Бағдарламасы Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен



Дата26.08.2017
өлшемі43,87 Kb.
#28038
«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ »

физикалық сайыстың бағдарламасы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сайыстың слайдтары, физикалық тәжірибе жасауға

арналған құралдар,



Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,

Формасы: сайыс сабақ

БАРЫСЫ:

Сайыстың шарттары:

1-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»/ қызықты сұрақтар/

2-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»/ жұмбақтар шешіледі/

3-сайыс: «Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем көсерсің!»/суретті сөйлет/

4-сайыс: «Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле ! »/ Үй тапсырмасы/

5-сайыс. «Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар!»/Топ басшы сайысы/

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін 8 сыныптар арасында сайыс сабақ өткелі тұр.



Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Сайысымызды бастайық!

- Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

8а,б сынып оқушыларынан 2 топ қатысады. Әр топтың аты, ұрандары, эмблемалары болады.

Қазылар алқасы тағайындалып, таныстырылады. .

1-топтық аты: «Білімділер»

ұраны: «Білімділер мен дос бол – тарыққанда ақыл береді. адамшылығыңды біледі»

2-топтық аты: «Білгіштер»

ұраны: «Білгіштермен дос бол – адамшылығыңды біледі»

1-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»2 ұпай

Мақалдың мағынасы түсіндіріледі де, қызықты сұрақтар қойылады?



  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

  5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

  6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

  7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  9. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

2-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!» 3 ұпай

Осы мақалды әдеби тілмен түсіндірген соң, жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек.



  1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)

  2. Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)

  3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)

  4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)

  5. Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге? (жел - конвекция)

  6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)

  7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)

  8. Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге? (Сынады – қатты дене)

  9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)

  10. Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)

3-сайыс: «Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем көсерсің!» 5 ұпай

Әр топ оқушылары ақылдаса отырып, әрбір суреттің дұрыс жауаптарын тауып, қазылар алқасына табыс етеді, бағаланады. Екі топ дайындалып болғанша жақтаушылармен ойын ұйымдастырылады.



1-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Дауысынан біл!». Әр топ жақтаушыларынан үш-үштен алты оқушы ортаға шақырылады. Біреуінің көзі байланып ортада тұрады. Қалған оқушылар оны айнала жүріп физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айтады. Ортадағы бала «Тоқта!» дегенде тоқтай қалады, қарсы тұрған бала өзінің соңғы сөзін қайталайды. Қай оқушы екенін дұрыс тапса, орындарын ауыстырады, таба алмаса формулалар айтады.

2-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Алтыбақан». Екі топтан екі оқушы шақырылады. Екі оқушы қолдарын айқастырып ұстайды, үшінші оқушы қолдарына отырады. Арлы-бері тербейді. Сұрақ: бұл ойын арқылы не айтуға болады. Жауап: Тербеліс, амплитуда, жиілік, период, ауырлық күші, тартылыс күші т.б.

3-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Жер», «Теңіз», «Ауа». Жақтаушылар сәйкес 3 топқа бөлінеді. Сұрақ: осы үш сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет тілінде не айта аласың?

Мысалы: «Теңіз»

Физика тілінде: Су - сұйық күйде,

Биология тілінде: Су –тіршілік көзі, балықтар

Химия тілінде: 2Н22=2H2O,

Әдебиет тілінде: Сусыз өмір жоқ. т.б.



4-сайыс: «Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле ! » 10 ұпай

1.Үй тапсырмасы: «Физикалық көріністерін тамашалау»

1-топ –«Бүкіл әлемдік тартылыс заңы»

2-топ-«Архимед күші »

2. Тәжірибе жасау /Топтардың өздері даярлап келген тәжірибе көрсетеді,бір-біріне сұрақтар қойылады/

5-сайыс. «Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар!» 5 ұпай
Топ басшыларымен сайыс

1-сайыс

А) «Білімділер» басшысы

Қысым деген не? Деген сұраққа жауап береді.

Сөзінің соңында қысым деген шамаға анықтама береді.

Б) «Білгіштер» басшысы

Күш деген не? деген сұраққа жауап береді де аяғында күш деген шамаға анықтама береді.



2-сайыс

Топ басшылары кезекпен ғалым физиктердің фамилияларын айтады.

Мысалы 1-топ 2-топ

Ом Ньютон

Ватт Архимед

Ампер Бор т.б


Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет!



Қорытынды . Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша мақтау қағаздарымен

марапатталады.
Каталог: uploads -> doc -> 0719
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0719 -> «Математика әлемі» Таңдау курсы 7-класс Түсінік хат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет