Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет3/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ
Түрлі елдерде пайдаланылатын цифрлық сәйкестендіру жүйелері халықты қамтуы, функционалы мен міндеттері, дизайны, ұйымдық құрылымы мен қатысушы тараптардың рөлдері және т.б. бойынша айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттейтін халықаралық ұйымдардың сарапшылары цифрлық сәйкестендіру жүйелерін сәтті практикалық енгізуге мүмкіндік беретін бірқатар жалпы қағидаттар мен озық тәжірибелерді бөліп көрсетеді.


    1. Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары


Дүниежүзілік Банк цифрлық сәйкестендірудің тиімді жүйесін құру үшін кең ауқымды сарапшылар қоғамдастығы, халықаралық ұйымдар және қауымдастықтар мақұлдаған он негізгі қағидаттарды жинақтады.


Төменде берілген он қағидат үш негізгі компонент: инклюзивтілік, дизайн және басқару айналасында біріктірілген.

1-кесте. Цифрлық сәйкестендіру жүйелерін құру қағидаттары





Инклюзивтілік: тең қатысу және қол жеткізу

Барлық адамдар үшін жүйеге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

Жүйеге кіруге және оны пайдалануға кедергілерді жою және ақпарат пен технологиялардың қол жетімділігіндегі тең емес жағдайларды жою

Дизайн: сенімді, қауіпсіз, бейімделгіш және орнықты

Сенімді – бірегей, қауіпсіз және дәл – сәйкестікті орнату

Интерперабельді және әртүрлі пайдаланушылардың қажеттіліктеріне бейімделетін платформа құру

Ашық стандарттарды пайдалану және вендорлық және технологиялық бейтараптылықты қамтамасыз ету

Жеке деректерді қорғау және пайдаланушыны бақылау жүйесінің дизайнына енгізілген

Жүйенің қолжетімділігін төмендетпей, оның қаржылық және операциялық орнықтылығын жоспарлау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет