БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2015 жыл Мазмұны: Паспорт 4 Ағымдағы жағдайды талдау 10



бет2/9
Дата25.02.2018
өлшемі2,12 Mb.
#38191
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ағымдағы жағдайды талдау

Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (әрі қарай- Даму бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси беталысы» Жолдауын орындау барысында әзірленген.

Даму бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген елдің 2020 жылға дейін аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық кестесінде бекітілген негізгі бағыттарға сәйкес келеді.

Даму бағдарламасы тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған, қаланың біркелкі дамуы үшін жағдай жасау бойынша жүргізілген саясаттың логикалық жалғасуы болып табылады. Құжат қаланың тұрақты және тепе-теңдікте дамуының есебінен бәсекелестікті көтеруге және диверсификация арқылы экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада салалық экономиканың дамуы бойынша бағдарламалық құжаттардың, 2015 жылға дейінгі бәсекелестікті көтеру Стратегиясы және даму стратегиясының негізгі жолдары шоғырланған.

Даму бағдарламасы шеңберінде қаланың әлеуметтік-экономикалық ережесінің заманауй жағдайына талдау жүргізілді, даму мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері, күшті және әлсіз жақтары анықталды.

Курчатов қаласының атом саласын дамытуда артықшылығы бар. Қаланың негізгі бәсекелестік артықшылығына жатады: қалада Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және оның еншілес кәсіпорындары бар, жоғары біліктілікті кадрлар бар, жұмыссыздық төмен деңгейде.

Еліміздегі атом энергетикасы саласындағы жоғары технологиялық кәсіпорындардың бірі болып Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы болып табылады, оның негізгі институттары Курчатов қаласында орналасқан. Біздің қаланы атомщиктер қаласы деп атайды. Қаланың даму беталысы және аумағы, тәжірибесін жинақтай келе 2005 жылы «Ядролық технологиялар паркі» технопаркті құру үшін жағдай жасалды, оның негізгі міндеті болып: ядролық, радиационды технологиялар, альтернативті және жаңашаланған энергия көздерін, электрмен жабдықтауды, нанотехнологиялары бар келесі басымдық бағыттарда тұрақты жоғары технологиялық компаниялар кластерін құру болып табылады.

Қалада дамыған инфрақұрылымдар бар. Транспорт кешеніне келесі түрлері енеді: автомобильдік, теміржол.

Қала аумағынан Өскемен-Астана магистральды автотранспорт жолдары өтеді.

Ақырғы жылдары қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтандырылды және айқындалған өсімнің беталыстары бар.

Өнеркәсіп өндірісінде, ауыл шаруашылығында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

Әлеуметтік салада тұрғындардың санының ұлғаю беталысы байқалады (орташа жыл сайын 1,5 %),2015 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша 12,1 мың адам. Этникалық құрамы: қазақтар – 52,7 пайыз, орыстар – 42,3 пайыз, басқа ұлттар -5,0 пайыз.

Жұмыссыздық деңгейі соңғы жылдары 4,4% құрады, 2015 жылдың 01 қаңтарына жұмыссыздар саны 47 адамды құрады.

Қала экономикасын дамытудағы позитивті беталыс оның құрылымының маңызды алға басуына әкелген жоқ. Қаладағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы алдағы уақыттағы да емес, бүгінгі күннің талаптарына сай емес. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы диврсификация өте төмен деңгейде. Көптеген жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда техника мен технологиялар деңгейі заманауи талаптарына сәйкес емес, негізгі қорлардың тозуы 55% құрайды.


Аймақтың жалпы көрінісі

2.1. Табиғи потенциал

Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шекарасында, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қаланың аумағы 11,2 мың га жерді алады.

Қала жоғары тұзды қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан. Топырақта қолайсыз факторлар бар: топырақ қабатының қышқылдығы, тұзды, топырағы құрғақ, бонитет балы 3-тен 9-10 баллдарға дейін (6-8 баллдар). Жайылымдық жерлердің өнімділігі орташадан төмен. Шабындық жерлер жоқ.

Қала аумағында Ертіс өзені ағып жатыр.

Ауа-райы қатты континентті, ауа темперетурасының орташа жылдық және мерзімдік ауытқуы тәулігіне үлкен амплитудасымен.

Пайдалы қазбаларды әзірлеу Курчатов қаласы жерінің аумағында жүргізілмейді.

Курчатов қаласы – бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының орталығы, 1949 жылы құрылған.

1993 жылға дейін Курчатов қаласы бұрынғы КСРО әскери-өндірістік кешенінің жабық қаласы болды. Қала құрылымында лабораториялық-экспериментальді базасы және тәжірибелік технологиялық алаңдары бар ғылыми-зерттеу кешені болды.

Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылдың 21 тамызда қабылданды. Полигон 40 жыл жұмыс істеп тұрды және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. 1997 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шектеуліктер алынып тасталды, қала «ашық» болып қалды.

Мемлекет басшысының шешімімен 1992 жылғы 15 мамырда бұрынғы полигонның ғылыми-зерттеу кешені базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды, онда ядролық нысандардың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және пайдалануын әрі қарай жалғастыратын жоғары біліктілікті кадрлар, ғылыми-техникалық кешені сақталып қалды.



2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Экономикалық дамуы

2.2.1.1 Өнеркәсіп

Курчатов қаласында 9 өнеркәсіп кәсіпорындары және 1 филиал бар.

Өндірістік өнеркәсіп өнімнің көлемі 2 22,29 мың теңгені құрады, 2013 жылы 324,8 млн теңгеге өсті немесе 17,1 %. Нақты көлем индексі 98,0 % құрады.

Аймақтағы өнеркәсіп төрт саламен көрсетілген: тау кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлу, қалдықтарды жинау және тарату салалары ұсынады.

Кен қазушы өнеркәсіп өндірісінің өнімі өткен жылмен салыстырғанда 399,6 млн теңгеге өсті немесе 54,6%, 1131,5 млн теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 3,2 есеге өсті.

Кен қазушы өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпорын болып «УльбаФторКомплекс» ЖШС фабрикасының филиалы – жылына 100 мың тонна қуаттылығымен руданы өндіріп және қайта өндіру бойынша үлкен кешенді ұсынады. Кең байыту фабрикасы флюоритті концентраттарын өндіреді, одан қажетті металлургиялық жұмыстар, химикалық өндіріс үшін қорытылған қышқыл өнімі өндіріледі.

«УльбаФторКомплекс» ЖШС-і болашқтағы дамуы. 2014 жылы АҚШ территориясында флюорит базарына тоқтау қойылған. Осыған орай флюорит мердігерлері өз өндірісін тоқтатуға мұқтаж болды. «УльбаФторКомплекс» ЖШС-і өнімінің сұранысының төмендеуінен 2014 жыл байыту фабрикасының өндірілетін өнімінің саны төмендеді. Жазылған қиындықтарға қарамастан компания өз өнімін өткізу базарын кеңейту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Производство продукции в горнодобывающей промышленности к уровню прошлого года выросло на 399,6 млн. тенге или на 54,6%, составив 1131,5 млн. тенге. Индекс физического объема увеличен в 3,2 раза.  Основными причинами снижения ИФО является сокращение объемов выпускаемой продукции предприятиями обрабатывающей промышленности в связи с уменьшением сбыта продукции.

Из-за снижения спроса на продукцию ТОО «УльбаФторКомплекс» на обогатительной фабрике в течение 2014 года количество производимой продукции (флюорит) было снижено. Это вызвано тем, что в 2014 году на рынке флюорита на территории СНГ были законсервированы, например, Полевской криолитовый завод, Ангарский электрохимический комбинат, другие предприятия снизили объемы выпускаемой продукции. Аналогичная ситуация с казахстанскими заводами «Алюминий Казахстана», Казахстанский электролизный завод, Карагандинское объединение литейных заводов, павлодарские литейные заводы), снизившими свою производительность по выпуску продукции. В связи с чем, поставщики флюорита были вынуждены приостанавливать свое производство, например в КОО «Монголросцветмет» объем отгрузок снизился в 5 раз.

Кроме того, на ситуацию отрицательно сказался внутренний военный конфликт (АТО), развязавшийся в настоящее время на Украине. В результате этих событий ТОО « УльбаФторКомплекс» потеряло возможность поставки своей продукции в ПАО « Никопольский завод ферросплавов».

Предприятиями обрабатывающей промышленности за январь–декабрь 2014 года произведено продукции на 589,8 млн. тенге со снижением к показателю 2013 года на 78,0 млн. тенге или на 11,7%. ИФО по отрасли составил 88,9%. Снижение показателя обусловлено снижением объемов по производству разовой медицинской одежды, ремонту, установке машин и оборудования, производству резиновых и пластмассовых изделий. Снижение ИФО связано с сокращением объёмов выпускаемой продукции в ТОО «Мирусар и К», ПК «Азот», ТОО «КИП «Луч» в связи с отсутствием договоров.

В подотрасли «химическая промышленность» осуществляет работу ПК «Азот», основным видом деятельности которого является производство криогенных жидкостей, газов (азот, кислород, ацетилен, аргон). На сегодняшний день на предприятии налажены связи более чем с 70 предприятиями и организациями Республики Казахстан, куда они поставляют свою продукцию. За 2014 год в подотрасли произведено товарной продукции на сумму 218,3 млн. тенге, что составляет 93,6 % от уровня 2013 года, снижение произошло из-за сокращения спроса.

В подотрасли «производство резиновых и пластмассовых изделий» осуществляет деятельность ТОО «Kazfoam» по производству вспененного полиэтилена», и ТОО «МунайГазИзоляция» по производству термоусаживаемых манжет и лент. В 2014 году по данной подотрасли произведено промышленной продукции на 7,1 млн. тенге, что составляет рост 133,9% к уровню 2013 года.

В подотрасли «машиностроение» работает ТОО «Кип «Луч», основное направление деятельности данного предприятия является разработка и изготовление крупнотонажных автоматизированных весоизмерительных комплексов на основе датчиков силы и электронной аппаратуры собственной разработки. Предприятие является единственным в Казахстане, самостоятельно изготавливающим в промышленных масштабах «электронную начинку» весов, закупая за рубежом только материалы и комплектующие. Изготавливаемая техника сертифицирована и внесена в реестр средств измерений Республики Казахстан. За 2014 год в подотрасли произведено товарной продукции на сумму 53,8 млн. тенге, к уровню 2013 года на 100,3%.



Өнеркәсіпті дамытуда кейбір шешілмеген мәселелер бар:

- өндірістің тиімділігін көтеруге кедергі келтіретін, жабдықтардың жоғары деңгейдегі тозуы (40-80%);

- шығарылатын өнімнің бәсекелестігінің төмендігіне қатысты, номенклатурасы шектеулі;

- кәсіпорындағы айналым қаражатының ұдайы тапшылығы және саладағы ең төменгі инвестициялық тартымдылығы;

- мемлекеттік сатып алулар саласында нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеуі (өнім сатылғаннан кейін төлемі 60-90 күндерде жүргізіледі);

- құны жоғары ғылыми, жоғары технологиялық бұйымдардың өнімін өндіруде ең төменгі үлесі;

- өндірісті дамытуға қаржыландыруды тартуға пайыздық ставкаларының жоғарылығы;

- өнімдерді жүзеге асыру үшін сертификат алуда механизмнің айтарлықтай күрделілігі.


Электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнімнің қажет түрлерін өндіру динамикасы


р/с

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2012

2013

2014

1

2

3

4

5

6

1

Электрэнергиясы


млн. кВт.сағат

93,0

17,8

18,0

2

Жылуэнергиясы


мың Гкал

59,2

137,7

141,9

3

Табиғи су


млн.куб.м

2 212,2

2 230,0

2182,1

4

Ішуге жарамсыз су

Мың куб. м

593,5

683,3

729,3

2013 жылы «Электрмен жабдықтау, газ, пар беру және ауаны кондициялау» саласында өнімнің өндірілуі 413,3 млн. теңге сомасын құрайды, өткен жыл кезеңдерімен салыстырғанда 1,3,пайыз,НКИ -98,3 пайыз.

Нақты көлем индексінің төмендеуі суды есепке алу аспаптарын кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде орнату нәтижесінде суды тұтыну көлемі сала бойынша азаюыменнегізделген.

Сала даму жағдайының SWOT-талдауы:



Күшті жақтары:

  1. Жоғары біліктілікті мамандардың бар болуы;

  2. Жаңа өндірістерді құру бойынша әлеуетті мүмкіндіктер бар.

Әлсіз жақтары

  1. Өнім өндіргенде энергия көлемінің жоғарылығы;

  1. Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

  1. Ішкі нарықтың аз көлеміне қатысты;

  2. Технологиялық жабдықтардың жоғары деңгейдегі тозуы (70% дейін), негізгі қорлардың аздап жаңартылуы;

  3. Өндірісті модернизациялау және қайта жарақтандыру үшін кәсіпорындардың айналым қаражатының жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктері:

  1. Шығаратын өнімнің көлемін арттыру;

  2. Технопаркті дамыту қала экономикасын индустриализациялауға жол болып табылады.

  3. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасының Кедендік одаққа енуіне байланысты кты кеңейту.

Қауіптері

  1. Машина, жабдықтар, механизмдердің импорттаудың жоғары көлемі, бұл машина жасау саласының дамуын тоқтатады.

  2. Шикізат ресурстарына бағаның төмендеуі.

2.2.1.2 Агроөнеркәсіптік кешен

Курчатов қаласының аумағында 3 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Шаруа қожалықтарында барлығы 165 ірі қара малдан аса мал бар. Өсірілген ауыл шаруашылық өнімдері қала тұрғындарына сатылады.

Қаланың жер бедері мен жағымсыз климаттық жағдайына байланысты арашаруашылығы мен маралшаруашылығы дамымаған, осы бағыттағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер жоқ.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 306,9 млн теңгені құрайды, 2013 жылға қарағанда 1,4% өсіммен, соның ішінде мал шаруашылығы-115,4 млн.тенге (өсуі 3,7 %) құрайды, өсімдік шаруашылығы- 191,5 млн.теңге (өсуі 0,0%) құрайды.

2012 жылдан 2014 жыл аралығындағы жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 269,3 млн.теңгеден 306,9 млн.теңгеге немесе 13,9% артты.

2012-2014 жылдардағы нақты көлем динамикасы төмендегі кестеде көрсетілген.

3-кесте

2011-2013 жылдардағы нақты көлемінің динамикасы

Көрсеткіш/жылдар

2012

2013

2014

Жалпы ауыл шаруашылығының нақты индекс көлемі соның ішінде:

108,8

102,2

101,4

Өсімдік шаруашылығы НИК

112,8

101,6

100,0

Мал шаруашылығының НИК

102,1

103,2

103,7

Қалада ұсақ тауарлы өндіріс көбірек малдың 55,2% тұрғындардың шаруашылығында, 44,8% ұсақ шаруа қожалықтарында шоғырланған.

Ақырғы үш жылда барлық ауыл шаруашылық салаларында ірі қара мал саны 5,0% азайып және 1013 бас құрайды, қой мен ешкі мал басы 3,9 пайыз және 3155 бас, шошұа 48,5 ұысұарды және 81 басты құрайды, мал санының азаюының себебі жемдердің және жайылымдардың жетіспеушілігінен

2011 жылмен салыстырғанда ет өнімі 3,3%, сүт- 2,8%, жұмыртқа- 52,6% артты.

Ветеринарлы-профилактикалық және диагностикалық шаралар жоспары толық түрде орындалады.

Бірақ мал шаруашылығының өсуін тежейтін фактор бар. 55,0% астам ауыл шаруашылығының малдары жеке үй-жайларда өсіріуі; асыл тұқымды мал басының салыстырмалы салмағы төмендігі; жануарларды қоректендіру және ұстау технологиясының қарапайымдылығы; мал шаруашылығындағы механикаландыру және автоматтандыру үрдісінің деңгейінің төмендігі; жем қорының төмендігі; құрама жем үлесінің жетіспеушілігі, және соның салдарынан мал мен құстың өнімділігінің төмендігі.



4 кесте.
2012-2014 жылдардағы мал шаруашылығын дамытудағы негізгі өзгерістер динамикасы


Көрсеткіш атауы

2012 ж

%

2013 ж

%

2014ж

%

Мал басы саны



















ІҚМ

904

94,2

910

100,7

1013

103,9

Қой мен ешкі

2782

101,9

2786

101,1

3155

103,9

Жылқылар

390

100,0

391

100,3

389

98,5

Шошқалар

156

101,3

157

100,6

81

48,5

Құстар

720

97,2

820

113,9

2014

197,5

Мал өнімділігі



















Сиырдан 1 фуражға сауын,кг

1828


101,9

1752

95,8


1602

100,3

1 қой жүні,кг

1,4

51,9

1,4

100,0

1,4

100,0

100 малдан алынған төл



















Бұзаулар,бас

53

89,8

44

83,0

41

74,5

Қозылар,бас

84

86,6

78

92,9

89

106,0

Құлындар,бас

49

80,3

41

83,7

50

104,2

Торайлар,бас

70

107,7

64

91,4

74

100,0

Өнім шығару,тонна



















Ет

145,6

102,4

150,2

103,2

111,9

103,3

Сойылған түрде ет

40,2

53,1

77,7

193,3

59,8

103,1

Сиыр еті

25,3

79,3

36,1

142,7

20,7

101,2

Қой еті

9,3

36,1

18,1

194,6

15,1

100,5

Шошқа еті

2,4

58,5

4,2

175,0

8,3

170,0

Сүт

696,4

103,8

716,6

102,9


678,9

103,8

Жұмыртқа мын.шт.

64,9

145,2

76,7

118,2

103,0

152,6

Жүн, тонна

2,4

51,1

4,1

170,8

2,7

103,0


2012-2014 жылдардағы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

3 сурет.




Өсімдік шаруашылығы саласының үлесі ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінен 59,8 құрайды. Негізінде өсімдікшаруашылығы өнімдерін өндіруді үй шаруашылығы жүзеге асырады.

Курчатов қаласының барлық егістік жері 113,2 га жерді алып жатыр, соның ішінде картоп егетін жер- 88,0 га, ашық топырақ көкөністері- 16,7 га, бақшалар-8,5 га.

Көбінесе көкөністер мен картоп саяжай телімдерінде (84,0 га) өсіріледі. Шаруа қожалығының егіс көлемі 11,0 га құрайды.

Ауыл шаруашылық жерлерінің болмауына байланысты дәнді-дақылдар өсірілмейді.

4 саяжай-бақшалық қоғамдық бар онда орталықтандырылған Ертіс өзенінен суару ұйымдастырылған.

5-кесте


2011-2013 жылдардағы өсімдік шаруашылығын дамытудағы негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

өткен жылға пайызбен

2013жыл

өткен жылға пайызбен

2014 жыл

өткен жылға пайызбен

Егістік алаңдары, мың га

113,2

115,4

113,2

100,0

113,2

100,0

картоп

88,0

106,0

88,0

100,0

88,0

100,0

көкөністер

16,7

150,5

16,7

100,0

16,7

100,0

а/ш дақылдарының орташа өнімділігі



















Дақыл, цен/га



















картоп

240,2

101,0

240,2

100,0

240,2

100,0

көкөністер

364,4

99,6

377,1

103,4

377,1

103,4

Өнім өндіру, мың тонна



















Картоп

2137,9

108,3

2114,1

98,8

2514,1

108,2

Көкөністер

568,5

140,1

630,5

110,9

650,2

105,9

Бақшалар


117,9

127,6

196,9

167,0

196,9

100,0

Барлық егістік жерлері 113,2 гектар жерді құрайды, соның ішінде картоп егетін жер- 83,6 га, ашық топырақ көкөнісі- 11,2 га, бақшалар-1,6 га.

Көбінесе көкөністер мен картоп саяжай телімдерінде (91,0 га) өсіріледі. Шаруа қожалығының егіс көлемі 11,0 га құрайды.

Ауыл шаруашылық жерлерінің болмауына байланысты дәнді-дақылдар өсірілмейді.

2012 жылдан бері ауыл шаруашылық дақылдар 15,1 гектарға немесе 15,4% ұлғайды.

Үш жыл кезеңінің талдау нәтижесінде өсімдік шаруашылығы үшін 2014 жыл қолайлы болды. Қала бойынша картоптың орта өнімділігі 240,2 ц/га, көкөніс- 377,1 ц/га құрады, бұл 2114,1 тонна картоп, көкөністер – 377,1 тонна, бақша дақылдары – 117,9 тонна алуға мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жүйесінде картоп өсіру 77,7% немесе 88,0 гектарды құрайды.

Азық-түлік өнімдерін 1жеке кәсіпорындар шығарады, соның ішінде нан-тоқаш өнімдерін жасаумен айналысады.



Сала дамуының негізгі мәселелері:

өндірістің ұсақ тауарлығы;

ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтардың физикалық және моральдық ескеруі;

асыл тұқымды малдардың болмауы;

жем қорының жетіспеуі;

ауыл шаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның дамымауы;

ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің негізгі және айналым қаражатының жетіспеушілігі;

ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кредит ресурстарына төмен қолжетімділігі.



Негізгі және сыртқы факторларды бағалау

Басқару қызметінің барысында, сонымен қатар тапсырмаларды орындауға кері әсерін тигізетін АӨК толықтай қауіп төнуі мүмкін:

құрғақшылық пен табиғи апаттарға байланысты қаланың азық-түлік қауіпі;

ауылшаруашылығын дамытуда инвестициялар тарту қиындығы;

аса қауіпті мал ауруларының шығуы.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары:

1. Өндіріс әлеуеттің болуы;

2. Ауыл шаруашылық өндірістерінің орнықты өсуі;

3. Қала тұрғындарының негізгі азық – түлік түрлерімен толықтай қамтамасыз етілуі, олар ет, сүт, картоп, көкөністер.



Әлсіз жақтары:

1. Өндірістің ұсақ тауарлығы;

2.Ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтардың физикалық және моральдық ескеруі;

3. Асыл тұқымды малүлесінің аздығы

4. Жем қорының жетіспеуі;

5. Ауыл шаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның дамымауы;

6. Ауыл шаруашылық өндірушілердің негізгі және айналым қаражатының жетіспеушілігі

7. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кредит ресурстарына төмен қолжетімділігі.

8. АӨК білікті мамандардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктері:

1. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық пайдалану

2. Бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру;

3. Техникалық жабдықталу деңгейін жоғарылату;

4. Ауылшаруашылық өнімдерінің тиімділігін арттыру;

5. АӨК дамыту бойынша қарастырылған, шараларды іске асыру.



Қауіптері:

1. Табиғи апаттар мен құрғақшылыққа байланысты, қаланың азық-түлік қауіпсіздігінің қатерлігі;

2. Экономикалық дағдарысқа байланысты инвестиция тарту қиыншылығы;

3. Өте қауіпті мал ауруларының шығуы.



2.2.1.3 Туризм

Семей полигонының аумағында экскурциялық маршруттар құру бойынша жұмыстар басталды. Нәтижесі қалалық дизайндағы объектілерді қалпына келтіру және құру, «Семей сынақ полигонының мұражай кешені» қамтитын, Курчатов қаласында туристік кластерді құру болып табылады. Келешекте Семей сынақ полигонының мұражай кешенін ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Мәдени және Табиғи мұрасы тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасау жоспарлануда.

Қалада «Скала» балалар-жасөспірімдер клубы жұмыс істейді, сондай –ақ ол спорт және туризм сабақтарына жасөспірімдер мен балаларды тартуға, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді.


2013 жылы Ертіс өзенінің жағасына, Бесқарағай ауданының Черемушка ауылына, Едірей тауларына, Жаңа Бұқтұрмаға (жаяу және шаңғыдағы сапарлар жүргізілді) 9 жорықтар өткізілді. Балалар мен жасөспірімдер 117 адам және 50 ата-ана қамтылды.

Қала әкімдігі «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бірігіп Семей сынақ полигонының тарихи маңыздылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде, олар мынадай объектілер: «Тәжірибе алаңы» Алаңы», «Дегелен алаңы», «Балапан» Алаңы», және «Атомдық көл».

Көшпелі туризмді және орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемдерін ұлғайту үшін, Семей сынақ ядролық полигоны объектілеріне келуге Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетел туристерінен өтініштерді рәсімдеу үшін Астана, Алматы, Өскемен, Семей қалаларының туристік агенттіктері және туристік фирмалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарды жасау, қала кәсіпкерлері арасында туристік агенттік және туристік фирмалардың филиалдарын ашу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу, Қазақстан Республикасы азаматтарының және шет ел туристерінің тұруына заманауй жағдайлар жасау үшін ҚР ҰЯО РМК қонақ үйлерін жөндеуден өткізу, алаңдарды, көшелерді, скверлерді, саябақтарды жөндеуден өткізу, ескерткіштерді қайта жөндеу, скверлер мен саябақтарды бөлу, Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыру жөнінде жұмыстар басталды.

Көрсетілген туристік қызметтер көлемінің осындай айтарлықтай қысқаруы, яғни қаладағы қонақ үй Ұлттық ядролық орталығының бөлімшесі болып табылады сондай –ақ оған бірқатар қызмет түрлерін жүргізуге тиым салынғандығына байланысты, соның ішінде әлеуметтік саланы дамыту (соның ішінде қонақ үй бизнесі), 2014 жылы қызметтердің бірқатар бағыттарын қайта бастауға рұқсат алынды соның ішінде «ҚР ҰЯО» РМК қонақ үй қызметтеріне.


Негізгі мәселелерді анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1. Қала аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының болуы.

2. «Скала» балалар-жасөспірімдер клубының базасында балалар-жасөспірімдер туризмінің болуы.

Әлсіз жақтары:

1. туризмнің дамыған инфрақұрылымдарының болмауы, соның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жаман жағдайы;

2. Білікті басқарушылық және қызмет атқарушылардың болмауы;

3. Туристік ресурстар туралы жарнамалардың жетіспеушілігі;

4. Семей сынақ полигоны объектілеріне баруға тұрғындардың мүмкіндігінің болмауы.

Мүмкіндіктері:

1. Қосымша жұмыс орындарын құру жолдарымен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету;

2. Туристердің ағымын ұлғайту, жергілікті бюджетке түсімдерді өсіру.

Қауіптері:

1. Туризмді қолдауда қаржы мүмкіндіктерінің шектелуі, меншік қаражаттарының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

2. Туристік бизнесте кәсібиліктің төмен деңгейлігі;

3. Көпшілік туризмнің нашар дамуы.


2.2.1.4 Шағын орта кәсіпкерлік

Қалада шағын және орта кәсіпкерлік аймақтағы экономикалық салада қалыптасқан сала ретінде бағаланады. Қаланың шағын және орта кәсіпкерлігін дамыту көрсеткіштерінде түсімділік динамикасы бар, бұл осы экономика секторын дамытудағы оң беталысын білдіреді.

2014 жылдың басындағы жағдай бойынша қалада 76 шағын бизнес тіркелген оның ішінде 44 немесе 57,9 пайыз жұмыс істейді, белсендісі -35, шағын бизнес саласында жеке кәсіпкерлер -463 адам. Патент бойынша 288 кәсіпкер жұмыс істейді. Жалпы тағайындалған тәртіпте -12, оңайлатылған декларация бойынша-163.

Қаланың экономикалық белсенді тұрғындарынан жалпы жұмыспен қамтылғандар саны шағын бизнес саласында 764 адам немесе (12,6%).

Курчатов қаласында 2014 жылдың 12 айында 7 шағын бизнес кәсіпорындары ашылды, 5 шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген.

2011 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 5,8 пайызға, осы салада жұмыс істейтіндердің саны 10,7 пайызға артты.

7 кесте

2011-2013 жылдардағы шағын кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің динамикасы


Көрсеткіштер атауы

жылдар

2011

2012

2013

Белсенді субъектілердің саны, бірлік


390

458

463

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам


881

975

764

Шағын бизнес субъектілерінен түскен салық түсімдерінің көлемі 2014 жылы 108,6 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 9,5 пайызға артық. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда "Бизнестің Жол Картасы-2020", "Жұмыспен қамту-2020",«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарламалары жүзеге асырылуда .

Іске асырылатын "Бизнестің Жол картасы 2020" бағдарламасы жобалар бойынша:

Бизнесті дамыту үшін 2014 жылы "Сайлаубаев" ЖК Курчатов қаласында наубайхана құрылысына "Бизнестің Жол картасы-2020" бірінші бағыты шеңберінде «Халық Банкінен» несие алынды. Қазіргі кезде 14 жұмыс орыны құрылды. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде "Бизнестің Жол картасы-2020" - "Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту" тұрақты түрде жылына екі рет - "Даму "кәсіпкерлікті дамыту Қоры" АҚ бірлесіп "С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті" "Бизнес – кеңесші" 2 күндік семинар жүргізеді. Семинарға жұмыс істейтін және әлеуетті кәсіпкерлер қатысты. "Назарбаев Университеті топ-менеджмент, шағын және орта бизнес базасында " АҚ, Астана қаласы "Азот"ӨК басшысы оқудан өтті.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары:

  1. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін заңнамалық негіздің бар болуы;

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыспен қамтылған тұрғындардың негізгі пайызын құрайды.

  3. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдаудың болуы, соның ішінде Моноқалаларды дамыту бағдарламасы;

  4. Рынок талабымен шағын және орта бизнесті тез қайта бағдарлау.

Әлсіз жақтары:

  1. Меншік айналымдағы қаражаттың жетіспеушілігі;

  2. Бизнесті басқару және дамыту бойынша мемлекеттік қаржы мекемелерімен және құрылымдармен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара байланысының дамымаған деңгейі;

  3. Халықтың құқықтық сауатсыздығы, ШОБ қолдау бағдарламалары туралы аз хабардар болуы, менеджменттің төмен деңгейлілігі;

  4. Кездейсоқ қауіп-қатерлерден бизнесті сақтандыру тәжірибесінің болмауы;

  5. ШОБ жаңа субъектілерді ШОБ қалыптасқан субъектілерімен салыстыру бойынша бәсекелесу қабілетінің төмен деңгейлілігі.

Мүмкіндіктері:

1.Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қаржы-несиелік қолдау көрсетуді серпінді дамыту;

2. ШОБ дамыту, салық әкімшілігін және салық салуды жеңілдетуге қатысты заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

3. Мемлекеттің қаржы институттарының тарапынан бизнесті басқару бойынша бизнестің мүдделілігін арттыру;

4. Рұқсат етілген құжаттарды алу (тәртібі) барысында әкімшілік шығындарды қысқарту.

Қауіптері:

1. ШОБ жұмыс істейтін субъектілердің төмендеуі және жұмыссыздықтың артуы;

2. Көрсетілетін қызметтер мен шығарылатын өнімдердің талап етілмеуі;

3. Дамыған нарықтағы жаңа жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтердің көлеңкесінде ШОБ бубъектілерінің бәсекелесу қабілетінің төмендеуі;

4.Финанс –несиелік ресурстарға қол жетімділік жеткіліксіз, сұралып отырған несиенің кепіл мөлшерінің сомасымен жеткіліксіз қамтамасыз ету немесе оның толық болмауы, банк эксперттерімен кепілдегі бағаланған мүліктің бағасын түсіру;

5. Кәсіпкерлік субъектілерінің операциялық шығындары мен тарифтерді көтерудің әрі қарай өсуі.



2.2.1.5 Сауда

Қалада 110 қызмет көрсететін және сауда нысандары жұмыс істейді, оның ішінде 76 дүкен, 6 дәріхана, 6 кафе, 10 асхана, 5 ТҚС, 2 ЖҚС, 5 шатыр.

2014 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 4526,6 млн. теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда даму динамикасынан сауда көлемінің көрініп тұрғандай, тауар айналымының төмендеуі байқалады,.

8 кесте


2012-2014 жылдардағы бөлшек және көтерме тауарайналым динамикасы (млн. теңге)


Көрсеткіштер атауы

жылдар

2011

2012

2013

Бөлшек тауарайналым, млн. теңге

3830,3

4946,2

4526,6

Сонымен қатар, бүгінгі таңда толықтай республикаға және аймаққа сауда дамуының бағытына тән сипаттың толықтай жоқтығы байқалады, ішкі сауда нашар жағдайда дамуда. Айқын болып табылатыны, ірі экономикалық саланың бірі жүйені қайта құруды қажет етеді, заңнамалық базаны жетілдіру, механизмдердің кезекті өндірімін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты өзекті мәселелер ретінде мыналарды атауға болады:

- материалдық-техникалық базаның дамуының жетіспеушілігі (қоймалар, жабдықтар, саудадағы жаңа технологиялар) және салаға келіп түскен меншік инвестициялар көлемінің төменділігі;

- сауда нарығындағы көлеңкелі айналымның деңгейі жоғары;

- ішкі саудадағы инфрақұрылымның даму деңгейі жеткіліксіз;



Сала даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1. Халықты жұмыспен қамту және тауар көлемі дамуының оң динамикасы;

2. Бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылардың болуы.

Әлсіз жақтары:

1.Сауда бойынша заңнаманың «Бұлдырлығы», сонымен қатар нормативтік-заңнамалық актілерде жаңа терминологияның жоқтығы;

2. Айналымдағы қаражат тапшылығы;

3. Сатылатын тауарлардың сапасына бақылаудың төмендігі;

4. Сауда объектілерінің материалдық-техникалық жарақталуының әлсіздігі;

5. Кәсіптік-техникалық білім жүйесінің, сонымен қатар сауда мамандықтары бойынша жүйесінің әлсіздігі.



Мүмкіндіктері:

1. Бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйелерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру;

2. Ішкі нарықты тұтынушылық тауарлармен жандандыру;

3. Ішкі саудаға қатысушыларды сервистік қолдауды қамтамасыз ету (ақпараттық, аналитикалық);

4. Сауда субъектілеріне қатысыты құқықтық әрекеттер мен бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жергілікті бақылаушы инспекцияны кеңейту;

5. Заманауи сауда – логистикалық орталықтарын құру, жаңа сауда алаңдарын ашу.



2.2.1.6 Негізгі капиталға инвестиция


2014 жылы негізгі капиталға инвестиция 2 589,1 теңгені құрады, НКИ 141,2% құрады.

Салынған инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың жеке қаражаттары - 58,8%, қарыз қаражаттары – 16,9%, республикалық бюджет қаражаты есебінен – 14,4%, жергілікті бюджет қаражаты – 9,9%.


2012-2014 жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өзгеру динамикасы

млн. теңге

Көрсеткіштердің атауы

жылдар

2012

2013

2014

негізгі капиталға салынған инвестициялар, млн. теңге


2276,3

1797,7

2589,1


Негізгі мәселелерді талдау:

- ғылыми қызмет секторында инвестициялық салымдардың едәуір қысқаруы;

- қаржылық қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына нашар бақылау;

- кәсіпорынның жалпы техникалық және технологиялық тозуы;

- ғылым және өндірістің тиімді байланысының болмауы.

«Ядролық технологиялар паркі» мамандандырылған салалық технопаркін қалыптастыру бойынша жұмыстар аяқталуда, сондай –ақ олар өндірістік қызметті жетілдіруге бағытталған, ғылыми зерттеулер және әзірлеулер нәтижелерін пайдаланудың тиімді үдерісін қамтамасыз ету үшін арналған, ядролық және ілеспелі технологиялар саласында ғылыми жоғары технологиялық компанияларды «өсіру» үшін жоспарлануда.

Инвестицияларды ұлғайту және индустриялық-инновациялық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен ынтымақтастық жалғасып, Форумдарға, тұсаукесерлерге, көрмелерге, семинарларға, кеңестерге қатысу, индустриялық –инновациялық стратегиялардың іс-шараларын іске асыруда мониторинг жүргізіледі.

Негізгі мәселелерді талдау ұсынылған жобаларға даму институттарының қызығушылығының болмауы, қатал талаптар қою, соның нәтижесінде олардың едәуір бөлігі қаруаға қабылданбайды соның ішінде себебі жаңартпашылығы төмендігі, өтімділік кепілінің болмауы бойынша. Жобалар ұзақ уақыт институттарда қарауда жатады, сонан соң ұзақ уақыт – кәсіпорында түзетіледі.

Бұдан басқа зерттеулер мен әзірлеулердің едәуір бөлігі нақты нарық талаптарына толықтай бағдарланбаған және импорттық ғылыми өнімдермен және қызметтермен бәсекелесуге төзбейді.

Күшті жақтары:

1.Меншік инвестициялардың айтарлықтай үлесі;

2. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын, қолайлы бизнес – климат;

3. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын түсіну.



Әлсіз жақтары:

1. Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізуде жүйеліліктің болмауы;

2. Ғылыми қызмет және құрылыс секторында инвестициялық салымдардың айтарлықтай қысқаруы;

3. Ел заңнамасының тұрақсыздығы және заңдар мен келісім-шарттық қарым-қатынастарың сақталуын қамтамасыз ететін механизмдердің болмауы;

4. Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың дамымауы (арнайы зоналар, қаржы, банктік, ақпараттық-аналитикалық, консалтингтік, транспорттық және басқа да);

5. Инвестицияларды тартуға байланысты мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.



Мүмкіндіктері:

1. Атом саласын дамытуға инвестициялар бөлу есебінен өңірдің теңдестірілген және нық экономикалық өсуін қамтамасыз ету;

2. Инвестицияларды тарту бойынша жүйелік және дәйекті мемлекеттік саясатты құру;

3. Инвестицияларды тарту бойынша қолайлы мемлекеттік және меншік инфрақұрылымдарды қалыптастыру;

4. Инвестициялардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау.

Қауіптері:

1. Негізгі инвестицияға келіп түскен инвестициялардың тұрақсыз көлемдерінен қаланы дамытуда бар потенциалды жоғалту;

2. Инвестицияларды мақсатқа сай пайдаланбау;

3. Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаттардың тиімсіз қолданылуынан жергілікті бюджеттің тікелей жоғалтуы.


2.2.1.7 Қоршаған ортаның жағдайы


Қаладағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар қазандық жұмысының қалдықтары, оның ішінде 25 - қаланың ішінде, 11 - өнеркәсіптік аймақта орналасқан. «ККЭК» МКК-ның бес қазандығының қалдықтарын ашық алаңдарда уақытша сақтау атмосфералық ауаны ластаудың қосымша көзі болып табылады.

Сонымен қатар қала аумағы Семей ядролық сынақ полигонының ықпалына душар болған.

Қалада Ертіс өзенінің суын тұтынатын негізгі «Курчатов қаласының көпсалалы пайдалану мекемесі» МКК болып табылады, өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғындарды сумен жабдықтау үшін ішетін және техникалық суды беру үшін дайындайды. Сонымен қатар Ертіс өзеніне ағымды судың екі шығарылатын орындары бар: канализациялық тазарқыш құрылғылар (КТҚ) және шартты- таза шығарылым. КТҚ-да механикалық тазарту және ағымды суларды хлорлау жүргізіледі, шартты-таза шығарылым арқылы тазартылмаған техникалық су шығарылады.

Соңғы жылдары Ертіс өзенінің суының өсу беталысы байқалады.

Моноқалашықтар даму бағдарламасы аясында өндірістік қалдықтар полигоны салынды (күл қоқыс үйінділері).

Ең өзекті мәселенің бірі, өз шешімін талап ететін, бұл бұрынғы полигон жерін шаруашылық айналымға кезең – кезеңмен тарту мәселесі.

2008 – 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы экология және радиациялық қауіпсіздік иституты Семей ядролық сынақ полигонын 6,0 кв. км-ге кешенді зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, 2013 жылдың соңында 1/3 полигон территориясы зерттелді.

Зерттеу нәтижесі бойынша (2021 жылға дейін – Индустрия және жаңа технологиялар Министірінің стратегиялық жоспар аясында) болжамдалынады, полигон жерінің 80% шаруашылыққа пайдалануға жарамдылығы бекітілетін болады.

Проблемалық мәселе болып қалатын:

- Автокөліктерден ауа атмосферасының ластануының өсуі;

- Ертіс өзенінің трансшекаралық ластануы;

- Семей полигонындағы ядролық сынақ салдарынан экологиялық проблемалары;

- канализациялық жүйелер және тазартқыш құрылғылардың жоғары тозуына қатысты;

Қоршаған ортаны қорғау аясында шешімді қажет ететін келесі проблемаларды атап өту керек:



ұлттық сипатта:

- Семей ядролық сынақ полигонының бар болуы;

- Ертіс өзенінің трансшекарасына тазалау ғимараттарынан жеткіліксіз мөлшерде тазаланған ағынды суларды ағызу;

- Курчатов қаласында ағынды суларды биологиялық тазалаудың жоқтығы;

- қазандық жұмыстарынан атмосфералық ауаның ластануының өсуі.

Саланы дамыту жағдайын бағалау келесі SWOT-талдауда көрсетілген:



Күшті жақтары:

1. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу жағдайында тұрақты экологиялық жағдай.

2. Қоршаған орта сапасын бақылауға автоматтандырылған жүйені енгізу едәуір оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін оның жағдайының дұрыс суретін алуға жағдай жасайды, бұл дегеніміз соңғы қорытындысында тұрғындардың өмір сүру жағдайының жақсаруына оң нәтиже береді.

Әлсіз жақтары:

- Альтернативті энергия көздерін ендіру қажетті деңгейде жүргізілмейді.



Мүмкіндіктері:

1. Қалдықтарды екінші рет қайта өңдеуді ендіру энергия сақтау ресурстары саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол болса табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемін азайтуға ықпалын тигізеді.

2. Азаматтардың табиғат ресурстарын пайдаланудағы көз қарастарын қалыптастыру.

3. Шаруашылық айналымға бұрынғы СЯСП жеріне қарату механизмін өңдеу.



Қауіптері:

1. Транс шекаралық Ертіс өзенінің ластануы.

2. Иесіз, өндірістік, токсинді және тұрмыс қалдықтарының жиналу тенденциясы жалғасуда, сонымен қатар екінші рет қайта өңдеу технологиясының жоқтығы.

3. Табиғи ауа-райы жағдайының күрт өзгеруі;

4. Бағаның тұрақсыздығына байланысты жанар –жағар май материалдарының бағасының едәуір көтерілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет