Бағдарламасы және «100 нақты қадам Ұлт жоспары»



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі0,62 Mb.
#30439
түріБағдарламасы
  1   2
Маңғыстау облысының 2015-2016 оқу жылындағы білім жүйесіне талдамалы ақпарат
І. Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктейді. 12 жылдық білім беру көшу – мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Білім мазмұнын жаңартуға бағытталған «Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім берудің жаңа стандарты» - білім саласына елеулі өзгерістер әкелетін және білім берудің сапалық деңгейін көтеретін негізгі құжат. Егемен еліміздің өскелең ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді интелектуалдық деңгейі биік бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу – басты міндет болып табылады. Осы мақсатта сапалы білім мен тәрбие беруде Маңғыстау облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.


ІІ. Аналитикалық баяндаманың негізгі мазмұны (бөлімдер).

Облыстың білім беру жүйесін дамытудың жетекші бағыттары.
1. Облыстың білім беру жүйесі қызметінің жайы.

Маңғыстау облылысында қызмет етеді:



  • 245 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары,

  • 145 жалпы орта білім беру ұйымдары,

  • 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары,

  • 6 – арнайы ұйымдар,

  • 2 – психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері,

  • 2 – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар,

  • 3 – арнайы мектеп-интернаттар,

  • 1 – оңалту орталығы,

  • 1 – санаторлық мектеп-интернет,

  • 5 – оқу-әдістемелік орталықтар,

  • 3 – интернаттық мекеме.

245 мектепке дейінгі ұйымдардың (одан әрі МДҰ) типтік ғимаратта орналасқаны - 126, бейімделгенде - 119, автономиялық жылумен қамтамасыз етілген - 120 МДҰ.

133 жалпы білім беретін күндізгі мектептен типтік ғимаратта орналасқаны – 117, бейімделгенде – 16, 41 мектеп орналасқан қалада, 92 – ауылда, 111 – қазақ тілі оқытумен, 18 – аралас, 4 – орыс тілі оқытумен.



Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылғаны 47 мектеп, автономдық режимде 85 мектеп жұмыс жасайды. Облыс бойынша 70 жайлы жабдықталған, 58 мектеп жартылай жабдықталған.

Облыс бойынша 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, оның ішінен 21 - типтік ғимаратта, бейімделгенде – 5 орналасқан.

Облыс бойынша 12 ауылдық шағын жинақты мектептер қызмет етеді. (Бейнеу ауылында-8, Қарақияның – 2, Маңғыстаудың – 2). Оның ішінде 4 бастауыш, 2 негізгі, 6 орта мектеп. 2015 жылдың қыркүйек айында Қарақия ауданында 624 орындық апатты жағдайдағы 2 мектептің (Құланды орта мектебі, №5 орта мектеп) құрылысы аяқталып, іске қосылды. 2016 жылы облыста бір ауысымда 11 мектеп ондағы оқушы саны -3135, екі ауысымда 121 мектеп, ондағы оқушы саны -108839; (Бұл көрсеткіштер сәйкесінше, 2014 жылы бір ауысымда 12 мектеп, екі ауысымда 110 мектеп, үш ауысымда 4 мектеп, барлығы 126 болды, 2015 жылы бір ауысымда 14 мектеп, екі ауысымда 115 мектеп, үш ауысымда 2 мектеп, барлығы 131).2015-2016 оқу жылында үш ауысымды оқытумен бір мектеп жұмыс жасады (орта мектеп Е. Өмірбаев атындағы Форт-Шевченко қ.), үш ауысымда 69 оқушы оқыды. 2015 жылдың қараша айында Мұнайлы ауданы Атамекен аулында РБ есебінен 1200 орындық орта мектеп пайдалауға берілді. Сонымен қатар 2016 жылдың маусым айында жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен Тупқараған ауданның Форт-Шевченко қаласында 550 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды. Осылайша облыс бойынша үш ауысымды оқыту жойылды.

Облыс бойынша 133 білім беру ұйымында 4 (2014 және 2015 жылдарда-3) арнайы мектептер (облыстық қазақ-түрік лицейлер Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Ақтау қ. экономикалық лицей); 8 гимназия және 8 лицей, 1 санаторлық мектеп-интернат қызмет етеді.

Одан басқа облыста 11 арнайы түзету ұйымдары, 4 орталық және 1 оқу-әдістемеліктік бағытта кабинет жасап келеді (Облыстық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы; мектепке дейінгі білім берудің оқу-әдістемелік орталығы; «Дарын» қосымша білім беру орталығы; дене шынықтыру және спортық орталығы; техникалық және кәсіптік оқытудың кабинеті) Сондай-ақ, 2015-2016 оқу жылынан Ақтау қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» химия-биологиялық бағытта қызметін бастады. Маңғыстау облыс бойынша тасымалмен 7164 (ішкі тасымал 6651 бала және сыртқы тасымал 513 бала) қамтылған. ( 2013-2014 оқу жылында - 6274, 2014-2015 -9321).

Облыстың мектептерінің 124 мектепте асхана бар: 110 мектеп типтік және 14 мектепте бейімделген. Сонымен қатар 24 колледжде асхана қызмет жасайды.




2. Білім беру сатылары бойынша аймақтың білім беру жүйесіне сипаттама (білім беру ұйымдарының желісі, білім алушылар контингенті)







2014

2015

2016

саны

контингент

саны

контингент

саны

контингент

1

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымдары

202

28275

213

29603

245

32556

2

Жалпы білім беретін мектеп

135

101156

141

108289

145

114086

3

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары

24

25868

24

25007

26

23314




Барлығы

361

155299

378

162899

416

169956


Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

Облыста 245 мектепке дейінгі білім мекемесінде 32556 баланы қамтылған, Оның ішінде 169 мемлекеттік (141-балабақша, 28-шағын орталық), 76 жекеменшік балабақшаларда (52-балабақша, 24-шағын орталық).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 48,5%, (2013ж.- 39%; 2014 ж.- 39,7%; 2015ж. - 42%); 3-6 жас аралығында – 79,6%-ды құрап отыр (2015 ж. салыстырғанда +7,1%-ға өсті). Мектеп алды даярлықпен қамту 93% құрайды.

2016 жылдың бірінші жарты жылдықта 855 орындық, 15 балабақша жергілікті және республикалық бюджеттен пайдалануға берілді (2013 ж. -1825 орындық, 14 балабақша; 2014 ж.- 2419 орындық, 20 балабақша. 2015 ж.-5257 орындық, 35 балабақша, оның ішінде 805 орындық 14 жекеменшік балабақша ашылды (2013 ж.-4; 2014 ж. -10, 2015 ж.-14).


Жалпы орта білім

Маңғыстау облысында жалпы білім беретін 145 мектеп бар ( 2014-2015 о.ж. – 142), оның ішінде оқушы саны – 114425 (2014-2015 о.ж.-109289), соның ішінде:

- күндізгі жалпы білім беретін метептер-133, оқушы саны 112 797 (2014-2015 о.ж. -106542);


  • кешкі мектептер-7, оқушы саны 1 282 (2014-2015 о.ж. - 1374);

-жекеменшік-4, оқушы саны 346 (2014-2015 - 373). Барлық жекеменшік мектептер Ақтау қаласында.

133 мемлекеттік күндізгі мектептің – 10-ы бастауыш (2684 оқушы), 3 негізгі (236 оқушы) және 120 орта мектеп (109877 оқушы).

112 мектептерде қазақ тілінде (89232 оқушы), 4 мектепте орыс тілінде (4326 оқушы), 18 (19240 саны) оқытуы жүргізілуде.

Техникалық және кәсіптік білім

Облыс бойынша 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызмет атқарады, оның ішінде мемлекеттік – 15, мемлекеттік емес – 11. Оның ішінде ауылдық жерлерде орналасқан 19,2% (5 бірлік). 2015 оқу жылда 2 бірлікке көбейді: мемлекеттік «Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі» және мемлекеттік емес Ақтау қаласында көпсалалы «Келешек» колледжі.

Ақтау қаласында орналасқан–16 колледж, Жаңаөзен қ.–5, Аудан орталықтарда –5 (Бейнеу ауданда – 2, Қарақия ауданда – 1, Маңғыстау ауданда – 1, Түпқараған ауданда – 1).

2014 және 2015 жылдар аралығында 3 колледж институционалдық аккредиттеуден өтті. Олар: Каспий өңірі «Болашақ» колледжі (16.04.2014ж), Маңғыстау политехникалық колледжі (27.12.2014ж), О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі (30.12.2016 г).

Кадр даярлау 85 мамандық және 135 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Оқушылардың контингенті – 23314, оның ішінде мемлекеттік колледждерде – 13850 студент (59,4%), мелекеттік емес колледждерде – 9464 студент (40,6%). (2013ж. – 25868 студент., 2014ж.- 25007 студент).



Саланың атау

Контингенті

%

1

Техникалық мамандықтар (мұнай газ ісі, энергетика, көлікжүргізу)

9894

42%

2

Технологиялық мамандықтар (машина жасау технологиясы, слесарлық және токарлық іс)

905

4%

3

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

863

4%

4

Білім беру саласы

4594

20%

5

Гуманитарлық мамандар (құқықтану, әлеуметтік сала, іс қағаздарын жүргізу)

566

2%

6

Медициналық мамандықтар

3005

13%

7

Өнер саласы мамандықтары

236

1%

8

Қызмет көрсету және экономика

3251

14%

Барлығы:

23314

100%

Жоспарланған қабылдау 2016-2017 оқу жылына– 3610, оның ішінде 9 сынып базасында – 2835, 11 сынып базасында – 775 (2013ж.-7888 ад., 2014ж.-7283 ад.; 2015ж. – 6954 ад.)

3960 адамнан жергілікті бюджеттін есебінен 3953 ад. (2013ж. – 3570 ад.; 2014ж.-3851 ад.) қабылданды.

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі 5 оқушыны жеткізі алмады 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және тұрғызу» мамандығы бойынша, 140121 11 сынып базысында 3 техник-құрылысшы және Маңғыстау политехникалық колледжі жеткізе алмады 1 адамды, 0516000 қаржы (салалар бойынша): 051605 3 қаржы саласы экономисті бойынша және 1 адам.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламма бойынша 100 адамнан 90-і оқытуды жалғастыруда.

2015 жылы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының түлектері 5302 адамды құрады. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 3403 адам. (2013ж. - 4913 адам; 2014ж.- 4946 адам.).

ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасуы 79,2%, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 78,3%. (2014ж.-80%, 2013ж. – 78,2%).

2016-2017 оқу жылына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде жұмысшы мамандықтарына 1445 адамға сұраныс қарастырылды. (2015ж.- 270ад., 2014ж.- 220 ад., 2013ж.- 290 ад), оның ішінде 9 сынып базасы негізінде-1100 ад., 11 сынып базасы негізінде- 345 адам.



3.Білім беру үрдісін ұйымдастыру жайы

3.1 Білім беру жүйесін деңгейі бойынша ресурстық қамтамасыз ету (қаржыландыру, материалдық-техникалық база, кадрлар)

2016 жылғы облыстың білім жүйесінің бюджеті 47 555,388 млрд. теңгені құрайды (2013 ж. – 37701,399 млрд, 2014 ж. – 42288,742 млрд, 2015ж. – 51180,356 млрд).

Оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға соңғы үш жылда 980,0 млрд.теңге қаралды (2013ж-498,9; 2014 ж-328,1; 2015ж – 153).

«Балапан» бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға бюджеттік қаражат бөлінді. (2013ж. – 2210 млн.теңге, 2014ж. – 2978 млн.теңге, 2015ж. – 3374 млн.теңге) 2015 62 МДҰ 99,3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу және 2 МДҰ 555, 7 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.



Материалды-техникалық база

Күрделі жөндеуден ағымдағы жылы 58,124 мың теңгеге мектепке дейінгі ұйым; 12,700 мың теңгеге 2 мектеп өткізілуде (в 201ж.- 6 МДҰ 205,313 мың теңге; 4 мектеп 351,780 мың теңге, 2014 ж- 4 МДҰ 247,457 мың теңге; 12 мектеп 1 931,559 мың теңге; 2015 ж- 2 МДҰ 555,730 мың теңге; 5 мектеп 986,678 мың теңге).

Білім ұйымдарын ағымдағы жөндеуге 356,295 мың теңге қаражат бөлінді.

Білім беру ұйымдары бюджет қаражаты есебінен оқулықтармен 100% қамтамасыз етіліп отыр.

2016-2017 оқу жылына жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 796,1 млн.теңге қаржы бөлінді ( 2013ж. -365,5 млн. тенге, 2014ж.- 396,0 млн. тенге, 2015ж-583,6 млн. тенге). Бөлінген қаржыға, бірінші кезекте қайта басылып шығатын 8 сынып оқулықтарына, 4 сыныптың ағылшын тілі, 9 сыныптың «Зайырлық және дінтану негіздері» пәні оқулықтарына 100% көлемінде, сондай-ақ, облыс мектептеріндегі оқушы санының тұрақты артып отыруына байланысты, қорландыру циклы бойынша қалған сыныптарға жетіспейтін оқулықтарға 20% көлемінде тапсырыс жасалды.

«Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап баспасы», «Жазушы», «Арман-ПВ»,«Cambridge University Press», «Macmillan», "Pearson",«Білім», "Бөбек" орталығы және арнайы түзету мекемелері үшін «САТР орталығы» баспалары мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің арасында келісімшарттар жасақталды.

Қазіргі таңда 16 баспамен 102 келісімшарт жасақталды.

2015 жылдың 15 тамызына дейін оқулықтар мен оқу-әдебиет кешендері барлық білім беру ұйымдарына толық жеткізілетін болады.

Облыстың барлық білім ұйымдарында кітапхана жұмыс жасайды. Мектеп кітапханасының әлеуметтік маңыздылығын көтеру, кітапхана қызметкерлерінің құзіреттілігін арттыру мақсатында «Үздік кітапханашы» облыстық кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылып отырады.

2005-2011 жылдары облыс бойынша мультимедиалық-лингафондық кабинеттер алынды. Облыстағы 111 мектепте 153 мультимедиалық-лингафондық кабинеттер бар. Мультимедиалық-лингафондық кабинеттермен жабдықталған мектептер үлесі 84% құрайды. (2014 ж-87%, 2015 ж-87%).

Қазіргі таңда 69 мектептің физика кабинеті, 81 мектептің химия кабинеті, 91 мектептің биология кабинеті жабдықталған.

Жалпы білім беретін мектептер 99 % компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Бір компьютерге шаққанда 14 оқушыдан келеді (2014ж -16, 2015 - 16).

24 колледж (92,3%), 133 мектеп (100%) Интернетке қосылған ( 2014ж-98%, 2015ж-98,5%).

2012ж. – 18; 2013ж. - 27, барлығы 45 білім беру ұйымына (29%) «Е-learninq» электронды оқыту жүйесі енгізілді. «E-learning» жүйесі туралы 2011 жылы -300, 2012 жылы -213, 2013 жылы- 381 педагог мамандар арнайы курстан өтті.

Онлайн желісінде 2013-2014 оқу жылында – 27, 2014-2015 оқу жылында 22, 2015-2016 оқу жылында 27 мұғалімнің сабағы ұйымдастырылды.

15 мектепке 15 «Робототехника» жинағын алуға 32500,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Облыстың білім беру ұйымдарының арасында ақпараттандыру бағытындағы атқарылып жатырған іргелі істің бірі - білім ұйымдарының веб-сайттарының жұмысы. Облыс бойынша мектептердің 89% (118 мектеп) ресми веб- сайттары ашылған.



Кадрлар

Білім беру саласында 14 911 педагог қызмет жасайды. Оның 10157 (68,1%) жоғары білімді, жоғары және бірінші санатты педагогтар – 5532 (37,1%).

2015-16 оқу жылында 737 санатсыз жас маман жұмысқа қабылданды.



Атауы__2014ж__2015ж__2016ж'>Атауы

2014ж

2015ж

2016ж

1

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымдары

3021

3247

3654

2

Жалпы білім беретін мектеп

8721

9025

9833

3

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары

1443

1428

1424

Барлығы

13185

13700

14911

Білім беру саласында басқарушылық құзыреттілікті дамыту мақсатында 26 білім басқармасының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директор орынбасарлары облыс әкімдігінің қолдауымен «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша Алматы менеджмент университетінің магистратурасында білім алуда.

Облыстық білім басқармасы мамандары және басқармаға бағынысты білім беру ұйымдары басшылары (40 адам) «Metropolitan Business School» оқу орнының «Команда құру және жеке тиімділік» тақырыбында тренингке қатысып, білімдерін жетілдірді.




3.2 Білім беру ұйымдарында білім алушыларға қауіпсіз жағдай жасау

361 білім беру ұйымында бейнебақылаулар қондырылған – 83,7%. (70 білім беру ұйымында қондырылмаған – 16,3%):





Атауы

Барлығы

Бейнебақылау камерасы қондырылған

%

Қондырылмаған

%

1.

Мектепке дейінгі ұйымдар

245

184

75,1

61

(38 частных, 23 государственных)



24,9

2.

Жалпы білім беретін мектептер

145

145

100

0




3.

Колледждер

26

26

100

0



6 білім беру ұйымында турникет орнатылған.

Білім беру ұйымдарында 115 мектеп инспекторлары жұмыс жасайды. Оқушылар 84 автобуспен тасымалданады. 2015 жылы балаларға 15 аялдама орнатылған, оның ішінде 11 аялдама Мұнайлы ауданында, 4 аялдама Ақтау қаласында.

Білім алушылардың қауіпсіз тасымалдау мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: оқу орны әкімшілігі бұйрығының негізінде мектептерде тасымалдау кезінде оқушыларды алып жүретін жауапты тұлғалар бекітілген. Жаңа оқу жылының басында ата-аналар жиналысы және көліктерде жүру ережесі туралы оқушылармен жиналыстар өткізіледі.

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) оқушыларды тасымалдауға жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен өткізілетін конкурса қатысады. (ЖК «Номад», Шамурадов, Уштура), Маңғыстау және Қаракия аудандарында тасымал мектептің автобусы арқылы жүзеге асырылады. Балаларды тасымалдайтын барлық автобустарда «Балалар» деген айыру белгілері қойылған.
3.3 Медициналық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру

Барлық білім беру ұйымдарында дәрігерлік бақылау кабинеттері бар. 361 дәрігерлік бақылау кабинеті медициналық жабдықтармен және медикаменттермен жабдықталған. Медициналық кабинеттері жоқ мектептер мен бала бақшалар (бұл ауылдық жерде орналасқан бастауыш және шағын жинақты мектептер) ФАП-де (фельдшерлік-амбулаторлық пункт) қызмет етіледі. Сонымен қатар 18 жабдықталған стамотологиялық кабинеттер бар: Ақтау медико-кәсіби техникалық колледж-1, Ақтау қаласының мектептерінде-7, Жаңаөзенде-3, Мұнайлы ауданында-4, Түпқарағанда- 1, областық санаторлық мектепте-1, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп интернаты-1.

Бұл кабинеттерде келісім шарт негізінде емхана мамандары жұмыс жасайды.

Облыс 100451 оқушыға ыстық тамақ берілсе, 25129 оқушы тегін ыстық тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10523 оқушы қамтамасыз етілген (2013/2014 оқу жылы - 114 мектеп 62113 (65,1%), 20716 оқушы тегін тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10169 оқушы қамтылған, 2014/2015 оқу жылында – 123 мектеп 77233 (77%), 22349 оқушы тегін тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10169 оқушы қамтылған, 2015-2016 оқу жылында 123 мектеп 92503 (87,4%), 24507 оқушы тегін тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10874 оқушы қамтылған.

Мектеп асханаларының қызметін жақсарту, мамандарды ынталандыру мақсатында «Үздік мектеп асханасы» байқауы жыл сайын ұйымдастырылып отыр.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет