Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет50/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткен адам немесе оның заңды өкілі, қамқоршысы не уәкілетті МО дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу талаптарының бұзылғаны, сондай-ақ осындай факті анықталғаны туралы өтініш берген кезде ІІМ жедел-криминалистикалық бөлімшесі өтінішті алған немесе осындай факт анықталған күні дактилоскопиялық ақпаратты бұғаттайды. Дактилоскопиялық ақпаратты бұғаттау тексеру іс-шараларын жүргізу және бұзушылықтарды жою кезеңінде жүзеге асырылады. Бұғатталған деректерге жүгінген кезде (мысалы, ақпарат алу мақсатында) «деректер бұғатталған» деген хабар шығады.94


ДД және БД иесіздендіру

ДД қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларының


2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ДД-ны иесіздендіру нәтижесінде ДД субъектісіне ДД тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын іс-әрекеттер болып табылды.
Иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор не үшінші тұлға оларды таратқанға дейін, ДД-ны өңдеудің қойылған міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін иесіздендіру тәсілімен ҚРЗ-ға қайшы келмейтін кез келген тәсілмен жүзеге асырады. Деректерді иесіздендіруді оператор деректерді жеткізуші дербес деректерді иесіздендіру рәсімін жүзеге асыра алмаған кезде жүргізеді. Деректерді иесіздендіру үшін оператор өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес қажетті шараларды қабылдайды.95 ДД жинау және өңдеу қағидаларының 23-тармағына сәйкес ДД және иесіздендірілген деректер меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға иесіздендіру рәсімін пайдаланған кезде бөлек сақталады.
Сонымен, дактилоскопиялық ақпаратты иесіздендіру:96
1) дактилоскопиялық ақпаратты беру және оның қорғалу деңгейін арттыру жағдайларында ықтимал залал деңгейін төмендету мақсатында;
2) ҚР заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
ҚР заңнамасына сәйкес иесіздендіру әдістерінің параметрлерін, сондай-ақ иесіздендіру және иесіздендіруді алу рәсімдерін қамтитын қызметтік ақпарат құпия болып табылатынын айта кету керек.
Иесіздендірілген деректерді сақтау кезінде алынған иесіздендірілген деректерді және иесіздендірудің таңдалған әдісі және иесіздендіру рәсімінің қолданылған өлшемдері туралы оларға қатысты қызметтік ақпаратты бөлек сақтау қамтамасыз етіледі.
Өз кезегінде, иесіздендірілген деректермен бірге иесіздендірудің таңдалған әдісі және иесіздендіру рәсімінің қолданылған өлшемдері туралы қызметтік ақпаратты беру кезінде көрсетілген мәліметтерді беру арнасының (тәсілінің) конфиденциалдылығы қамтамасыз етілуге тиіс.


ДД және БД жою

ДД-ны жою деп ДД-ны қалпына келтіру мүмкін болмайтын іс-әрекеттер түсініледі.97


Дерекқордан өзінің БД-сын жою ниеті туралы өтініш Мемлекеттік корпорацияның облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша филиалдарының кез келген қалалық (аудандық) халыққа қызмет көрсету бөліміне беріледі.
Дактилоскопиялық ақпарат оны сақтау мерзімі өткеннен кейін жойылады. БД жинаудан өткен жеке тұлға немесе заңды өкілі, әрекетке қабілетсіздігін сот анықтаған жеке тұлғаның қамқоршысы өзінің БД дерекқордан жою ниеті туралы өтініш берген кезде өтінішті алған күні жойылады.
ДД-ны жою ақпаратты жою не ДД материалдық тасымалдағыштарын жою арқылы жүзеге асырылады.98
Бояу әдісімен дактилоскопиялау нәтижесінде алынған қағаз дактилоскопиялық карта адамды дактилоскопиялық тіркеуден босату жағдайын қоспағанда, дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес көші-қон қызметінің қызметкерлері ХҚТ ТП акт бойынша енгізгеннен кейін жойылады.99
Сақтау мерзімі өткеннен кейін дактилоскопиялық ақпаратты ІІМ дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына
2-қосымшаға сәйкес акті бойынша жояды, оны бөлімше басшысы бекітеді.
Дактилоскопиялық ақпаратты жою актісінде мынадай деректер көрсетіледі:100

  1. дактилоскопиялық ақпаратты жою күні, негізі;

  2. тіркелген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жынысы, туған күні және жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

  3. жою әдісі;

  4. дактилоскопиялық ақпаратты жоюды жүзеге асырған қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет