Бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 4- сыныбына арналған 2017 ж


Бағдарламаның күнтізбелік жоспары



бет5/5
Дата11.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#131390
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
sabaq-kz attachment orfografiyaly-sauattyly

Бағдарламаның күнтізбелік жоспары
Аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағат

№ р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат с

Мерзімі

1


1 тоқсан
Дыбыс және дыбыс түрлері

1





2

Тасымал

1




3

Буын түрлері

1




4

Буын үндестігі

1




5

Дыбыс үндестігі

1




6

Фонетикалық талдау

1




7

Дыбыстарға математикалық талдау

1




8

Қызықты грамматикалық тапсырмалар

2







2 тоқсан







1

Сөйлем. Сөз тіркесі

1




2

Сөйлемнің дара жəне күрделі мүшелері

1




3

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

1




4

Жай сөйлем жəне құрмалас сөйлем

1




5

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі

1




6

Қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі.

1




7

Синтаксистік талдау

1







3 тоқсан







1

Сөз жəне оның мағынасы

1




2

Мағынасы бір-біріне жуық сөздер

1




3

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер

1




4

Көп мағыналы сөздер. Күрделі сөздер. Біріккен сөз.

1




5

Қос сөз. Қысқарған сөз

1




6

Cөз ойла,тез ойла.Фонетикалық талдау

1




7

Сөз құрамына – грамматикалық мағанасына қарай талдау

1




8

Сөз таптары Зат есім. Зат есімнің септелуі

1




9

Етістіктің жіктелуі Етістіктің шақтары

1




10

Дара және күрделі сын есім

1







4-тоқсан







1

Жіктеу есімдіктері

1




2

Үстеу. Мезгіл үстеу

1




3

Мекен үстеу. Сын-қимыл үстеуі

1




4

Синтаксистік талдау

1




5

Шылау

1




6

Одағай

1




7

Еліктеуіш сөздер

1




8

Жұмбақ жасыру

1






Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Қазақ тілі оқулығы / Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова Алматыкітап баспасы 2011– 200 бет, суретті.

  1. Қазақ тілі дидактикалық материалдар / Ж.Қ. Балтабаева – Алматыкітап баспасы - 2011 – 56 бет, суретті

3. Қазақ тілі оқулығына түсіндірмелер / Әубәкірқызы қ Наурызбайқызы
Ә Кеңесбайқызы С, Мұхамбетқызы С – Алматы, Рауан, - 2011 – 48 бет.



  1. Қазақ тілі оқытудың тиімді әдістері /Ж.Б.Жеткізген – Алматыкітап баспасы -2011жыл/




  1. Қазақ тілі әдістемелік құрал /Ф.С.Лекерова, М.К.Солтангазина, Ж.К.Балтабаева-Алматыкітап баспасы -2011жыл/


1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және дыбыс түрлері
Мақсаты: Тірек сызбалар арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау. Дыбыс пен әріптің айырмашылықтарын ажырату, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін кеңейту. Грамматикалық талдау дағдыларын, оқушы ойын дамыту;Өздіктерінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын дайындау.
2 Сөздік диктантына дайындық жұмысы
Тірек сызбамен жұмыс
- Сөз дыбыстардан құралады.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Дыбысты естиміз, айтамыз,
- әріпті көреміз, жазамыз.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталату.
Дауысты дыбыстар

Жуан, жіңішке

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң, ұяң, үнді
3 Дәптермен жұмыс.
Суреттердің атауын дәптерге жазып, дыбыстық талдау жаса.
4 Сөздік диктанты.
Трамвай, вагон, велосипед, фонтан, асфальт, телеграф, ащы, тұщы, чемпион, плащ, кофе, флот, волейбол, телефон.
5 Сабақты қорыту. -
Бүгін қандай тапсырмаларды орындадық?
- Қандай тапсырмалар сендерге ұнады?
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тасымал
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту ; б) Ақыл – ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап


Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1.Буын дегеніміз не? 2.Буын нешеге бөлінеді?
3.Ашық буын дегеніміз не? 4.Тұйық буын дегеніміз не?
5.Бітеу буын дегеніміз не? 6.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
7.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?
8.Ұяң,ашық дауысты,дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ,мек-теп.
Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от,кел,ет,қарт.
2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынап қалдыруға болмайды. Сондай – ақ ата,аң,кең,еш,қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
3. А.Құнанбаев,М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.
4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг,25см
5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.АҚШ.ТМД,ҚАЗ МУ.
Жаттығумен жұмыс : Сөздерді әуелі буынға бөліп және жолға тасымалдап жазыңдар.
Білімді бекіту : 1.Тасымал дегеніміз не? 2.Қандай сөздер тасымалданбайды ?
3. Буын нешеге бөлінеді? 4. Бітеу буын дегеніміз не?
Тапсырма:
Берілген сөздерді дұрыс тасымалдаңдар және олармен сөйлем құраңдар:
Тобылғы, жігіттер, Жәнібек, сұлтан, ел, сындырды, тер, ақты, күш.

ІҮ. Қорытындылау:


«Көп қорқытады, терең батырады» деген мақалдың мағынасын түсіндіре отырып, осы жайында оқушылардың пікірлерін тыңдау. Сабақты «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалымен қорытындылау.


3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту. 
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. 
3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру. 
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру 
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру. 
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер. 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі
IІ .Жаңа сабаққа дайындық 
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау 

V Жаңа тақырыпты түсіндіру: 
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді. 
Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған. 
Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. 
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын. 
1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та. 
2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б. 
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і=өр-ті, оқ+ы=оғы, еп+і= е-бі, ек+ін=е-гін, т.б. 
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т.б. 
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек. 

VІ. Түсінік тексеру 
1.Оқулықпен жұмыс 
* Мәтінді оқып, тарихи сөздерді тауып, оларды буынға бөліңдер. Әрбір буын қанша дыбыстан құралған және қайсысы буын құрайтын, қайсысы буын құрай алмайтын дыбыстар екенін айтыңдар. 
VІІ. Жаңа сабақты бекіту 

1.Перфокартамен жұмыс 

Сөйлем Ашық буын Бітеу буын Тұйық буын 
Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таң ғажайып мамандық көп. 
( І. Есенберлин) 
Ауыл осы қонысқа кейін орналасқаннан бері қарай, ол бір күн дамыл танытқан емес. 
( М.Әуезов) 
Сайдың тасындай, күмістей жалтылдап күнге шағылысқан, қорғасындай балқып. 
Ералин жуынып шыққан соң қорасына қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылқитып қарт анасы шықты. 
(Ғ. Мүсірепов) 
Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты. 
( М.Әуезов) 
2.Деңгейлік тапсырмалар: 
І деңгей 
1. Буын құрайтын дыбыстарды жаз. 
2. Мәтінді буынға бөліп жаз. 
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов) 
ІІ деңгей 
1. Буын дегеніміз не? 
2 Буын түрлеріне ажыратып жаз. 
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз. 
ІІІ деңгей 
1.Бітеу буынды сөздерге мысал келтір. 
2. «Менің қалам» деген тақырыпта мәтін құра. Мәтіннен буын түрлерін ажыратып жаз. 
IІІ. Сабақты қорыту 
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Буын үндестігі»
Мақсаты:Оқушылардың буын үндестігі туралы білімін арттыру;
Сөздер бірде жуан,бірде жіңішке айтылу ерекшеліктеріне басты назар аударту;
Қызығушылығын арттыру,;
Көрнекіліктер: плакаттар,суреттер,таратпа материалдар,т.б.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Өткенді қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім.


Буын үндестігі-сингармонизм .


Сөздің соңғы буының жуан,жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да не жуан,не жіңішке жалғануы.


Жуан сөздер : Жіңішке сөздер:

Жұмыс-шы-лар-ға Сүйінші-лер-ің-ді


Тарих-ты Лагерь-ге
Цех-та Роль-дің , рол-ім

Сонымен қатар буын түрлері де бар,олар: ашық,тұйық,бітеу болып бөлінеді.




Ашық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып,дауысты дыбыспен аяталады.

Мысалы: Ашық буын


а-та
ә-ке


Тұйық буын дегеніміз- дауысты дыбыстан бастылып, дауыссыз үнді немесе қатаң дыбыспен аяталады.

Мысалы: Тұйық буын


Аң
Ұлт


Бітеу буын дегеніміз- дауыссыздан басталып,дауыссызбен аяқталады.

Мысалы: Бітеу буын


тас
дәп-тер
Сабақтың соңында оқушыларға үйде ережелерді жаттай отырып,қалам,кітап,оқулық деген сөздермен күрделі сөйлемдер құрастыра отырып,сөйлем мүшесіне және буын түрлеріне ажыратып талдау тапсырылады.
Буын үндестігі

  1. Көрсетілген жұрнақтарға түбір сөз қосып, жаңа сөз жаса:

------------------------------- -хана


------------------------------- -паз
------------------------------- -қой
------------------------------- - кер

  1. Сөздерге қосымша жалғап жазып, ережесін еске түсір:

Думан, Темірлан, жұмыскер______________________________________

  1. Аралас буынды болып келетін сөздерді білесің бе? ______________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Апта күндерінің айтылуына қарап отырып, дұрыс жазылуын көрсет:

Дүйсембі _____________________________
Сейсембі _____________________________
Сәрсембі ____________________________
Бейсембі _____________________________
Жұма _____________________________
Сембі _____________________________
Жексембі _____________________________
5-сабақ
Тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сабақтың мақсаты: Дыбыс үндестігінің түрлері, ілгерінді ықпалдың, кейінді ықпалдың, тоғыспалы ықпалдың жасалуын түсіну, қолдану.
Міндеттері: 1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды түсінуде, оқушылар жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, ауызша - жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т. б)
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау критерийлері
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.
2. оқушылар мәтін бойынша бір - біріне сұрақты дұрыс қоя біледі
3. көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады,
4. Бір - біріне сұрақтар қояды.
5. Ой қорытады.
6. Пікірлерін айтады.
7. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
8. Жұппен жұмыс істей алады.


Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу.
2. Шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, барлығың бір - бірлеріңнің көздеріңе қараңдаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділікпен, достықтың, сүйіспеншіліктің, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Енді бір - бірімізге жылы, жақсы сөздер айтайық! Мысалы: Сен бүгін ақылдысың, әдемісің, күштісің. т. б.
3. «Сен кімсің» ойыны. Бір оқушының көзін байлаймыз. Ортаға шығарып, бір оқушының алдына апарады. Ол танымайтындай өзгертіп айту керек. Егер тапса ол кісі орнына барады.
4. Қиғаш қағаздарды беріп, таратамын. Ол қағаздардың шетіне 4 түрлі түсті жазылған дауыссыз дыбыстар. Сол 4 түске байланысты 4 топқа бөлінеді.
5. Алтын ережемізді еске түсіреміз. (2 мин)
Үй жұмысын тексеру (5 мин)
1. Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау» буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.
2. Перфокартаны толтыр.
Қосымшалар --------------- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
- мен
- шы
- паз
- нікі
- қой
- дың
- кер

Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс - әрекеті
Жаңа тақырып:
«Кім жылдам?» Тапсырма: Берілген сөздердің айтылғанда өзгеріске ұшырайтынын топ болып көрсету керек.
1 - топ: көп бала (ілгерінді ықпал - көп пала)
2 - топ: сөзсіз (кейінді ықпал - сөссіз)
3 - топ: Досжан (тоғыспалы ықпал - Дошшан)
4 - топ: ала қап (ілгерінді ықпал – ала ғап)
СТО ой тастау, Ал енді мына жазылған сөздерге қараңдаршы не байқап тұрсыңдар? Қандай ой келеді?, / Балалар, ықпал деген не? Осы ықпал сөзін естігенде қандай ой келеді?
Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс. (Кеспе қағазбен жұмыс)
(2 мин) тақтада тексеремін.

Топтық жұмыс. Әр топ осы тақырыптарға оқулықтан, интернет ақпарат көздерінен қарап қорғайды.
1 - топ. Дыбыс үндестігі.
2 - топ. Ілгерінді ықпал.
3 - топ. Кейінді ықпал.
4 - топ. Тоғыспалы ықпал.
Жұппен жұмыс. Берілген дауыстыдан басталған – ым, (- ім), - ы (- і), - ың (- ің), ып (- іп) қосымшаларын жалғап, қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын табыңдар. (2 мин)
6-сабақ
Тақырыбы: Фонетикалық талдау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімді ғылыми негізде, сатылай, жүйелі, кешенді, меңгеруді ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге пәнді сауатты меңгеруге негіз қалау.
Дамыту міндеті: Қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби жазу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік міндеті: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттерді сіңіру
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: "Сатылай кешенді талдау" технологиясы, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, тілдік талдаулар жасау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Сабақ мақсатын хабарлау
III. Дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру (әр оқушының қалауы бойынша дыбыстарды талдау)
1. Ө - □ бұл - дауысты дыбыс. Себебі: бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
2. Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе жіңішке. Себебі: бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді.
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай; жартылай ашық. Себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік. Себебі: бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді.

IV. Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру (әр оқушының қалауы бойынша дыбыстарды талдау)
1. Т - △ бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі: бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң. Себебі: бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.
3. Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай: шұғыл. Себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне қатты соқтығысып ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: тіл мен тіс .
V."Атырау" сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
(Оқушылар өз қалаулары бойынша сөздерге дыбыстық мінездеме береді)
Берілгені: Атырау ○= □=?

Мұнда неше дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін менен сұрайды
Шешуі: Атырау сөзінде
6 ○= 3(2а, ы)□ себебі;
3 (т, р, у)△ себебі:

1. Бұл - дауыссыз дыбыстар. Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Тілдің қатысына қарай: 2а, ы тіл арты немесе жуан □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай 2(а) ашық □, себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып ауа еркін шығады, (ы) қысаң □, себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай:(а, ы) езулік □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

1. Бұл - дауыссыз дыбыстар. Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай: (т) қатаң △, себебі: бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.(р, у) үнді △, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым.
3. Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай: (т) шұғыл △, себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне қатты соқтығысып ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады. (р) діріл △, себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне соқтығысып, ауа дірілдеп шығады
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: (т)- тіл мен тіс △, (р)- тіл алды △.

VI. Фонологиялық талдау (сөз сазындық)
(Оқушылар өз қалаулары бойынша сөздерге фонологиялық талдау жасайды)
Жайық
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі: сөздің құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауысты.
2. Бұл сөз Жа - йық болып 2 буынға бөлінеді. Себебі: сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар.
3. Бұл сөз Жа - йық болып бір жағдайда тасымалданады, себебі: сөздің құрамында екі буын бар немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.
4. Бұл сөзде екпін - йық буынындағы "ы" - дауысты дыбысына түсіп түр.
5. Бұл сөзде буын үндестігі жоқ, себебі, түбір сөз.
6. Бұл сөзде дыбыс үндестігі жоқ, себебі, түбір сөз.

VII. Туған жер, Отан және ана тілі туралы мақал - мәтелдер айту, жалғасын табу
1. Туған жердей -...........
2. Өзге елде сұлтан болғанша -.............
3. Батыр майданда шынығады -........
4. Отансыз адам -.................
5. Өнер алды -........
6. Отан елдің анасы -.........
VIII. "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында жазған оқушылардың шығармашылық жұмысын тыңдау.
IX. Сабақты қорытындылау
Дауысты, дауыссыз дыбыстарға сатылай кешенді талдау технологиясымен дыбыстық талдауды жалғастыру, сөздерге фонологиялық талдау.


7-сабақ
Тақырыбы: Дыбыстарға математикалық талдау
Мақсаты: Қазақстанның үлкен қалаларының маңыздылығын түсінеді, бір -бірін оқыту ,түсіндіру арқылы білімдерін толықтырады. 
Жаңа сөздерді игере отырып, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекеттерін дамытады. 
Міндеттері: а)Білімділік: Қазақстанның үлкен қалалрының керектігін оқыту, түсіндіру арқылы білімдерін толықтыру. 
ә) Дамытушылық: Сөздермен ой- өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекетін дамыту. 
б) Тәрбиелік: Оқушыларды қаланың гүлденуіне үлес қосуы жайында, адам өміріне әсерін түсіндіру. 
Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды. Мәтінмен ,диалогпен ,тірек сызбалармен жұмыс істеп, негізгі ойын анықтай алады. 
Сабақта қолданылған құрал –жабдықтар: 
интерактивтік тақтадан слайдтар,Қазақстан Республикасының картасы, сөздік, тақта. 
Сабақта қолданылатын әдісі- тәсілдер: 
сұрақ –жауап,әңгімелеу түсіндіру,жинақтау,топтастыру,ой қорыту. 
Сабақтың барысы: 
ұйымдастыру
 1.Шартты белгілерімен таныстыру.
Шартты белгілер:
O – жалпы дыбыс
- дауысты дыбыс
- дауыссыз дыбыс
Ø –жоқ деген белгі
І.2. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
Берілгені:Халықтармен сөзінде қанша дыбыс бар,оның нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз?
Берілгені:
Х алықтармен = қанша дыбыс бар? = нешеуі + нешеуі = ?
Берілгені:
Х алықтармен = O = + = ?
Шешуі:
Халықтарымен сөзінде он бір дыбыс бар.
Оның төртеуі,олар 2 а, ы, е дауысты дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай,ауа еркін шығады.
Жетеуі, олар х , л , қ , т , р , м , н дауыссыз дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
Ш ешуі:
Халықтармен = 11 ° = 4 (2а, ы, е) + 7 (х ,л , қ , т , р , м , н)

4.Жеке жұмыс жүргізу 
2.Ережені қайталау, тапсырма барысында қолдану. 

Жалғау түрлері: 
1.Көптік 2.септік.3тәуелдік4жіктік 

5.Кері байланыс Ідеңгей 
Берілген сөздерді қолданып үш сөйлем жазу 
Қала, саябақ, әуежай. "Саябақ" сөзін септеу. 
ІІдеңгей 
Кокшетау, Астана сөздерімен сөз тіркес құрастыру."Астана" сөзін тәуелдеу 
ІІІдеңгей 
"Әдемі" сөзге фонетикалық талдау жасау 
Сабақты қорытындылау Оқушылар стикер арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлері мен сабақтың қалай өткенін жазып береді. Көңіл-күйлерін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет