Басқару: деректер мен пайдаланушылардың құқықтарын қорғау арқылы сенім қалыптастыру
|
Жан-жақты қамтитын нормативтік және реттеушілік база шеңберінде деректерді қорғауға, пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарына кепілдік беру
|
Нақты институционалдық мандаттар мен жауапкершілікті белгілеу
|
Тиімді қадағалау арқылы нормативтік реттеу мен сенім қағидатының сақталуын қамтамасыз ету
|
Қағидаттар Қазақстандағы қазіргі жағдай үшін релевантты болып табылады және Ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасын құру мақсатында пайдаланылатын болады.
Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін іске асыру модельдерінің сыныптамасы
Цифрлық сәйкестендірудің тиімді жүйесін құрудың негізгі қағидаттарының жиынтығынан басқа, халықаралық ұйымдардың (Дүниежүзілік Банктің, Халықаралық электр байланысы одағының, Дүниежүзілік экономикалық форумның) сарапшылары қолданыстағы елдік жүйелердің алуан түрлілігін ұлттық деңгейдегі цифрлық сәйкестендіруді ұйымдастырудың негізгі үш моделі бойынша сыныптайды.
Орталықтандырылған модель кезінде заңды түрде танылған цифрлық сәйкестендірудің жалғыз провайдері болып табылатын бір ұйым болады. Кейбір жағдайларда бұл цифрлық сәйкестендіруге негізделген халықты құжаттандырудың іргелі жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін ұйым болуы мүмкін. Басқа жағдайларда, бұл жеке басын растау көзі ретінде көптеген басқа мемлекеттік құжаттама жүйелерін қолданатын ұйым болуы мүмкін.
Федералдандырылған модель шеңберінде бірнеше провайдерлік ұйымдар орталықтандырылған платформа немесе делдал ретінде әрекет ететін жеке ұйым арқылы үйлестіруді немесе аккредиттеуді қамтамасыз ете отырып, заңды түрде танылған цифрлық сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайларда бұл провайдерлер жеке басын куәландыратын жалғыз дереккөз ретінде халықты құжаттаудың негізгі жүйесін пайдаланатын мемлекеттік және/немесе жеке ұйымдар болып табылады. Басқа жағдайларда провайдерлер делдалдық ұйым арқылы көптеген мемлекеттік дереккөздер мен құжаттама жүйелерін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |