Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданы
«Кеңсай ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Маңызды міндет және кіріспе
«Кеңсай ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясатын жүргізеді және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын басшылыққа алып ауылдық округтің элеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі болады.
«Кеңсай ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ауыл округі әкімінің қызметін қамтамасыз етеді
Кеңсай ауылы Зайсан ауданының оңтүстік шығыс бөлігіне орналасқакн.
Округ тұрғындарының 98 пайызы қазақтар,басқа ұлт өкілдері 2 пайызды құрайды.Округ орталығы Кеңсай ауылы. Кеңсай ауылы арқылы Республикалық дәрежедегі Зайсан-Шілікті тас жолы өтеді.Округ тұрғындарының негізгі айналысатын кәсібі егін және мал шаруашылығы.
Ағымдағы жағдайға талдау
Ауылдық округ аумағында 5 елді мекен орналасқан. Олар Кеңсай, Жарсу, Бақасу, Саржыра, Сарши елді мекендері
Округ орталығы- Кеңсай ауылы
Аудан орталығынан қашықтығы -13 км, облыс орталығынан -483 км Жалпы жер көлемі- 84020 га, егіндігі- 1213,4 га. Шабындығы- 6500 га жайылымдығы- 70000 га
01.07.201 халық саны- 2455 адам
Округ аумағында – 2 орта, 2-шағын жинақталған орталау мектеп орналасқан. 1-мәдениет үйі, 1- ауылдық емхана, 2- фельдшерлік-акушерлік пункт, 1-орталық кітапхана, 1-байланыс бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Округ аумағында учаскелік полиция инспекторы қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылайды . 5 мал дәрігерлері малдәрігерлік қызметтерді жүзеге асырады.
.
Ауылшаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру
Округ аумағында 165 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Олардың – 37- ы мал шаруашылығымен қалғандары аралас шаруашылықтармен шұғылданады. Шаруа қожалықтары иелігінде: 01.01.2018есеп бойынша: 10784 бас ірі қара, 7530 бас қой-ешкі, 2507 бас жылқы, 2600 бас құстар болды.
2017 жылы шаруа қожалықтарының 11-і аталық бұқа, аналық құнажынға субсидияға құжаттарын өткізді. 2017 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 6 азамат несие алып, өз шаруашылықтарын кеңейту мақсатында қосымша мал сатып алды.
Округ аумағында халыққа 6 сауда дүкені қызмет көрсетеді
Малшаруашылығы өнімдерін өндіру
көрсеткіштер
|
2015
|
2016
|
2017
|
2017/2015
|
Ет(тонна)
|
1200
|
1817
|
2354
|
196+
|
Сүт
|
4974
|
5374
|
6009,4
|
120+
|
Жүн(Цн)
|
272
|
241
|
230
|
84,5+
|
Жұмыртқа(мың дана)
|
230
|
258,0
|
293,8
|
127+
|
Мал басының көрсеткіштері
Мал түрі
|
2015
|
2016
|
2017
|
2017/2015
|
Ірі қара(бас)
|
9212
|
9967
|
10784
|
170 +
|
Қой-ешкі(бас)
|
11166
|
11281
|
8893
|
79,6-
|
Жылқы (бас)
|
1393
|
1876
|
2507
|
79,9+
|
Құс (бас)
|
2310
|
2817
|
2600
|
125+
|
Мал шаруашылығын өсірудің негізгі факторы ет өнімдері бағасының төмен болуы, ауданда ет өнімдерін қабылдайтын арнайы орындар жоқ. Сол себепті тұрғындар малдарын ауданнан тысқары жерлерге саудалауда.
Егін шаруашылығын дамытуда округ аумағында соңғы 3 жылда майлы дакылдарды(соя өсіру) өсіру кең етек алып отыр. Сонымен қатар округ бойынша бақша өнімдерін өндіру көрсеткіші де жақсы.
Егін шаруашылығын дамыту
Алынған өнім (тонна)
көрсеткіштер
|
2015
|
2016
|
2017
|
2017/2015
|
Дәнді дақылдар
|
1140,15
|
860
|
510
|
44
|
Майлы дақыл
|
675,0
|
675
|
1695
|
251
|
Картоп
|
1610
|
1820
|
2170
|
134
|
Бақша өнімдері
|
3135
|
3420
|
3420
|
109
|
Мақсат: Ауылдық округ аумағында ауылшаруашылығы өндірісін дамыту,егіс көлемінің толық игерілуін қамтамасыз ету
Шаруа қожалықтарын егін шаруашылығына берілетін субсидиямен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Шаруа қожалықтарын қажетті тұқыммен қамтамасыз ету
.Шаруа қожалықтарын арзан жанар-жағар маймен қамтамасыз ету
Өсімдік зиянкестерімен жұмыс жүргізу
Егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету
Шаруа қожалықтарын ірілендіру, тұқым шаруашылығы қожалықтарын құру
Алдағы жылдары егін шаруашылығын тамшылатып суару тәсілін енгізуді жоспарлап отырмыз. Негізінен ауылшаруашылығы құрылымдары егіндікті Р-1,Р-2 каналдары арқылы суарады. Егін суы толығымен жеткілікті.Соның нәтижесінде жыл сайын өнім көлемі алдағы жылдармен салыстырғанда 10 пайызға өсіп отыр.
3.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ұйымдастыру
Мақсат: Жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздар санын азайту
Округ аумағында жұмыс істеп тұрған 7 жеке кәсіпкерлер бар. Округ аумағында 1-наубайхана жұмыс істейді. Округ орталығы Зайсан ауданынан 15 шақырым қашықтықта орналасқандықтан ауылда үлкен кәсіпкерлер жоқ.
Округ аумағындағы кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлік палатасы арқылы оқып 14 адам сертификат алды. Округ аумағында малшаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша несие алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
р/с
|
Нысан атауы
|
Бірлік саны
|
Ашылатын орны
|
Жұмыспен қамтылатын адам саны
|
Қаржы көзі
|
1
|
Ара шаруашылығын дамыту
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
5
|
өз қаражаттарымен
|
2
|
Шаштараз
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
3
|
Несие арқылы
|
3
|
Тігін цехы
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
3
|
Несие арқылы
|
4
|
Аяқ киім цехы
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
2
|
Несие арқылы
|
5
|
Май сығатын цех
|
1
|
Жарсу ауылы
|
3
|
өз қаражаттарымен
|
6
|
Пластик терезе шығаратын цех ашу
|
1
|
Жарсу ауылы
|
3
|
Несие арқылы
|
7
|
Мал бордақылау пункті
|
5
|
Жарсу,Бақасу Саржыра ауылдары
|
15
|
өз қаражаттарымен
|
8
|
Малды қолдан ұрықтандыру пункті
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
3
|
Несие арқылы
|
9
|
Техникалық қызмет көрсету орталығы
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
3
|
Несие арқылы
|
10
|
Кірпіш шығаратын цех
|
2
|
Жарсу, Бакасу ауылы
|
5
|
Несие арқылы
|
11
|
Құс шаруашылығын дамыту(бөдене)
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
3
|
Несие арқылы
|
12
|
Сауын фермасын ашу
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
3
|
Өз қаражатымен
|
13
|
Бала бақша ашу
|
1
|
Жарсу ауылы
|
5
|
Мемлекеттік және жеке меншік серіктестік
|
14
|
Түйе шаруашылығын дамыту
|
1
|
Жарсу ауылы
|
3
|
Несие арқылы
|
Міндет:
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде азаматтарға шағын несие
алуға жәрдемдесу, бизнес жоспарларын жасауға ықпал жасау
Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздар санын азайту.
Ауылшарушылығы өнімдерін өңдеу.Халықтың әлеуметтік жағдайын
жақсарту, жұмыссыздықты жою, кедейшілікті азайту
«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде ауылға инвесторларды тарту.
Бал өндіру, ара шаруашылығын дамыту.
Түйе шаруашылығын дамыту
Бала-бақша ашу
Сауын фермасын ашу
Құс шаруашылығын дамыту
Жақсы жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
-АШК дамыту
Округке жақын манда дайын өнімдерді өткізетін орындардың болуы
Туризмді дамыту деңгейінің болуы
Тауарлы сүт фермаларын ашуға мүмкіндіктердің болуы
Майлы дақылдарды өндіруге жағдайдың болуы
Кадр мәселесінің шешілуі
|
Ет, сүт, жүн өнімсдерін өткізетін орындардың болмауы
Ет өнімдерін өңдейтін орындардың болмауы
Арнаулы мамандардың болмауы
Несие берудегі шектеулер
Жастардың ауылда жұмыс істеуге қабілетсіздігі
Арзандатылған жанар-жағар майдың дер кезінде таратылмауы
Ауылшаруакшылығы техникадарының аздығы ( комбайн)
|
мүмкіндіктер
|
қатерлер
|
Суармалы егін шаруашылығын дамыту
Өсімдік шаруакшылығы өнімдерін сақтайтын орындарды дамыту
Кіші шаруашылықтарды ірілендіру
Мемлекеттік қолдау арқылы ауылшаруашылығы техникаларын жаңалап отыру
|
Ет өнімдері бағасын түсіру
АПК арқылы мемлекеттік қолдауды ң төмен болуы
Ауылшаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі
|
4. Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, көркейту, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Ауылдық әлеуметтік инфраструктурасы қанағаттанарлық жағдайда.
Округ бойынша халық саны жыл сайын артып келеді.
Мақсат: Ауыл көркін жақсарту
р/с
|
Нысан атауы
|
Бірлік саны
|
Ашылатын орны
|
Жұмыспен қамтылатын адам саны
|
Қаржы көзі
|
1
|
Модульді спорт кешені құрылысы
|
1
|
Жарсу ауылы
|
2
|
Инвестиция РБ
|
2
|
Хоккей қорабы
|
1
|
Жарсу ауылы
|
2
|
РБ
|
3
|
«Жәнделі» саябағын архитектуралық абаттандыру
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
2
|
ЖБ
|
4
|
Құрмет тақтасын орнату
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
1
|
«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде
|
5
|
Көше жарықтандыру
|
3
|
Кеңсай, Жарсу ауылдары
|
|
ЖБ
|
6
|
Шағын футбол алаңы
|
2
|
Саржыра , Бақасу ауылдары
|
4
|
ЖБ
|
7
|
Қоқыс төгетін орындарды заңдастыру
|
3
|
Жарсу, Бақасу, Саржыра
|
3
|
ЖБ
|
8
|
Ағаш отырғызу.Саябақ жасау
|
2
|
Жарсу, Саржыра ауылдары
|
2
|
«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде
|
9
|
Елді мекендердің паспортын жасау
|
4
|
Кеңсай,Жарсу, Саржыра, Бакасу
|
|
«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде
|
10
|
Қақпа орнату
|
1
|
Жарсу ауылы
|
|
«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде
|
10
|
Ауыл әкімі ғимаратын күрделі жөндеу
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
|
ЖБ
|
11
|
Ауылға бассеин салу
|
1
|
Кеңсай ауылы
|
1
|
«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде
|
Көшелердің тазалығын қамтамасыз ету
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
Күл-қоқыстарды арнаулы орынға төккізуді ұйымдастыру
Мал өлекселерін тастайтын орындарды қалыпты жағдайда ұстау, өлген
малдардың мал қорымына апарылуын қадағалау
Мал дәрігерлік санитарлық заңдылықтардың орындалуын бақылау.
Білім беру саласы:
Округ аумағында 2 орта 2 шағын жинақталған негізгі 2 орталау мектеп бар.Округ аумағындағы мектептерде 427 адам бар.Мектептерде оқу бір ауысымда оқиды.Кеңсай орта мектебі, М.Маметова және Саржыра негізгі мектептері типтік жобада салынған.Мектептерде 107 арнаулы және жоғары білімді мұғалімдер оқуыларға білім береді.Олардың 12-жас мамандар. 2016-2017 жылдары округ бойынша 3 жас маман «Дипломмен -ауылға» бағдарламасы бойынша көтермелеу жәрдемақысын алып тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Оқушылар мектепке 100 пайыз тартылған.
Мектепке дейінгі тәрбие
Қазір округ аумағындағы 3 мектепте шағын жинақталған орталықтар жұмыс істейді. Оларда 90 бала тәрбиеленуде. Шағын орталықтарда 2-5 жас аралығындағы жасөспірімдер тәрбиеленуде.Саржыра шағын жинақталған мектебі жанынан ұйымдастырылған шағын орталықта толық жағдай жоқ. Жеке асхана жоқ.Алдағы уақытта Бақасу елді мекеніндегі М.Маметова мектебі жанынан шағын орталық ашу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласы:
Округ аумағында 1 ауылдық емхана және Жарсу, Бақасу,Саржыра елді мекендерінде фелдшерлік акушерлік пункттер тұрақты жұмыс істеп тұр. Кеңсай ауылындағы ауылдық емханада 5 орындық күндізгі емдеу орны бар. Округ бойынша халыққа 1 жоғары білімді 12 арнаулы білімді дәрігерлер халыққа дәрігерлік қызмет көрсетеді.Жыл көлемінде өмірге 42 сәби келіп 12 адам өмірден өтті. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.2017 жылы 231 дипансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ауылдық емханада бір жедел жәрдем автокөлігі бар.
Бакасу ауылына фелдьшерлік пункт жоқ. Алдағы уақытта Кеңсай ауылдық емханасына физиокабинет және тіс емдеу кабинеттері ашылса деген ұсынысымыз бар.Сондай-ақ жаңа, заманауи медициналық препараттармен жабдықталса.
Дененшынықтыру және спорт саласы
Округ аумағында 1 хоккей қорабы, 2-шағын футбол алаңы, 1 спорт алаңы халыққа қызмет көрсетеді. Округ аумағындағы Кеңсай, Жарсу орта мектептері мен М.Маметова шағын жинақталған негізгі орталау мектебінде спорт залдары бар. Мектептердегі спорт залдары аптасына екі рет ауыл жастарының кешкілік мезгілдерде спортпен шұғылдануларына тұрақты берілуде.
Барлық мектептерде спорт секциялары (баскетбол, воллейбол, стол теннисі, қазақша күрес,дойбы, шахмат қол тіресі, тоғызқұмалақ кружоктары) жұмыс істейді, оларға 125 бала қамтылған. Ауыл жастары аудан ,облыс көлемінде ұйымдастырылатын спорттық жарыстарға тұрақты қатысып отырады. Кеңсай ауылында 2016 жылдан бері ат спорты алаңы бар.Ұлттық наурыз мерекесінде осы алаңда ат спортының барлық түрлерінен ( бәйге, теңге алу, көкпар, аударыспақ) сияқты ойын түрлері тұрақты ұйымдастырылып жүр.
Мәдениет саласы
Округ аумағында 1 мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді. Онда арнаулы мамандықтағы 3 адам және техникалық қызметте 5 адам қызмет атқарады.
Мәдениет үйің жанында «Көненің көзі» әжелер клубы тұрақты жұмыс істеп тұр. Клуб құрамында 15 әже, 15 келін бар. Халық арасында болып қазақтың салт дәстүрлерін насихаттауда атқарып жатқан жұмыстары қомақты.
Ауылдық мәдениет үйі сондай-ақ ақылы мәдени қызмет те көрс етеді. Мәдениет үйі жанынан «Лаула» ВИА құрылып соңғы жылдары концерттік қойылымдармен аудан көлеміндегі барлық елді мекендерді аралып қызмет көрсетіп жүр.
Алдағы уақытта мәдениет үйі жанынан аудандағы музыкалық мектептің филиалы ашылып ауыл жастарының музыкалық сауаттылығы дамытылса деген ұсынысымыз бар.
Халықтың демалысын ұйымдастыру
Халықтың мәдени демалысын өткізетін негізгі орын- ауылдық мәдениет үйі. Мәдениет үйінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар тұрақты ұйымдастырылып отырылады. Мәдениет үйінде ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Онда білікті, білімді кадр қызмет атқарады.Кітапханадағы кітап қоры-7700. Кітапханада оқырмандармен түрлі тақырыптарға пікір алысулар, оқырмандар конференциясы өткізіліп, түрлі тақырыптарға кітаптарға шолулар өткізіліп отырылады.
Мәдениет үйінде жастар дискотекасы тұрақты ұйымдастырыл отырылады.
Кеңсай ауылы ортасынан Үйдене өзені ағып жатқан себепті келешекте ауылдан жаз айларында шомылатын қауыз салу жоспарлануда.
Тұрғын үй
Округ аумағында 500 тұрғын үй бар. Олардың жалпы алаңы- 27066 шаршы метр. 1 адамға есептегенде 12 шаршы метрден келіп отыр. Олардың барлығы жеке меншік. Тұрғын үйлер пешпен жылытылады. Кеңсай ауылында тұрғын үйлердің 80 пайызы , Жарсу ауылындағы тұрғын үйлердің 20 пайызы тұрғын үйлеріне ауыз суы кіріп тұр. Округке қарасты елді мекендерде жыл сайын тұрғындар жеке меншік тұрғын үйлер салуда. 2017 жылы округ аумағында 201 шаршы метр тұрғын үй салынды. Бүгінгі күні округ аумағында бос тұрған иесіз үйлер жоқ.
Жұмыспен қамту
Округ аумағында жұмысқа қабілетті 1377 адам бар.Олардың ішінде жұмыс істейтіндері-1314 бас, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандары-324, 63 адам жұмыссыз. Округ аумағында жұмыспен қамтылмаған адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Маусымдық мезгілдерде жұмыссыз азаматтар шаруа қожалықтарына жұмыстарға тартылады. Бақша шаруашылығымен айналысатын «Ринат», «Восток», «Бақберді» , «Серік» шаруа қожалықтары және «Ағайын», «Ынтымақ» , «Маметек», «Есімхан» шаруа қожалықтары төл алу, мал бағу
жұмыстарына азаматтарды келісім шарт бойынша қабылдап жұмыспен қамтып отыр.
Халыққа қызмет көрсету
Кеңсай ауылдық округ әкімі арқылы азаматтарға қосалқы шаруашылығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Анықтаманы беру 5 минут уақытты қажет етеді. 2014 жылы азаматтарға 965 анықтама, 2015 жылы 1234, 2016 жылы 1402 қосалқы шаруашылығы туралы анықтама берілді.
Басқа түрдегі барлық анықтамалар Зайсанқаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округ әкімі ғимаратына «E-gov» бағдарламасы арқылы азаматтар өздеріне қажетті анықтамаларды ауыл әкімінен алады. Мекен жай анықтамасы, жылжымайтын мүлкінің бар жоғы және қосалқы шаруашылығы жөніндегі анықтамаларды электронды кілттері арқылы өздері алу мүмкіндігін беріп отырмыз.Оған барлық жағдай жасалған ( арнаулы компьютер қойылған)
Ауылдық округ әкімінде сондай-ақ нотариаттық қызметтің 4 түрі көрсетеледі.
(сенім хат, құжаттың түп нұсқасының көшірмесін куаландыру, өтінішке қойылған қолды куәландыру, өсиетті кауландыру)
Аз қамтылған топтарға қызмет көрсету
Ауылдық округ әкімі аумағында339 зейнеткерлер, 111 мүгедектер және 12 жалғыз тұратын зейнеткерлер бар. Ауылдық округ әкіміне қарасты барлық мекемелерде мектептер, ауылдық емхана, ауылдық мәдениет үйінде мүгедектерге арналған пандустар орнатылған.
Округ аумағындағы аз қамтылған отбасыларына жылына 20 тонна тегін көмір таратылып беріледі.округ амғында аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалады.
2017 жылы округ бойынша мемлекеттік атаулы көмек алушылар болған жоқ. Балалар жәрдемақысын алушылар 14 отбасында 40 балаға 709,8 мың теңгенің жәрдемақысы төленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,4 пайызды құрады. 8 адам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрды. 2017 жылы 39 адам жұмысқа орналастырылды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 10 отбасында 45 адам, 26 балаға 2 млн 873 мың теңгенің қаржысы төленді.
Округ бойынша мүмкіндлігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсететін 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс атқарады. Жалғыз басты қарттарға тұрақты көмек ұйымдастырылып отырылады.
Мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік жағынан аз қорғалған жанұялардың тыныс-тіршілігі ауыл әкімінің тұрақты бақылауында.
Әлеуметтік саладағы негізгі қиындықтар:
Округ аумағында бюджет есебінен тұрғын үйлер салынбайды,сол себепті мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ
Округ аумағында өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар көп, округ аумағында жұмыс істеп тұрған үлкен кәсіпорындардың болмауы себепті оларды жұмыспен қамту мүмкіндігі жоқ
Мүгедектер мен әйелдерге арналған жұмыс орны шектеулі болғандықтан
оларды жұмысқа орналастыра алмаудамыз
Демалыс орындары аз
Мәдени ошақтардың материалдық техникалық базасы нашар
Ауылдық округті дамытудың перспективасы
«Дипломмен-ауылға»бағдарламасы бойынша жастарды ауылға тарту
«Дипломмен -ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келетін жастарға жағдай жасау, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту
Әлеуметтік инфраструктуралардағы мектеп, ауылдық емханалардағы елді мекен көшелердегі электр жарығын үнемдеу
Кеңсай ауылына типтік бала-бақша салу
Жарсу ауылына клуб үйін салу
Мәдени спорттық мекемелердің материалдық техникалық базасын нығайту
SWOT- Әлеуметтік инфраструктураларға талдау
-
Жақсы жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Білім беру:
- М.Маметова мектебініе спорт залы салынды
- Туу мөлшерінің өсуіне байланысты мектептердегі оқушылар саны артып отыр
- Мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін тұрақты көтеріп отырады.
- Мектепке дейінгі балаларды 100 пайыз қамту
-
Денсаулық сақтау
Ауылдық округ азаматтарын толық дәрігерлік қамту
Ауылдық емхананы толық дәрігерлік препараттармен қамтамасыз ету
«Денсаулық-2015-2019»бағдарламасы бойынша тұрғындарды толық скрингтік тексеруден өткізу
Денешынықтыру, мәдениет және демалыс
-Ауылдық округ тұрғындарын толық жалпыхалықтық спортпен айналысуға жағдай жасау
- халықты толық спортпен денешынықтырумен шұғылдануға жұмылдыру
-округ аумағында жоғары спорттық көрсеткіштерге жеткен командаларды жасақтау
-Жарсу ауылына клуб үйін салу
-Мектеп кітапханаларын кітап қорымен толықтыру
-Әлеуметтік кепілді қызметтермен қарттарды 100 пайыз қамту
- ауылда жұмыссыз азаматтарды азайту үшін ауыл әкімі қызметкерлерінің жұмысын жақсарту
|
Білім беру:
М.Маметова, Сапржыра мектептерінде мұғалім кадрлары жетіспейді
Жас маман кадрларға әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық жағдай жасау
Маметова,Саржыра мектептерін тұрақты кадрлармен қамтамасыз ету
Мектептерді автокөлікпен қамтамасыз ету
Денсаулық сақтау
-Кәсіби дәрігерлермен қамтамасыз ету
- Жас маман кадрларға тұрмыстық жағдай жасау
Денешынықтыру, мәдениет және демалыс
Спортпен толық шұғылдануға қажетті спорт инвентарлармен қамтамасыз ету
Мәдени саладағы кадрлар тапшылығы
Жастардың демалыс орындарының болмауы;
Жұмыссыз азаматтардың көп болуы ауылдың экономикалық потенциалын төмендетуде
Әйелдер мен жастарға деген жұмыс орындарының болмауы
Ауылдағы еңбек ақы мөлшерінің аз болуы
Экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың төмен болуы себебінен жастардың қалаға қоныс аударуы
|
-
МҮМКІНДІКТЕР
-Медициналық мекемелерді жаңа препараттармен қамтамасыз ету
-Медициналық мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету
-ауылдық мәдениет үйін білікті кадрлармен қамтамасыз ету
-Спортта жоғары жетістіктерге жету үшін мәдени спорттық инвентарлармен қамтамасыз ету
-Мүмкіндігі шектеулі жандар, әйелдер мен жастарға әлеуметтік жағдай жасау
|
ҚАУІПТЕР
-шағын жинақталған негізгі мектептердің жабылып қалу қаупі
-Әлемдік қаржылық кризиске байланысты әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруы
|
Инженерлік инфраструктура және оны қолдау
Ауылдық округте инженерлік инфраструктурадан аса маңызды мәселелер жоқ. Округке қарасты барлық елді мекендер таза ауыз суымен қамтамасыз етілген. Алайда Бакасу, Саржыра елді мекендері жартылай ғана қамтылған.округке қарасты елді мекендерін ауыз суымен қамтуды «Зайсан» КМК мекемесі қызмет көрсетеді.
Сумен қамтамасыз ету
Кеңсай ауылындағы тұрғын үйлердің 80 пайызы орталықтандырылған ауыз суына қосылған.Осы уйлердің барлығында су ағарлары бар.Су құбырларының жалпы жағдайы орташа дәрежеде.2015 жылы Бакасу, Саржыра елді мекендеріне ауыз суы құбыры тартылды. 2018 жылға округке қарасты Жарсу, Бакасу, Саржыра елді мекендерінің қалған бөлігіне ауыз суы құбырын тарту жұмыстары жүргізу жоспарлануда.
Электрмен қамту
Округке қарасты Кеңсай, Жарсу, Бакасу,Саржыра елді мекендері толық электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Сарши елді мекеніндегі тұрғындар күн тоғы энергиясын пайдаланады.Елді мекендерде электр жарығы тұрақты. Электрмен қамтуды Зайсан қаласында орналасқан ШҚО «ВК РЭК» мекемесі жүргізеді.
Байланыс және интернет
Округте байланыс бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Кеңсай ауылы орталығында байланыс бөлімі бар. Осы бөлім арқылы округке қарасты Жарсу, Бакасу, Саржыра елді мекендерін баспасөз материалдарымен қамтамасыз етеді.
Округ аумағында интернет желісінің жылдамдығы өте әлсіз.
Қазіргі уақытта ауыл әкімінде 8 компьютер АСТЕЛ желісіне қосылған. Сондай-ақ Кеңсай орта мектебі, Жарсу орта мектебі, Маметова және Саржыра шағын жинақталған негізгі мектептері де АСТЕЛ байланыс желісіне қосылған.
Құрылыс-жол саласы
Кеңсай ауылы Зайсан қаласының оңтүстік шығысына орналасқан.аудан орталығынан қашықтығы 13 км автокөлікпен қатынау уақыты 20 минут. Ауыл ішіндегі жолдар ағымдағы жөндеуден ғана өткен, тас төселген жолдар.
Округке қарасты елді мекен жолдары орташа жөндеуден өтпеген.
Жолдардың жағдайы
р/с
|
атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2013
|
2014
|
2015
|
2015/2013
|
1
|
Автомобиль жолдарының ұзындығы
|
км
|
55
|
55
|
55
|
100
|
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Тас жолдар
|
км
|
|
|
|
|
|
Қатты төсем
|
км
|
55
|
55
|
55
|
100
|
|
жолсыз
|
км
|
|
|
|
|
2
|
Ауыл ішіндегі жолдар
|
км
|
32
|
32
|
32
|
100
|
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Жақсы
|
Км
|
15
|
18
|
20
|
75
|
|
қанағаттанарлық
|
км
|
17
|
14
|
12
|
70
|
3
|
Аудан және облыс орталығына дейінгі қашықтық
|
сағат
|
20 мин
6 сағат
|
20 мин
6 сағат
|
20 мин
6 сағат
|
|
Жарықтандыру
Округке қарасты елді мекендерде: Кеңсай ауылында5 көше, Жарсу ауылында 1 көше,Бакасу елді мекенінде 1 көше Саржыра ауылында 1 көше жарықтандырылған.Елді мекендердегі көше жарықтарының үлес салмағы 40 пайызды құрайды.
Көшелерді толық жарықтандырудағы орын алып отырған мәселе: қаражаттың тапшылығы
Экология
Округтегі экологиялық жағдай қалыпты,округ аумағында ауаны ластап тұрған үлкен кәсіпорындар жоқ, сол себепті экологиялық жағдай тұрақты деп есептейміз.Округке қарасты барлық елді мекендерде арнайы жабдықталған қоқыс төгетін орындар бар, қатты қалдықтарды төгетін орындар бар.
Қоршаған ортаны ластамай жөнінде ауыл тұрғындарына жылына екі рет ескерту парақшалары таратылып отырылады.
Негізгі мәселелер қатарына:
-Кеңсай, Бакасу, Саржыра елді мекендеріндегі су құбыры башнясының маңайын қоршау;
-Қатты қалдықтарды тастайтын арнаулы орындардың болмауы, оларды құжаттандырып, заңдастыру;
-Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету
-Елді мекендерді жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосу
-Елді мекендердегі жолдарды ағымдағы және орташа жөндеуден өткізу
-Жарсу, Бакасу, Саржыра елді мекендерін толық ауыз суымен қамтамасыз ету
Жақсы жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Елді мекендерді толық таза ауыз суымен қамтамасыз етілуі
Елді мекендерге автомобиль катынасының толық болуы
Телефон байланысы, интернет желісінің тұрақты жұмыс істеуі
Округ аумағында байланыс бөлімінің бар болуы
Елді мекендердегі көше жарығының болуы
Елді мекендердің экологиялық таза болуы;
Инфраструктураларды дамытуға мемлекеттік қолдаудың болуы;
|
Окргте тазалау құбырларының болмауы
Барлық елді мекендердің таза ауыз суын толық пайдаланбауы
Орталықтандырылған қоқыс төгетін орын жоқ
Елді мекен көшелерін ағымдағы және орташа жөндеуден өткізу
|
мүмкіндіктер
|
қатерлер
|
Елді мекен тұрғындарын орталық канализация қызметімен қамту үшін орталықтандырылған жүйеге қосу
Электр желілеріндегі ақауларды және апат жағдайларды болдырмау үшін тұрақты жөндеуден өткізіп отыру
-елді мекендерде экологиялық жақсы жағдайды қалыптасыру үшін орталықтандырылған арнаулы орындар салу
Барлық елді мекендердегі тұрғындарды таза ауыз суымен қамтамасыз ету,
олардың тұрақты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету.
Бюджеттік мекемелерді жылумен қамтамасыз ету
Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуді ұйымдастыру
Жергілікті элеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу
|
-тазаланбаған қалдықтарды тастау себебінен экологиялық ахуалдың нашарлауы
|
Негізгі бағыттар:
Округте агроөнеркәсіп құрылысы және ауылшаруашылығы дамытуды қолдау
Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып:
Мал тұқымын асылдандыру
- Шаруа қожалықтарын мал шаруашылығына берілетін субсидиямен
қамтамасыз ету
- Мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру
- Мал дәрігерлік емдеу шараларын ұйымдастыру
- Ауылшаруашылық кооперативтерін құру
-Шаруа қожалықтарын егін шаруашылығына берілетін субсидиямен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
- Шаруа қожалықтарын қажетті тұқыммен қамтамасыз ету
-.Шаруа қожалықтарын арзан жанар-жағар маймен қамтамасыз ету
- Өсімдік зиянкестерімен жұмыс жүргізу
-. Егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету
- Шаруа қожалықтарын ірілендіру, тұқым шаруашылығы қожалықтарын құру
Округ аумағында шағын және орта бизнесті дамыту және онымен шұғылданушылар санын көбейту
-Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде азаматтарға шағын
несие алуға жәрдемдесу, бизнес жоспарларын жасауға ықпал жасау
- Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздар санын азайту.
- Ауылшарушылығы өнімдерін өңдеу.Халықтың әлеуметтік жағдайын
жақсарту, жұмыссыздықты жою, кедейшілікті азайту
-«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде ауылға инвесторларды тарту.
- Бал өндіру, ара шаруашылығын дамыту.
- Түйе шаруашылығын дамыту
- Бала-бақша ашу
- Сауын фермасын ашу
- Құс шаруашылығын дамыту
3. Әлеуметтік инфраструктура және қызметтер
Барлық елді мекендердегі тұрғындарды таза ауыз суымен қамтамасыз ету,
олардың тұрақты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету.
Жарсу ауылындағы ауыз суы жүйесін қайта жөндеуден өткізу
Ауыл тұрғындарына электр энергиясы, газбен қамтылуы(Кеңсай ауылы)
,байланыс қызметтерін көрсетуді жақсарту
Бюджеттік мекемелерді жылумен қамтамасыз ету.
Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуді ұйымдастыру
Жергілікті элеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу
4.Округ аумағында білім беру жүйесін дамыту
«Білім туралы» Заңның орындалуын қадағалау. Балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру
Мектеп жасындағы балалардың толық мектепке тартылуын қадағалау. 12 жылдық мектеп бағдарламасына кіру
Аз қамтылған отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету
Мектеп асханасында бастауыш сынып оқушыларына күнделікті тегін ыстық тамақ, 15-20 грамм бал, 200 грамм сүт, және балауыз сағызын беруді қамтамасыз ету
Мектептерде «Қазақстандық жол» атты тәрбие танымдық орталықтар жүйесін ашып, толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Округке қарасты мектептердің қысқа дайындығын қамтамасыз ету. Көмірмен толық қамтамасыз етілуін қадағалау, жылу жүйелерінің жұмысын бақылауда ұстау
Шағын орталықтардың жұмысын жақсартуды тұрақты назарда ұстау.
Мектептерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу
5. Округ аумағында денсаулық сақтай саласын дамыту
Халық денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстарды жандандыру.
Денсаулық сақтау мекемелерінде ҚР «Денсаулық сақтау туралы» заңының орындалуын қадағалау.
Білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің сандық, сапалық көрсеткіштерінің жақсаруын бақылауда ұстау.
Ауылға білімді мамандарды тарту, оларға жағдай жасау
Ауылдық емхананың материалдық техникалық базасын нығайту
Округ аумағында мәдениет, спорт және денешынықтыруды дамыту
Спорт және денешынықтыру арқылы халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мектептерде спорт секцияларының жұмысын жандандыру
Саржыра мектебіне спорт алаңын салу .(Саржыра ауылы)
Стадионда жастардың сенбі, жексенді күндері спорттық жарыстарын өткізу
Ауыл спортшыларының спорттың барлық түрінен аудандық, облыстық жарыстарға қатысуын тұрақты қамтамасыз ету.
Мерекелі, даталы күндерге байланысты спорттық жарыстар ұйымдастыру
Халықтың мәдени демалысын қамтамасыз ету.
Мерекелі, даталы күндерге байланысты мәдени демалыс шараларын ұйымдастыру.
Мәдениет үйінде жастардың би кешін(дискотека) ұйымдастыру (аптасына бір рет)
Кітапханаларды кітап қорымен толықтыру, тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.
Құрылыс, транспорт, байланыс, электр энергиясы, жол қозғалысы
және басқа да коммуналдық қызметтерді ұйымдастыру
Барлық елді мекендердегі тұрғындарды таза ауыз суымен қамтамасыз ету,
олардың тұрақты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету.
Жарсу ауылындағы ауыз суы жүйесін қайта жөндеуден өткізу
Ауыл тұрғындарына электр энергиясы, газбен қамтылуы(Кеңсай ауылы)
,байланыс қызметтерін көрсетуді жақсарту
Бюджеттік мекемелерді жылумен қамтамасыз ету.
Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуді ұйымдастыру
Жергілікті элеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу
ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
р/с
|
шаралар
|
Орындалу мерзімі
|
Қаржыландыру көздері
|
жауапты
|
Өнім индикаторы
|
нәтижесі
|
Ашылатын жұмыс орны
|
Ауылшаруашылығын дамыту
|
|
Ірі қара мал санын көбейту (Кенжебайұлы С,Оразбаев С, Молдахан Алтайхан, КенжебекМүбарак ,Набиев А )
|
2018-2020
|
Агробизнес-2020 бағдарламасы
|
Кеңсай ауылдық округ әкімі
|
100 бас ірі қара малдарын алу
|
|
12
|
|
Сүт жинау пунктін жабдықтау (Набиев А)
|
2018
|
Агробизнес-2020 бағдарламасы
|
Набиев А
|
Округ аумағында сүт өнімдерін өндіру
|
|
5
|
|
Мал бордақылау пунктін ашу
|
2018-2020
|
Агробизнес-2020 бағдарламасы
|
Шаруа қожалықт ары
|
|
|
10
|
|
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту
|
2019
|
«Сыбаға» бағдарламасы
|
Қалиев Қ
|
|
|
10
|
Кәсіпкерлікті дамыту
|
1
|
Аяқ киім тігетін цех ашу(Акаев М
|
2018
|
Жол картасы-2020 бағдарламасы
|
Акаев М
|
|
|
2
|
2
|
Шаштараз ашу(Сабитова Б)
|
2018
|
Өз қаражатымен
|
Сабитова Б
|
|
|
2
|
Инфраструктура және абаттандыру
|
1
|
Бакасу ауылына ауыз суы құбырын жөндеу
|
2018
|
РБ
|
Кеңсай ауылы әкімі
|
|
|
2
|
|
Жарсу ауылындағы ауыз суы құбырын ағымдағы жөндеу
Саржыра ауылындағы ауыз суы құбырын жөндеу
|
2018
|
РБ
|
Кеңсай ауылы әкімі
|
|
|
2
|
|
Кеңсай ауылындағы З.Нұғыманұлы көшесін орташа жөндеу (550 м)
|
|
2018
|
РБ
|
Кеңсай ауылы әкімі
|
|
|
2
|
|
Жарсу ауылындағы 1 шартты көшені ағымдағы жөндеу
|
2018
|
ЖБ
|
Кеңсай ауылы әкімі
|
|
|
|
|
Бакасу ауылындағы 1 шартты көшені ағымдағы жөндеу
|
2018
|
ЖБ
|
Кеңсай ауылы әкімі
|
|
|
|
|
Кеңсай ауылына газ құбырын тарту
|
2018
|
РБ
|
Кеңсай ауылы әкімі
|
|
|
|
12. Бюджеттік бағдарламалар
Бағдарламаны
іске асыру шығыстары
|
|
Мың теңге
|
2018
|
2019
|
2020
|
|
Ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету
|
мың..т
|
15142
|
15597
|
16198
|
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
|
мың..т
|
214
|
229
|
245
|
|
Негізгі құралдарға жататын товарлар сатып алу (мың теңге)
|
мың..т
|
214
|
229
|
245
|
|
Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру (мың теңге)
|
мың..т
|
1391
|
1488
|
1592
|
|
«Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету» (мың теңге)
|
мың..т
|
3151
|
3372
|
3608
|
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (мың теңге)
|
мың..т
|
0
|
0
|
0
|
|
Аудандық маңызы бар қалаларда,кенттерде, ауылдарда,ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (мың теңге)
|
мың..т
|
353
|
378
|
404
|
|
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру
|
мың..т
|
1420
|
1519
|
1626
|
Ауыл әқімі Тауасаров Р.Ә
Достарыңызбен бөлісу: |