Бағдарламаның міндеті:
оқушының өзіндік іс-əрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.
тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін жүйелеу;
теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |