ұзақтығы, қарқындылығы, физикалық күшпен, қобалжумен байланысы, ауырсынуды басу тәсілдері.
Ентігу. Пайда болу механизмі. Ентігудің физикалық күшпен байланысы. Тұншығу (жүрек демікпесі), пайда болу уақыты мен жағдайы, ұстаманың ұзақтығы және оны тоқтату.
Жүрек соғуы, жүректің шалыс соғуы. Жүректің шалыс соғуының себептері. Жүрек ырғағының бұзылуы (тұрақгы, ұстамалы түрде), олардың ұзақтығы, диагностикалық мәні.
Қарап тексеру. Науқастың қалпы, терінің түсі: көгеру, бозару, беттің шырайы, орталық және шеткі көтерудің айырмашьшықтары.
Ісіну - пайда болу механизмі, орналасуы, таралуы, көрініс дәрежесі. Анасарка (жалпыісік).Осы өзгерістердің диагностикалық мәні. Шеткі қан тамырларды қарап тексеру. Күретамыр соғысы, басқа тамырлардың соғысы. Веналардың ісінуі және соғысы. Жүрек тұсын қарап тексеру: жүрек дөңесі, жүрек ұшының және жүрек соғысы. Пальпация. Жүрек ұшы соғысының пальпациясы. Сипаттамасы, күші, биіктігі. Систолалық және диастолалық дірілді анықтау. Диагностикалық мәні.
Перкуссия. Жүректің салыстырмалы және нақты тұйық дыбыс шекараларын анықтау, тамыр шоғырының шекарасын анықтау. Жүрек конфигурациясын анықтау. Жүрек ше:карасы өзгерістерінің днагностикалық мәні.
Аускультация. Жүректі аускультациялау әдістері. Науқасты әртүрлі жағдайда тыңдау, тыныс алудың әртүрлі фазаларында, тыныштық пен физикалық күш түсіре отырып тыңдау. Жүректі тыңдау нүктелері, жүрек қақпақшаларының кеудедегі кескіні. Жүректі тыңдау реті.
Жүрек аускультациясы кезінде қарынша систоласы мен диастоласының арасындағы айырмашылық. Жүрек тондары, олардың пайда болу механизмі. Негізгі тондар (I және II) және қосымша (III және ІV) тондар. Жүрек шулары. Пайда болу механизмі. Шулардың жіктемесі.
Шудың жақсы тыңдалатын нүктелері. Шудың берілуі. Функционалды шудың органикалық шудан айырмашылығы. Перикардтың, плевроперикардтың үйкеліс шулары. Диагностикалық мәні.
Қан тамырлар соғысы. Самай, күретамыр, кәріжілік, тізеасты және аяқбасының сырқы артерияларының соғысы. Кәріжілік артериясы соғысының мәні. Екі қолдағы қантамыр соғысының жиілігін, ырғақтығын салыстыру. Аритмия, қантамыр соғысы арқылы анықтау. Қантамырлар соғысының толықтығы, кернеулігі, көлемі, формасы. Қантамыр соғысының тапшылығы. Артериялық қан қысымын (АҚ) анықтау. Әдістемесі мен техникасы. Систолалық, диастолалық, орташа және пульстік АҚ. Артериялық гипертензия мен гипотензия туралы түсінік.
Жүрек қантамыр жүйесін зерттеудің қосымша әдістері.
Зенртханалық зертгеу әдістері. Ферменттердің белсенділігін талдау, жалпы белокты, белок фракциясын, С реактивті белокты анықгау. Диагностикалық мәні. Холестерин мен липопротеидтерді анықтаудың мәні.
Электрокардиография. Электрокардиографияның техникасы. 12 жалғамды электрокардиограмманы тіркеу (стандартты, кеуделік, бір полюсті). Қалыпты жағдайдағы ЭКГ. ЭКГ талдау. Стенокардия және миокардттың жіті инфаркты кезінде ЭКГ-гі өзгерістер. Фонокардиография. Диагностикалық мәні. Жүректі рентгенологиялық зерттеу. Зерттеудің радиоизотопты әдістері. Осы әдістердің диагностикалық мәні туралы түсінік.
3.4 тақырып Жүрек-қантамыр патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, дигностика әдістері)
1. Артериалық гипертензия синдромы (эссенциалды және симптоматикалық);
2. Коронарлық жеткіліксіздік синдромы (жіті және созылмалы);
3. Жүрек функциясының жіті жеткіліксіздігі синдромы (сол қарыншалық және оң қарыншалық); Жүрек демікпесі, өкпе шемені
4. Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі синдромы (сол қарыншалық және оң қарыншалық);
5. Қан тамырдың жіті жеткіліксіздігі синдромы (естен тану, коллапс, шок);
6. Кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия синдромы;
7. Кенеттен өлу синдромы.
№ 3 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушылар жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, жүрекке пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың жағдайын бағалау. Кардиология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды эртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.5 тақырып Асқорыту ағзаларының ауруымен сырқаттанған науқастарды тексеру әдістері
Сұрастыру. Ауыз қуысының ауырсынуы. Ауызға ащы дәм келу. Ауыздан жағымсыз иіс шығу. Жұтыну (еркін, қиын, мүмкін болмауы). Кекіру. Ауырсыну. Пайда болу механизмі. Ауырсынудың орналасуы, берілуі, сипаттамасы, тамақ ішумен байланысы. Ауырсынудың үдемелілігі, ұзақтығы, басталған уақыты, ауырсынуды жеңілдететін заттар.
Диспепсиялық бұзылыстар: жүрек айну, құсу, кекіру, «асқазаның қыжылдауы», іштің кебуі. Осы симптомдарды нақтылап талдау, дәрежелігін көрсету. Тамақпен байланысын көрсету, оның көлемімен, сапасымен байланыстылығын анықтау. Бұл белгілерді қандай заттармен жеңілдетуге болады. Диагностикалық мәні.
Тәбеттің жақсы, нашар, жоғары болуы, тәбеттің болмауы. Тамақтан жиіркену (ет тағамына, майлы тағамға). Диагностикалық мәні. Арықтау. Диагностикалық мәні. Нәжіс: тәуліктік жиілігі, түсі, формасы, тығыздығы, қорытылмаған астың қалдықтары, қан араласуы, сілемейлердің нәжісте кездесуі. Іш қату және іш өту пайда болу себептері. Диагностикалық мәні.
Қарап тексеру. Ауыз қуысын қарап тексеру. Тілдің ауыз қуысындағы қалпы, тілдің ісінуі, ылғалдылығы, емізікшелі қабықтың сипаттамасы, тілдің ойылуы. Тістердің жағдайы. Қызыл иек. Жұмсақ және қатты таңдайдың жағдайы.
Науқасты жатқызып және тұрғызып тексеру. Іштің пішіні. Оның көлемі (іштің кебуі, май басуы, сұйықтық жиналу), тыныс алуда қатысуы, ассиметриясы, құрсақтың алдыңғы қабырғасында веналық коллатеральдың дамуы.
Пальпация. Құрсақтың беткейлік пальпациясы. Құрсақ бұлшықеттерінің ауырсынуын және қатаюын анықтау.
Құрсақтың В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско әдістері бойынша беткей, терең, жылжымалы пальпациягы. Пальпацияның реттілігі: иінішек, соқыр ішек, мықын ішектің соңғы бөлімдері, көлденең жуан ішек, жуан ішектің ерлемелі және темендеген бөлімдері. Пальпацияның мәліметтері: орналасуы, қозғалғыштығы, ауырсынуы, тығыздығы, көлемі, құрылдауы. Асқазан. Перкуссия арқылы асқазанның төменгі шекарасын анықтау.
Құрсақ перкуссиясы. Перкуторлық дыбыстың сипаттамасы: тимпанитті, тұйықтау-тимпанитті, тұйық. Перкуссия арқылы асқазанның төменгі шекарасын аускультивтік перкуссия және шалпыл шулары арқылы анықтау.
Аускультация. Асқазан пен ішек перистальтикасын және ішастармен үйкелісуі кезіндегі шуды тыңдау.
Асқорыту жүйесінің қосымша тексеру әдістері.
Асқазанның рН-метриясын зерттеу туралы түсінік. Неіісоbасtег Руlоrі зерттеу әдістері (морфологиялық, тыныс алу тестісі).
Копрологиялық зерттеу. Нәжістің түсін, иісін, формасын, тығыздылығын, қоспасын анықтау. Химиялық зерттеу: реакциясын, жасырын қанды анықтау, өт пигменттері. Микроскопиялық зерттеу: бұлшықет талшықтарын, дәнекер тіндерді, майларды, өсімдік майларын, крахмал дәндерін, тағам элементтерін, эпителийді, лейкоциттерді, эритроциттерді, макрофагтарды, ісік жасушаларын, қарапайымдыларды, гельминттерді. Копрологиялық зерттеудің дигностикалық мәні. Асқазан-ішек жолдарын эндоскспиялық зерттеу (жалпы принциптері).
Эзофагоскопия. Гастродуоденоскопия. Колоноскопия. Ректороманоскопия, биопсия. Цитологиялық диагностика. Лапароскопия. Асқорыту ағзаларының аурулары кезіндегі радиоизотопты және ультрадыбысты зерттеу әдістерінің диагностикалық мәні.
3.6 тақырып Асқорыту жүйесінің патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері)
1. Дисфагия синдромы;
2. Асқазанның моторлы-эвакуаторлы функцияның бұзылу синдромы;
3. Диспепсиялық синдром;
4. Іштің ауырсыну синдромы;
5. Өңештен, асқазаннан және ішектен қан кету синдромы;
6. Асқорытудың және сіңірілудің бұзылу синдромы.
№ 4 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы асқорыту жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тесек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Гастроэнтерология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.7 тақырып Бауырдың, өтқалта мен ұйқыбездің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері
Сұрастыру. Оң қабырға астының ауырсынуы. Оның даму механизмі. Сипаттамасы, берілуі, ұзақтығы, пайда болу жағдайлары. Диагностикалық мәні.
Диспепсиялық белгілер: лоқсу, құсу, кекіру, іштің кебуі. Асқа тәбеттің бұзылуы, ауызда дәмнің бұзылуы, нәжістің өзгеруі.
Сарғаю. Терінің, сілемей қабаттың, зәрдің, нәжістің өзгеруі. Терінің қышуы.
Қарап тексеру. Тамақтанудың бұзылу деңгейі. Терінің жалпы жағдайы: тамырлы жұлдызшалар, ксантелизмдер, бауырға тән алақан, қанталау. Сарғаю. Сарғаюдың түрлері, даму механизмі. «Барабан таяқшалары» тәріздес симптомдар пайда болуы, гинекомастия, шаштың түсуі.
Құрсақты қарап тексеру. Іштің өсуі (құрсаққа су жиналу). Құрсақтың алдыңғы беткейінде веналық коллатеральдардың пайда болуы. Кіндік сақинасының жағдайы.
Пальпация. Бауырды пальпациялау әдістемесі. Бауырдың жиегі (қыры), пішіні, тығыздығы (жұмсақ, қатты). Бауырдың беткейі, тегіс, бұдырлы, дәнді. Ауырсынуы. Асцит кезінде бауырға пальпация жасау әдісі.
Өтқалта. Өтқалтаны пальпациялау әдісі, оның үлкейгендігі жайында пальпация арқылы алынатын мәліметтер (тығыздығы, ауырсынуы). Көкбауыр пальпациясы. Пальпация әдісі және оның үлкейгендігі жайында пальпация арқылы алынатын мәліметтер.
Іш перкуссиясы. Перкуторлы дыбыстың өзгеруі. Асцитті анықтау. Бауырдың нақты тұйық шекарасын перкуссия арқылы анықтау. Курлов бойынша бауырдың өлшемдері. Көкбауыр перкуссиясы.
Аускультация. Оң және сол жақ қабырға асты аймақтарында ішастар үйкелісінің шуларын анықтау. Диагноститкалық мәні.
Бауыр мен өтқалтаны зерттеудің қосымша әдістері.
Пигмент алмасуының, май алмасуының, көмірсу және нәруыз алмасуының керсеткіштерін анықтау. Ферменттерді зерттеу.
Ұлтабарды сүңгілеу. Диагностикалық мәні. Зерттеудің аспаптық әдістері туралы түсінік: бауыр пункциясы, лапороскопия, ультрадыбыстық әдіс. Бауыр қызметін радиоизотопты әдіспен зерттеу. Бауыр мен өтқалтасын сканерлеу. Өтқалтаны рентгенологиялық зерттеу: холецистография, холеграфия, холангиография, спленопортография, антиография және компьютерлі томография туралы жалпы түсінік.
Ұйқыбезді зерттеу әдістері
Сұрастыру. Ауырсыну, оның даму механизмі, сипаттамасы, орналасуы, берілуі. Басқа да клиникалық белгілері
Қарап тексеру. Іш пальпациясы мен перкуссиясы. Бұл әдістердің диагностикалық мәні.
Ұйқыбезді зерттеудің қосымша әдістері.
Копрологиялық зерттеудің мәні. Амилазаның қандағы, зәрдегі белсенділігін анықтау.
3.8 тақырып Бауырдың, өтқалта мен ұйқыбездіц патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, олардыц даму механизмі, диагностика әдістері)
1. Сарғаю синдромы (ұлпалы, гемолитикалық, механикалық);
2. Портальды гипертензия синдромы;
3. Гепатолиенальды синдром;
4. Бауырдың қабыну синдромы;
5. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі синдромы (бауыр комасы);
6. Өтқалта дискенезиясы синдромы;
7. Өтқалтаның қабыну синдромы;
8. Ұйқыбездің қабыну синдромы.
№ 5 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы бауыр, өтқалта мен ұйқыбездің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Гастроэнтерология белімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.9 тақырып Зәр шығару жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әіістері
Сұрастыру. Бүйрек тұсының ауырсынуы. Даму механизмі. Сипаттамасы, үдемелігі, ұзақтығы. берілуі. Ісіну. Ісінудіқ даму механизмі. Бүйрек ісігінің қан айналым жүйесімен ауыратын науқастардың ісігінен айырмашылығы.Зәр шығару қызметінің бұзылуы. Дизурия, олигурия, полгурия, никтурия, поллакиурия.
Бастың ауыруы. Ентікпе, оның даму механизмі. Диспепсиялық көріністер. Қансырау (қан кету), терінің қышуы.
Қарап тексеру. Бүйрек ауруларымен сырқаттанатын науқастардың келбеті. Бел аймағының ісінуі және қызаруы. Ісіктің таралу ерекшеліктері, оның басқа аурулар кезінде туындайтын ісіктерден айырмашылығы. Терідегі қасыну іздері және мочевина кристаллдары.
Пальпация. Науқасты жатқызып және тұрғызып бүйректі пальпация жасау әдісі. Бүйректің төмен түсуі, ығысуы, үлкеюі және ауырсынуы.
Перкуссия. Пастернацкий симптомын анықтау. Бүйрек тұсын жаймен соққылау әдісі және оның диагностикалық мәні. Қуықтың жоғарғы шекарасын анықтауда перкуссияның мәні.
Бүйрек пен несеп жолдарын зерттеудің қосымша әдістері.
Зәрдің жалпы анализі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы, реакциясы, мөлдірлігі. Протеинурия, гаюкозурия, билирубинурия, уробилинурия, ацетонурия. Зәр тұнбасын микроскопиялық түрде зерттеу және оның диагностикалық мәні. Реберг, Нечипоренко және Аддис-Каковский сынамалары. Зәрді Зимницкий бойынша зерттеу. Гипостенурия, изостенурия, никтурия. Мочевинаны, креатининді, қалдық азотты қанның сарысуында анықтау, олардың диагностикалық мәні.
Бүйректі зерттеудің рентгенологиялық әдісі. Веналық және ретроградты пиелография. Нефроангиография. Қуық пен несепағардың цитоскопиясы және оларды катетерлеу. Хромоцитоскопия. Бүйректерді сканерлеу. Радиоизотопты нефрография. Бүйрек биопсиясы. Бүйректі ультрадыбыспен зерттеу.
3.10 тақырып Зәр шығару жүйесі патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері)
1. Бүйрек шаншуы синдромы;
2. Бүйректің артериалық гипертензиясы синдромы;
3. Ісіну синдромы;
4. Нефроздық синдром;
5. Зәрдің өзгеруімен байланысты синдром;
6. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы).
№ 6 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы бауыр, өтқалта мен ұйқыбездің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Нефрология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
3.11 тақырып Эндокринді жүйенің және зат алмасу ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері, олардың клиникалық синдромдары
Сұрастыру. Шағымдар, даму механизмі, әлсіздік, арықтау, семіру, шөлдеу, қызу көтерілу, тәбеттің бұзылуы, қозу, тері түсінің өзгеруі.
Қарап тексеру. Гипергидроз, гиперпигментация, теріде іздердің болуы, теріасты шелмайының жағдайы (семіру, жүдеу). Ісіну. Экзофтальм, қабақтар пигментациясының болуы.
Қалқаншабез пальпациясы. Қалқаншабез пальпациясының диагностикалық мәні.
Қосымша зерттеу әдістері.
Қанда, зәрде қантты және зерде ацетонды зерттеу. Қант профилі (гликемиялық қисық). Катехоламиндер мен кортикостероидтарды анықтаудың мәні. Негізгі зат алмасу және оны анықтау әдістері. Қалқаншабезді радиоизотоппен зерттеу. Қаңқаны рентгенологиялық зерттеу. Май және көмірсу алмасуының биохимиялық көрсеткіштері. Қанда және зәрде витаминдерді және оның метоболиттерін анықтау (жалпы түсігіні). Клиникалық синдромдар (себептері, даму механизмі, диагностикалау әдістері):
1. Гипергликемия және гипогликемия синдромы;
2. Қалқаншабез функциясының жоғарылау және төмендеу синдромы (тиреоток-сикоз, микседема);
3. Бүйрекбез дисфункциясы туралы түсінік;
4. Семіру және кахексия.
№ 7 практикалық сабақ
Оқытушымен бірге білім алушы қалқаншабез ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультацға жүргізу. Науқастың шағымдарын және оның обьективті қарап тексеру мәліметтерін бағалау. Эндокринология бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрл зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |